Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:19

Әлиев Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды айыптағаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

алиев
Фото: из открытых источников

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды айыптағаны үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Әлиев бұл жөнінде X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялаған.

 «Нахчыванға иран мемлекеті тарапынан жасалған шабуылдарды айыптағаны және Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы бауырластық әрі одақтастық қарым-қатынастар рухында біздің елімізді қолдағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіремін», – делінген жазбада.

Еске сала кетейік, Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайға шабуыл жасағаннан кейін, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз ұстанымын жариялаған болатын.

Президенттің ұстанымы бауырлас әрі одақтас Әзербайжанға қарсы жасалған бұл әрекетті батыл түрде айыптауға негізделген.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Иранмен бірлесіп оқиғаны мұқият тергеуге және өңірдегі жағдайдың ушығып кетуіне жол бермеу үшін қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеуге үміт білдірді.