14:54, 18 Шілде 2024
Әлиев пен Пашинян Ұлыбританияда өтетін саммитке қатысады

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Еуропалық саяси қоғамдастықтың (EPC) төртінші саммитіне қатысу үшін Ұлыбританияға жұмыс сапарымен барды.
18 шілдеде әзірбайжандық БАҚ хабарлағандай, сапар Ұлыбритания Премьер-министрі Кейр Стармердің шақыруымен жүзеге асып отыр.
Бір күн бұрын Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Ұлыбританияға жұмыс сапарымен барғаны, онда ол ENP 4-ші саммитіне қатысатыны белгілі болды. Оның аясында Армения үкіметі басшысының халықаралық серіктестермен екіжақты кездесулері жоспарланған, деп хабарлады республиканың Министрлер кабинеті.
Әлиев пен Пашинянның EPC саммиті аясында кездесуі мүмкін екені туралы әзірге ақпарат жоқ.