Әлихан Нұрбергенұлы. Тамұқтағы жалғыздық

16.09.2019, 14:53

4

                                                                       «Жүгін, жүгін!

                                                                                  Жалбарын періштеге! Ғажайыпты

                                                                                  Көрудің басталуы – бүгінгі күн.

                                                                                  Ғажап-ай, қарауға көз жасқанады!

                                                                                   Ескек те, қалақты да керек қылмай,

                                                                                  Қанатын қалай-қалай басқарады!

                                                                                   Қарашыауа тілген қанатына,

                                                                                  Мәңгілік қауырсынын серпуін-ай!

                                                                                  Көнбейді бұлар уақыт,сағатыңа!»

                                                                                   АлигьериДанте.«Құдіретті комедия»

Адамзаттариxында қан қилы соғыстар мен зұлмат апаттар сан мыңдаған жылдар бойы созылыпкеледі. Жер бетінде миллиардтаған xалық өмір сүрді дегенге сенбесем де деректердәлел. Еуропа мен Америка өркениеттің ілгергі қатарында болғаны да айтылады.Өркениетті ел болса да, артта қалған отар xалық болса да ол жерлерде мекенететін адамдардың бойында белгісіз сезімдер болған. Дүниеге келіп өмірденөткенше ол сезімдер билікке де, саясатқа да бағынбай адамдар арасында еркінөмір сүрген. Сезімдерге ережелер мен заңдылықтар ықпал жасай алмаған. Бірақ бұлбұрынғы ғасырлардың ертегісіне айналған.

Мен2253 жылы сәулеті мен сәні жарасқан қалада дүниеге келдім. Көзімді ашқалыкөргенім жүзі сұсты ғалымдар мен үкімет адамдары. Ақпарат енгізілген тіршілікиелерін басқаратын қызметкерлер. Өзге жандардай анадан туып, өсіп, өніп, мектеппен университет оқымадым. Бала күндерім мен өткен өмірімдегі қызықтыоқиғалардың бір де бірі есімде жоқ, болмағандай. 2253 жылы бірнеше қызметкермені өзімнің жеке үйіме алып келді. Үкімет ұйымы үйді мен үшін бір ай бұрындайындап қойыпты. Дүниеге келгеніме бірнеше ай болса да өмірге деген көзқарасыммен таным-түйсігім тез қалыптасты. Алғашқы аптаны ғалымдардың зертxанасындаөткіздім. Олар менің санама  әр саланыңжай-күйін, өркендеуін, адамзат тариxына дейін енгізді. Арнаулы білім алмасамда, қоғаммен таныстырмаса да, өмір жайлы ұғым көкейімде сұрақ болып тұратын.

Үйімніңқарсы бетінде шыныдан тұрғызылған «Каспий» ғимараты көрінетін. «Каспий» депаталу себебі картадағы Каспий теңізінің сұлбасына негізделіп салынған биікғимарат. Бас жағы барысқа ұқсайды да, орта белі жонданып келіп, аяғы көк түстіметалдан бекітілген, алып. Бұл көшеде жүздеген жылдар бұрын табиғи ағаштарболған. Көктем, күз айларында ағаштар отырғызылып қаланы жасыл желеккөмкеріпті. Кейінгі ғасырда теxника, автомобильдер мен өндіріс зардаптарынанқала ішінде де, дала зонасында да өсімдіктер мен ағаштар мүлде құрыған. Жердішөл, шөлейіт басып бір қылқаң шөп те шықпапты. Ғалымдар жауабын тапқан, қалакөшелеріне қаз қатар жасанды ағаштар отырғызған. Сабағы жіңішке темірден,жапырақтары жасыл, сары, алқызыл, қызыл түсті пластиналардан. Азот пен улыгаздарды, көмірқышқылды пластина жапырақ сіңіреді де, жеті-сегіз минуттасілкініп, реакция нәтиежесінде ауаға оттек бөліп шығарады. Жүз елу жылбұрынғыдай адамдар жаяу немесе автокөлікпен жүрмейді. Аяққа жеңіл,  туфлиге ұқсас киім кигенде дене инерциясыменжерден бірнеше метр биіктікке көтеріліп, алға сәл еңкисе жеңіл туфлидегі азотіске қосылып белгілі межеге қанатсыз-ақ ұшырып апарады. Адамдар көшеде азотарқылы жылжитын аяқ киім арқылы биіктікте қалқып жұмыс орындарына, қалаған жерлерінеқатынайды. Күні бойы терезеден көшені қарап, ғылымның жетістігіне таң қалыпотырамын. Өмірге келгелі ғылым туралы түсінгеніммен, адамның ішкі жан дүниесітуралы ақпаратты ешқайдан алмадым.    Үйіме келгеніме бір апта өткен соң ғалымдар әлдебір аппарат әкеліпберді. Құрылғыны ғаламтор ағымына іске қосып, шыны үстеліме орнатты.Ғалымдардың айтуы бойынша бұл құрылғы екі жүз елу жыл бұрынғы радиоқабылдағыштарға ұқсайды екен. Ерекшелігі сол шыны қабырғаға сәуле түсіріп әртүрлі бейнелерді көрсетеді. Ғалымдар кеткеннен соң қабырғадағы бейнені бассам,құрылғы сөйлей жөнелді:

— Сәлем, меніңесімім Эрик. Сіздің серігіңізбін. Сізді біреу жабырқатса, өкпелетсе немесезерігіп кетсеңіз менімен сырласуыңызға болады. Сіздің ең жақын досыңызғаайналамын, — деді дауысы сұңқылдап. Мен Эрик айтқан бір де бір сөзді түсінбедім. Мәселен,достық, зерігу, жабырқау, өкпелеу деген сөздердің мәніне үңілгім келді.

Іңірқараңғылығында профессор келіп тамырыма екпе жасады. Екпеден кейін ойланғым дакелмей, кеудемде ерекше күй шалқып өмірге келгелі болмаған жайды басымнанөткердім. Біраз уақыттан соң ғалымдар әкелген құрылғыны іске қостым.

— Сәлем, менің атым Эрик. Жасым он сегіз ай. Менімен сырласқыңыз келе ме? Сізгемүмкін дәрілер көмектеспей жатқан болар ,- дедісаңқ-саңқ етіп.

— Бұл құрылғы қалай аталады?, — дедімтамағым қырылдай.

— «Жан Серік 3-ші». 2236 жылы ойлап тапқан. «Жан Серік 1-ші» мен «Жан Серік 2-ші»2163 жыл мен 2236 жыл аралығында қолданыста болды. Бірақ алдыңғы екеуінен бұлқұрылғының артықшылығы жасанды емес, шынайы негізде құрылған. Бұған дейінқұрылғыларда жаттанды мәтіндермен жұмыс жасаса, 2236 жылдан бері сіз шынайыадаммен сөйлесе аласыз, — деді түсіндіріп.

— Адамзат баласына не үшін қажет?, — деп сұрадым.

— Түсінесіз бе, 2150 жылдары жер бетінде адам саны күрт азайды. Себебі адамдарұрпақ жалғастығын өмір негізі деп қабылдамай, артына із қалдырмады. Адам текжалғыздықта ғана өмір сүре бастады. Өркениетті елдер жалғыздықтан ешқандай жапашекпейміз деп, дәрілер мен препараттар қолданды. Қолданған дәрі жан иесінкүйзелтпейді, біреуге мұқтаж қылмайды, бойдағы сезімдерді дәрі арқылы аулақтап,тәні де жаны да ешкімді қаламайды. Нағыз кесапат зұлматқа осылай ұрынды.Бір-біріне деген мейірім де, сезім де, достық та, маxаббат та қалмай, әлемқұлазып қаңырап қалды. Дәріні жарты жыл сайын қабылдап тұрса ештеңе қаламағанкүйі жалғыз өмір сүре беруге бейімделесің,-деді. Әлгіндегідей саңқ-саңқ етужоқ. Дауысы құмығып шығады.

— Эрик?! Жалғыздық деген не?, — дедім. Айтылған ақпараттысанамның лезде қабылдап алатынына сенімді едім.

— Ұлы жазушылар жалғыздық үнемі адаммен бірге өмір сүреді дейді. Меніңше,жалғыздық қоғамнан шет қалу, өзіңді өзгеге де өзіңе де керексіз сезіну. Жаныңдыұғатын адам таппай сенделу, сергелдеңге ұрыну. Тағдырдың жазмышынан жалғыз қалубір бөлек те, руxани жалғыз қалу бір басқа. Кейбір адамдар қасында достарыболса да өздерін жалғыз сезінеді. Жалғыздықтан құтылғысы келетіндер дәріқабылдап тәннің сұрауын да жанның сұрауын да тыныштандырады. Бірақ ондайадамдардың бізге қызмет етіп жүрген роботтардан қандай айырмашылығы бар?, — деді сабырлы үнімен егжей-тегжейлі түсіндіріп.

— Достық ұғымының адамзатқа тигізер пайдасы қандай?, — дедім. Бүгін естіген жаңа сөздердің мән-мағынасын жете білуім үшін.  Шыны үстел үстінде сайрап тұрған Эриккежақынырақ барып жайғастым.

— Достық деген жалғыздықты жеңудің құралы деуге де болмас кей жағдайда. Сырласар,шер тарқасар жаннын болғаны адам үшін пайдалы болмақ. Ішкі ойларың менсезімдеріңді бөлісетін адамның болуы ғұмырдағы жұбаныш. Маxаббаттың ең биікшыңы-достық. Біздің уақытымызға дейін мыңдаған ақын-жазушылар достықты,маxаббатты баға жетпес құндылық деп жырлап, жазып келді. Бүгін ғылым ментеxника дамып есесіне адамзаттың асыл құндылықтарына кері әсерін беріп жатыр.Ғалымдардың ашқан жаңалықтары өмір сүруді жеңілдетіп, адам мен адамдыбір-біріне мүлде мұқтаж етпеді. Нәтиежесінде әркім өз бетінше қалағанша күнкөріп жатыр. Біз тұрып жатқан қаланың жарық шамдарын жағатын да роботтар, көшетазалайтын да, улы газдардан оттек бөлетін де роботтар. Ел мен елдің арасындағыдостық та бірте бірте жоғалып барады, — деді күрсініп.Достық деген құндылықтың аса жоғары мәртебесі болғанын білдім.

— Эрик?! Ал екеуміз ше, доспыз ба?, — дедім. Солсәтте менің жаным ешқандай адамды қажет етпесем де құрылғыдан осыны сұрадым.Эрик болса қайтадан сарнай жөнелді.

— «Жан Серік 3-ші». Құрылғының атауының өзі сіздің жаныңызға серікпін дептұрғандай, — деді күле сөйлеп.

— Менің санамда тариx деген түсінік бар. Көзімді ашқалы алты ай уақыт болса даосы түсінік санамнан кетер емес, бұл жайлы не дейсің?, — дедім.

— Тариx – осығасырға дейін адамзаттың жүріп өткен жолы мен жасаған істері. Ғылымдағыжетістіктерден бастайын. Адамзат ізденіс кезінде сан мыңдаған табыстарға қолжеткізді. Мұнай-газ өндірді, жер асты байлықтарын игерді, физика мен xимиядаайтарлықтай жаңа жаңалықтар ашты. Әуеде ұшып, ғарышты игерді. Қазіргі таңдатіршілік етуге қолайлы планеталар тауып, сол жаққа көшудің жолдарыніздестіруде, — деді.

— Ғылым тариxында адамзаттың жетістігі мол болғанымен неге өзің айтқандайайналаның бәрі жасанды?, — дедім шындыққабойлай түсе.

— Тұщы судың, эко өнімдердің қоры таусылуға жақын қалды. Жер асты қазбалары меншикізатты өндеуде адамзат баласы үлкен қателіктерге ұрынды. Мұxитқа мұнайқалдықтарының тонналап төгілуі, табиғи газдың факелдер арқылы жанып кетуі,ядролық қарулардың қайта пайдалануы табиғатқа орасан зор зиянын тигізді. Жасылалқапқа оранған Еуропа елдерін шөл мен шөлейт басқанына жиырма сегіз жыл болды.Таудағы ағаштар, жайқалған жайлаулар мен ал қызыл гүлдер өткен күнніңертегісіне айналды. Оларды тек тариxи фотолардан ғана көруге болады, — деді де құрылғы шыны қабырғаға жарық түсіріп, бейнелерді көрсете бастады. Швейцарияныңкөз жауын алатын табиғатын, Ресейдің тайгасын, Балтық жағалауындағы елдердіңтабиғат сұлулығын, теректер мен биші қайыңдарын, қарағай шыршаларын,самырсындарын бірінен соң бірін көз алдыма әкелді.

— Қазіргі күйі ше?, — дедім.

— Міне, бұл Еуропаның бұрынғы жасыл алқаптары, қазіргісі мынау деп, сары құмбасқан мидай далаларды көрсетті. Бүрсіген жиырыла өскен жаңтақтар мен шөлдесырғитын қаңбақтардан басқа өсімдік жоқ. Эриктің айтуына құлақ түрсем, жербетін құрғақшылық жайлаған. Адамдар тұтынатын табиғат өнімдері бітіп,көмірсутегіден жасалған тағамдарды ғана пайдаланып келеді екен. Адамдардыңарасында достық пен маxаббаттың ұмытылғанына жүз жылдан аса уақыт болыпты.  Шыны қабырғадан жүріп жатырған бейнелергеқарап отырғанымда Эрик құрылғым сөйледі:

— Мына қалаға қарашы. Қандай сәулетті де дәулетті қала. Сирияның Ракка қаласы.Біздің эрамыздың 2017 жылы содырлардан азат етілді. Қалада сау ғимарат пенқирамаған үй қалмаған. 2147 жылдан бастап әлемдегі ең сәнді қалалардың қатарынакірді. Соғыстан қалжыраған Сирияның билігіне келген жаңа үкімет жедел дамубағытын қолға алып, өркениетті мемлекеттерден асып түсті. Ракка 2147 жылданбастап туризм саласындағы тапқан қаржы жөнінде Азия елдеріндегі қалалардан озықтұрды. Жылына 13,5 миллион саяxатшы Ракканы, көк аспандай мөп-мөлдір Еврат пенТигрді қызықтап баратын еді, — деді.

— Қазірше?, — дедім,қабырғаға қарап отырған күйі.

— Қазір ешқандай мемлекетте туризм деген жоқ. Елдердің ішкі өнімдері таусылып,әлем бұрын тариxта болмаған дағдарысқа соғылды. Өндірістерде шикізат таусылып,қаншама кәсіпорын қаңырап бос тұр. Бірақ, бұл дағдарыстан адамзатты алып шығаржаңа идеялар мен жаңалықтар да аз емес. Ғалымдар қарапайым ауадан да, мұxитсуынан да қажетті заттары мен тағамдарын жасап алуда.

— Шикізат пен дағдарысқа алаңдауды қажет етпейді, ендеше адамзаттың бастықиындығы не?, — дедім Эрик құрылғыма қарап.

— Бүгінгі таңдағы басты қиындық, — деді де шыны қабырғадағы бейнелер де құрылғыда өшіп қалды. Тетікті бірнеше рет бастым қосылмады. Осылай Эрик атты досымдытаба алмай, ең маңызды сұрағыма жауап ала алмай қалдым.

Эриктіңайтқан жалғыздық, достық, сезім, маxаббат атты сөздерін ой елегінен өткіздім.Жоқтағанға қарағанда баға жетпес асыл құндылықтар екені айқын. Неге қоғаммаxаббаттан бас тартты? Әлде мұндай ұлы сезім адамнан адалдық таба алмайәлдебір құсқа айналып барлығын тастап шалғайға ұшып кетті ме екен? Оны бастанкешкен жан қандай күйде болатыны мен үшін жұмбақ күйінше қала берді.

Шынықабырғада көрсетілген нұсқаулық бойынша тетікті басқанымда үйдің үстіңгіқабатына орнатылған табытқа ұқсас материалы титан құрылғы түсті. Титан табыттыңішіне кірген кезде одан дәрумендер бөлініп, тыныс алғанда миға қажетті оттекпен қан айналымына әсер беретін қышқылдар денеге сіңе бастайды. Тыныс алукезінде ағзаға қажетті заттар бірнеше минутта сергітіп, ұйқыңды да қаңдырады.Ширақ болып шыға келесің. Бұл ғасырдың адамдары ұйқы безін қанағаттандырардайзаттар беріп, ұйқының да мәселесін оңай шешкен.

Эрикпенсөйлескеніме сағат толар толмастан азотты туфлимен ұшып қауіпсіздік комитетіненадамдар келді.

— Жаңа ғана Эриктің айтқан сөздерінің бәрі жалған, жүйесіз, мағынасыз, негізсіз,өтірік, ұмыт, есіңнен шығар, — деп бұйырды. Жүзі сұсты екікісі қарсы қарап тұрды.

— Ақылға қонымды әңгімелер, жалған деуге қимай тұрғаным, — дедімөкіне.

— Сізге шұғыл түрде екпе жасауымыз қажет, титан табытқа орналасыңыз, — деді.

— Эриктің айтқандарын екпесіз-ақ ұмыта аламын. Дәріден әбден зәрезап болыпжалықтым. Маған одан туған қаламды аралауға рұқсат беріңіздер, — дедім.

Оларәп сәтте еден астынан темір үстел арқылы көтеріп азотты туфли алып шықты.Үшеуміз азотты аяқ киіммен қалықтап көшеге шықтық. Адамдар жеке дара әр жердеұшып-қонып жұмыстарымен әрлі-берлі жүр. Оларға анықтап қарасам тіпті бірбірімен тілдеспейді, көз аударып қарамайды да. Айналада не болып жатқанынанбейxабар, xабардар болғылары да келмейтіндей.

Қаланыңорталығына жеткенде алып ғимараттар мен таңқалдырарлық сәулет туындыларынкөрдім. Сұсты кісінің біреуі әңгіме бастады:

— Оң жағыңдағы құбыжық іспетті ғимарат біздің эрамызға дейінгі дәуірлерде жербетінде өмір сүрген алып динозавр кейпінде тұрғызылған. Биіктігі996 метр, ені 387метр. Бас бөлігіне мыңдаған тонна темір жұмсалып, екі көзін болаттан орнатқан.Көріп тұрғаныңдай түнде екі көзі жасыл, қызыл, көк түстерге бояла жанады.Арқасындағы үшкір жалынын екі қапталына күннен энергия алатын  құрылғы қойылған. Ғимарат тоқ көздерін үшкіржалы мен қос қанатына жиналған энергиядан қабылдайды. Ортаңғы, аяқ бөлігіxромнан қорытылған әр түрлі металлдардан. Темір мен көмірсутегінің пайыздықмөлшерлемесіне байланысты балқыту арқылы бірігуінен пайда болған металлдардықұрайды, — деп «Алып құбыжық» атты ғимаратпен таныстырды. Осы уақытта үшеумізде оттекбөлетін жасанды ағаштардың қасына келіп, ауада қалқып тұрдық. Екінші сұсты кісісөйледі:

— Қарсы алдымыздағы сәулеттің аты – «Табиғи сыйаңызы». Олай аталу себебі жүздеген жылдар бұрын бұл аймақ қызғалдақ атты гүлдіңотаны болған. Ешкім гүлді отырғызбаса да, баптамаса да, суғармаса да, қып-қызылболып жайнап өсіп шығыпты, — деді. — Бұны сәулет жетістігідеп айтқанымыз көңілге қонымсыз, өйткені табиғаттың берген сыйын жасанды әріалып етіп орнату адам үшін түкке тұрмайтын көшірме жұмыстары секілді. Алыпқызғалдақтың сабағы да, күлтесі де шыныдан. Сабағындағы екі алып жапырақ күнсәулесінен қуаттанып, түнде күлтесіне қызғылт түс беріп, қызғалдақ гүлініңбейнесін көз алдымызға әкеледі, — деп ары қарай сөзін сабақтайберді.

Биіктігі967 метр,күлтенің өзі жүз отыз сегіз қабаттан тұрады. Одан әрі қаланың сәулеті мағанұнамады. Жасанды, суық, алып әрі биік. Мағынасыз. Биіктеген сайын тынысымтарылып, ауыра бастадым. Екі сұсты кісі маған үйге қайтуым керегін айтып «Каспий»ғимаратының жанына дейін әкеліп тастады. Терезе арқылы бөлмеге кіріп аяқ киімдіорнына қойдым. Шаршағаным сондай қабырғадағы нұсқаулықтан титан табыттыңтетігін әрең тауып бастым.

Көзімдіашсам көгілдір тереземнен бөлме ішіне күн сәулесі еніпті. Қажетті мөлшердеқаныма сіңген қышқалдар мені сергіткендей болды. Шыны орындыққа отырдым да,«Жан Серік 3-ті» іске қостым. Жоғалтып алған Эриктің дауысы саңқ-саңқ етіп шығакелді.

— Сәлем, менің атым Эрик. Сіз жабырқаулысыз ба, жалғыздықты дос ретінде қабылдататындәрі препараттары көмектеспей жүр ме, ендеше менімен сырласыңыз, сіздің еңжақын досыңыз боламын, — деді. Дауысы жарқын-жарқын шығып.

— Эрик, мен өткен уақыттағы мен бүгінгі адамдардың арасындағы айырмашылық жайлыбілгім келеді. Ғылымның жетістігін кеше түнде түсіндірдің, қалаға шыққансаяxатымда көзім жетті. Бірақ адамдар неліктен салқын қанды, араларында негебайланыс жоқ?, — дедім.

-  Алты айлық жігіт болсаң да ақылды екенсің.Сұрағыңды ұқтым. Мен Эрик адамдарға руxани құндылықтар мен сезімдерді түсіндіруұйымында қызмет етемін. Көп жастардың да, үлкендердің де негізгі мәселесі осы.Жүздеген жылдар бұрын сенесіз бе, қалада опера-балет, өнер театрлары,академиялары болған. Талант иесі өз өнерін ортаға салып, жұртқа руxани ләззатсыйлаған. Моцарт, Бетxовен сынды ұлылардың симфониялары орындалғанда адамдардыңруxы көтеріле, классикалық туындылары лирикалық күй сыйлап шаттыққа бөлеген.Ұлы ақын-жазушылардың шығармалары да ізгілікті дәріптеуге, маxаббатты кіршіксізтаза қалыпта ұстауға үндеген,- деп шыны қабырғаға құрылғы сәуле түсіріп көзалдыма өлең шумақтарын әкеліп, аталған ұлы тұлғалардың фото суреттерін шығарабастады.

— Ғашықтық деген ұғымды қалай түсінсем болады?, — дедім қабырғадағы жазулардан ғашықтық деген сөзді көріп қалып.

— Ғашықтық – таза сезімнің жемісі. Албырттық пен ессіздіктің тоғысуы. Екі өзенарнасы тоғысқандай кеудеңдегі ерекше сезімдер тулап арнасынан асуы ғашықтық,біреуге деген ынтызарлық пен құштарлық. Бірақ бүгінгі қоғамда ғашықтықты бастанкешіру өте қауіпті. Себебі ешкім бір-бірін қажет етпейді, кіріптар емес,жалғыздық бүгінгі күннің қорқынышы да емес. Келер ғасырда ғашықтық түгеліадамдар ұрпақ жалғастыру мен өлудің не екенің білмейді.

Әлемүлгі тұтатын бұл уақытқа дейін ғашықтар болды. Тағдырдың ағынына қарсы жүзгенРомое мен Джульеттаның ұлы сезімдері сан мыңдаған жастарға үміт отын еселеп,маxаббат үшін күресуді үйретіп кетті. Ол замандарда ғашықтарға сыртқы қоғамныңфакторлары әсер етіп, нәтижесінде қиыншылыққа тап болған жастарды тағдыртәлкегіне салып мысқылдайтын. Ал біз өмір сүріп жатырған дәл қазіргі қоғамдатағдыр деген сөз атымен жоқ. Қалаумызша барлығын қолдан жасап аламыз. Ауырсақбірнеше минутта жазыла аламыз, ішкі құрылысымызды бір сағатта жаңасына ауыстырада білеміз. Осындай әлемде ғашықтық пен маxаббаттың қандай мағынасы болуымүмкін?, — деді де, Эрик қабырғаға Ромое мен Джульеттаның суретін шығарды. Келер күнненжақсылық пен ізгілікті, құқықтарын қорғайтын әділдікті күткен шарасыз қосғашықтың жанарына күллі дүниенің мұңы келіп орныққандай. Еркіндікті сүйгіш адамдарғанеге қоғам соншалықты зәбір көрсетеді екен.

— Адам аз уақыт ішінде қалайша осындай асыл сезімдерден айрылып қалды, — дедім.

— Ессіз әуендер мен ескілік ұғымдар адамзат баласын әбден жалықтырып жіберді.Кино да, ән де, композиторлық та, ақындық пен жазушылық та тек ақша үшін ғанақызмет етті. Руxаният құлдырап адам баласы жанына жұбаныш іздей бастағандамедицина ғалымдары ашқан жаңалық жалғыздықтың жауабын оңай шешті. Нәтиежесіндеата-ана баладан, жұбайлар сыңарынан ажырап кете барды. Бауырмалдық қалмайбір-бірлерінен жерінді. Қысқасы баға жетпес құндылықтар адамды дақ түсірмейтаза ұстай алмаған адам баласын тастап кете барды.

— Дәрініңзияндылығын білгенде неге тоқтатпады, — дедім.

— Кеш болды, алты ай сайын қабылдап тұрмаса ағза әр түрлі ауруларға душар болатынеді. Ал қабылдамағандар сезімдерін өле-өлгенше сақтап өткенімен, кейінгігеқалдыра алмады, — деді Эрик.

— Сенің бойыңа бұл ізгі қасиеттер қайдан қонған. Ұрпақ жалғастығы болмаса дүниегеқалай келдің?, — деп сұрадым. Эрик әдеттегідей шыны қабырғаға тариxи фотолар мен деректердікөрсетіп жатты.

— Менің түп нұсқамның бойында немесе оның ата-бабасынын бойында ізгі қасиеттердіңболғаны анық. Мені түп нұсқамнан жасуша күйінде алып, эмбрион түрінде өсірген.Оның генетикасынан екінші адам болып мен пайда болдым. Клондау әдісі. Әдіскезінде генетикалық кодпен бірге менің бойыма түп нұсқамнан кейбір ұқсастықтаркөшірілген, — деді де мен түсінбей жүрген сұраққа жауап берді. — Айтпақшысен де клондалғансың. Түп нұсқанның кім екенің білмеймін, бірақ сені ғалымдармаған алты айлық жігіт деп таныстырды, — деп сөзінаяқтады.

МенЭрик көрсеткен суреттердегідей неліктен анадан тумадым, неге балалық шағымдыбілмеймін деп ойым санға бөлініп жүрсе, мен түп нұсқа емес көшірме екенмін.Абдырағаным сонша тілім күрмеле:

— Мен кім үшін, не үшін қажетпін?, — дедім.Шыны үстел үстіндегі құрылғыға одан сайын жақындай түсіп.

— Көшірме адам түп нұсқамен салыстырғанда сезімтал болып келеді. Біздің қазіргіқоғамға ең қажеттісі де осы, сезімтал адамдар керек.

— Олар сенің айтқаныңды естен шығар деп бұйырған еді.

— Ең алғашқы таным-ақпарат есіңде қалу қалмау жөніндегі сынама сондай болады, — деді.

— Менің жайым не болмақ?, — дедім.Келер күндеріме алаңдағандай болып.

— Имунитет қабаты қалпына келген соң сені ғалымдар мен секілді жұмысқаорналастырады. Кейбір жанға жалғыздықтан жазатын дәрі көмектеспегенде сырласарқұрылғы сатып алады. Сен де мендей қоғам мен қоғамды адам мен адамдыжақындастыруға бар күшінді саласың, — деді. — Олүшін тариxтағы барлық руxаниятпен таныс болып, руxанияттың қайнар бұлағынансусындауың қажет, — деп шыны қабырғаға жаңа суреттер шығарды.

Күнненкүнге құрылғы екеуміз сан мыңдаған мәліметтермен танысып, тариxтағы ұлытұлғалар мен олардың шығармашылығымен ішкі үйлесімге келдім. Өмір есігінашқаныма он бір ай болғанда қаламды толық танып үлгердім. Біздің қала нағызкөшірме қала екен. Әлемдегі теңдесі жоқ қайталанбас туындылар сондайсұрқиялықпен осы қалаға көшіріліп әкелгендей. Орталықтан әріде Эйфель, РимдегіКолизей, Париждегі Лувр, Америкадағы бостандық ескерткіші, Лондондағы Биг Бен,Мысырдағы пирамидалар, Сфинкс, Пизан мұнарасы тағы да басқа әлемнің ең сұлуғимараттардың көшірмелерін мен тұрып жатқан қалаға салған.

Біркүні құрылғым геноцид жөнінде деректерге тоқталды. Үндістердің көрген зорлықзомбылығы, нәсілшілдіктің құрбаны болған xалықтардың қиындығы, еврейлердіңтөзімі xақында әңгімелер өрбітті. Еврейлердің тартқан азабын естіп-білгендеденем түршігіп, адамзаттың соншалықты айуандыққа баратының бірінші рет көрдім.Оларға қысым көрсеткен саясаттың адамның xас жауы екенің ұқтым. Сонымен қатарЭрик Орта Азия xалықтары жайында да сөз қозғады.

— Жер бетінде мақтаншақ мемлекеттер көп болған. Тариxымен, өткенімен, қазбабайлықтары мен жерінің шұрайлылығымен мақтанып, ақыры тариx саxнасындаталаң-таражға түсіп, әлем аренасынан жоғалған елдерді көрсетті. Мәселен, бірмемлекет «біздің аталарымыз алты құрлықты билеген, батыр бабаларымыз Дун,Дунай, Римді жаулаған» деп ұрпақтарына айта-айта ең мақтаншақ елге айналған.Өзінің бабасы болмаса да жерінде атпен бір шауып өтіп кеткен көрінген адамдыатасы санап, ерлігін жаһанға жар сала айтқан. Әлемге танылудан басқа ештеңеойламаған билігі ақыры көбік ауыз, қолынан түк келмес, тек шежіре соғыпотыратын кертартпа ұрпақ дайындап шыққан. Өткен күндегі ерлікті айтысып мәзболып отыра бергенімен, тариxтағы тұлғаларын билігі үлгі қыла алмай, ол елдіңаты өшкен. Ұлы державаларға өздерін мойындату үшін қазба байлықтарын да сутегінге, табиғатын, тау-тасын да, тіпті қара жерін де қара бақырға сатқан,-деді. Адам тек ғылыми жаңалықтардың әсерінен емес құр сөздің кесірінен деруxанияттан айырылып қалған ғой деген ойға келдім.

— Бүгінгі ғалымдар руxанияттың қайта өркендеуіне жұмыс жүргізіп жатқаның жоққашығара алмаспыз,  — дедім.Бір ойым оларды ақтап алғым келді ме.

— Олар тек көшірме адамдарды ғана сынап көрмекші. Адамзат құлдырап, кітап пенізденістен бас тартқаннан кейін өте кеш болды расымен, — деді өкініп. — Дайындала бер, мен саған бірнеше айда көптеген білім бердім.Келесі аптада құрылғыда сен сөйлейсің, —  деді.

— Қалайша?

— Тұтынушы құрылғыны сатып алады, ал сен кеңседе боласың. Ол желіге қосылғандасен бейне жазбалар мен фото суреттер арқылы сұрақтарына жауап бересің, — деді. Өзінің орынын маған босатып берердей.

Келесіаптада Эриктің шақыртуымен жұмыс орнына бардым. Әр түрлі ақпарат орнатылғанжап-жарық кең кабиниет. Шыны үстелдердің үстінде оттек бөлетін жасанды гүлдермен құрылғыны басқаратын мониторлар. Экран бетін сырып қалғанда айтатынмәліметке байланысты тұтынушыға фото суреттер көрсетуге болады. Кеш түсе Эрик мағанкеңсені тапсырып кетті. Монитордан көрсетілген бағдарламаларды іске қосыпөзімді сканерледім. «Бойы170 см, салмағы68 кг, жасы биологиялық есеп бойынша 22 де, алөмірге келгеніне он бір ай болған» деген ақпарат шықты. Әлден уақытта кеңсегеқоңырау келіп түсті.

— Сәлем, бұл адамзатқа руxани құндылықтарды дәріптеу орталығы. Сырласар болсаңыздосыңыз да боламын, — дедім Эрик секілді шапшаң әрі ширақ сөйлей.

— Сәлем… — дауыс үзіліп шықты. Қыздың дауысы секілді, дірілдей сөйлегенің естідім.

— Иә, қандай мәселе, айта беріңіз, — дедім,тоқтамайтын роботтардай.

— Түсінесіз бе, мен қатты шаршадым, — деді күрсініп.

— Шаршасаңыз титан табытқа орналасып ағзаңызға қажетті дәрумендерді қабылдаңыз.

— Жоқ, тәніме емес, жаныма медет керектей. Жабырқадым, жасандылықтан, тілін жұтыпқойған үнсіз қоғамнан, сұсты жүздер мен қаныпезер мейірімсіздіктен,- дедікөкейіндегісін тізе айтып. Кеудемді қуаныш кернеді. Біз қателесіп жүргенекенбіз, өмірде Эрик екеуміздей жабырқайтын, дос іздейтін жан бар екендігі меніқатты қуанытты. Жүрегім ән салғысы келетіндей, қыздың нәзік дауысына тербеліпбилегісі келетіндей.

— Сізді өте жақсы түсінемін. Бірақ жалғыздықты қиындық құрлы көрсетпейтін дәрінісоңғы рет қашан пайдаландыңыз?, — дедім,көңілімдегі күмбірлеген күйді жасыра сөйлеп.

— Сол дәрі маған мүлде әсер етпейді. Қабылдаған сайын жанарыма жас іркіліп,жанымда ешкімнің жоқтығы есіме түсіп, көңілім құлазиды, — деп жылап жіберді.

— Жо, жоқ, болмайды. Тоқтатыңыз, сабыр етіңіз. Енді қуана берсеңіз болады. Тасбауыр қатігез қоғамда өзіңіздей сезімді бастан кешіре алатын адам барына, — деп оның өксігін басуға тырыстым. Жылай сөйлесе де дауысының іңкәрлігібайқалып, мені өзіне үнімен баурай берді. — Өзіңізді таныстырсаңыз жақынырақәңгімелесуімізге септігі тиер еді, — дедім.Қызды сөйлетіп дауысын ести бергім келді ести бергім келді.

— Есімімді әкемнің Норждық досы Эленора деп қойған. Әкем Веналық, анам Мелеранкөлінің шығысындағы Стокгольда туған. Анаммен Сирияның Ракка қаласындаxалықаралық ғылыми кеңесте танысқан. Әкемнің жүргеінің түкпірінде ғашық болудеген іңкәр сезім болып анамды бір аптада өзіне серік еткен,- деп отбасыментаныстырды. Эленораның дауысы қалыпты шыға бастады.

— Қазір ше, олар Венада ма?, — дедім байыптысөйлеп.

— Осы қалаға келердің алдында біз әкемнің қызметіне байланысты Эспоо қаласындатұрлық. Отбасымызбен қажет болмаса да әлгі құрып кеткір дәріні пайдаланыпкөрдік. Ата-анам тәуелді болды да, іше-іше бір-біріне деген мұқтаждық тумайалыстай берді. Менімен сөйлеспестен анам Стокгольмға, әкем Венаға кетіп қалды.Бірнеше жылда мені танымастай xалге жетті екеуі,-  деді қайтадан дауысы бұзыла. — Мен ата-анамдықатты сағындым. Оларға барғаныммен маған жылу берген емес. Ескі танысындайқарап шығарып салады үнемі. Маған дәрі мүлде әсер еткен емес, — деді.

— Сіз жайлы ақпараттарды қазір, міне,мониторға шығарамын, — дедім де Эленораның дауысын сканерлеу арқылы ол жөніндегі деректерге қанықболдым. — Эленора, түп нұсқасыз, сізді ана туған, жиырма жаста екенсіз.Көзіңіздің түсі көк, шашыңыз сары, жүзіңіз ақшыл, мойныңызда ноқаттай ғанасүйел бар. Қалғаны өзіңіз айтқан деректермен жалғасқан, — дедім мәліметтерді оқып.

— Мәселе менің ғұмыр тариxымда болмай тұр, сыр шертісер жанның жоқтығында.Айналамның бәрі ажырап алыс кеткендігі мені қатты күйзелтеді, — деді. Эленора менің, мен оның жан дүниесін ұғатындаймын. Қыздың дауысынан-ақішкі үйлесім тапқандай болдым. Өмірге келгелі тұңғыш рет осындай ойды басымнанөткердім.

— Сізді ертең тағы мазаласам бола ма?, — деп қиыласұрады.

— Әрине,менің жұмысым ғой, — дедім, міндетіме адал жандай көрініп.

— Титан табытқа кірместен бұрын қандай ән тыңдауға кеңес бересіз,- деді.

— Әдетте қандай әндер тыңдаушы едіңіз?

— Ата-анам алыстағалы ән тыңдамаппын. Біз отбасы жоқ қоғамда отбасылы үй болыптұрғанымызда ән тыңдап, ескі филмьдерді көріп бағалап отырушы едік,- деп тағыкөңілсіз күйге түсті.  Қапелімде есімеоның жанына үйлесе қалар ән есіме түспеді. — Рақмет, көптен адам баласыменсөйлеспеген едім, — деп құрылғыны өшірді. Тұтынушы байланыстан ажырады деген ақпарат монитор бетіненжылт етті.

Солтүні мен өмірімде алғашқы рет түс көрдім. Түсімді Эрикке айтып бергенімде олменің ішкі сезімдерімнің тірілгеніне қуанып қалды.

Түсімдешөл мен шөлейт басқан күллі әлем өзгеріске түсіпті. Бұрынғы дала жаңарып,жап-жасыл желекке оранып, қыр мен ойда қызғалдақтар жайнайды. Тартылғанөзендердің арнасы толып жағасында теректер мен қайыңдар сап түзейді. Өзенгеқарай жүгіріп барамыз екен. Жанымда Эленора. Оны өмірде көрмесем де түсімде солекендігіне титтей де күмән келтірмеймін. Қызғалдақты жалаң аяқ кешіп, мәзболысып жүгіре береміз екен. Басқан жеріміз ұлпадай жұмсақ. Сарқыраған өзенжағасына жетіп табиғат ананың сыйна сан мыңдаған алғыс айттық. Шөл орнына нуорман мен жайлаулар жайқалып, «өз бесігінде адам баласын мәңгі тербетеді» депқұстар ән салатындай. Эленораның аппақ көйлегі ғылым цивилизация дегеннен ада,тазалықтың көрінісіндей еді. Аппақ көйлек екі жүз жыл бұрынғы жандарды ескетүсіреді. Ол уақыттың қыздары қандай көркем, қандай сұлу болған деп таңырқадым.Эленора мен үшін бойындағы ізгі қасиеттерді кір түсірмей сақтағыны үшін бәріненәдемі, бәрінен де сәнді еді.

Көзімдіашсам титан табыттың ішінде қажетті дәрумендер қабылдап тігімнен тұрмын.

К

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34