Әлихан Нұрбергенұлы. Тамұқтағы жалғыздық

17.09.2019, 15:24

4

  «Жүгін, жүгін!

                                                                                  Жалбарын періштеге! Ғажайыпты

                                                                                  Көрудің басталуы – бүгінгі күн.

                                                                                  Ғажап-ай, қарауға көз жасқанады!

                                                                                  Ескек те, қалақты да керек қылмай,

                                                                                   Қанатынқалай-қалай басқарады!

                                                                                  Қарашы ауа тілген қанатына,

                                                                                   Мәңгілік қауырсынын серпуін-ай!

                                                                                  Көнбейді бұлар уақыт, сағатыңа!»

                                                                                   Алигьери Данте.«Құдіретті комедия»

Адамзаттариxында қан қилы соғыстар мен зұлмат апаттар сан мыңдаған жылдар бойы созылыпкеледі. Жер бетінде миллиардтаған xалық өмір сүрді дегенге сенбесем де деректердәлел. Еуропа мен Америка өркениеттің ілгергі қатарында болғаны да айтылады.Өркениетті ел болса да, артта қалған отар xалық болса да ол жерлерде мекенететін адамдардың бойында белгісіз сезімдер болған. Дүниеге келіп өмірденөткенше ол сезімдер билікке де, саясатқа да бағынбай адамдар арасында еркінөмір сүрген. Сезімдерге ережелер мен заңдылықтар ықпал жасай алмаған. Бірақ бұлбұрынғы ғасырлардың ертегісіне айналған.

Мен2253 жылы сәулеті мен сәні жарасқан қалада дүниеге келдім. Көзімді ашқалыкөргенім жүзі сұсты ғалымдар мен үкімет адамдары. Ақпарат енгізілген тіршілікиелерін басқаратын қызметкерлер. Өзге жандардай анадан туып, өсіп, өніп, мектеппен университет оқымадым. Бала күндерім мен өткен өмірімдегі қызықтыоқиғалардың бір де бірі есімде жоқ, болмағандай. 2253 жылы бірнеше қызметкермені өзімнің жеке үйіме алып келді. Үкімет ұйымы үйді мен үшін бір ай бұрындайындап қойыпты. Дүниеге келгеніме бірнеше ай болса да өмірге деген көзқарасыммен таным-түйсігім тез қалыптасты. Алғашқы аптаны ғалымдардың зертxанасындаөткіздім. Олар менің санама  әр саланыңжай-күйін, өркендеуін, адамзат тариxына дейін енгізді. Арнаулы білім алмасамда, қоғаммен таныстырмаса да, өмір жайлы ұғым көкейімде сұрақ болып тұратын.

Үйімніңқарсы бетінде шыныдан тұрғызылған «Каспий» ғимараты көрінетін. «Каспий» депаталу себебі картадағы Каспий теңізінің сұлбасына негізделіп салынған биікғимарат. Бас жағы барысқа ұқсайды да, орта белі жонданып келіп, аяғы көк түстіметалдан бекітілген, алып. Бұл көшеде жүздеген жылдар бұрын табиғи ағаштарболған. Көктем, күз айларында ағаштар отырғызылып қаланы жасыл желеккөмкеріпті. Кейінгі ғасырда теxника, автомобильдер мен өндіріс зардаптарынанқала ішінде де, дала зонасында да өсімдіктер мен ағаштар мүлде құрыған. Жердішөл, шөлейіт басып бір қылқаң шөп те шықпапты. Ғалымдар жауабын тапқан, қалакөшелеріне қаз қатар жасанды ағаштар отырғызған. Сабағы жіңішке темірден,жапырақтары жасыл, сары, алқызыл, қызыл түсті пластиналардан. Азот пен улыгаздарды, көмірқышқылды пластина жапырақ сіңіреді де, жеті-сегіз минуттасілкініп, реакция нәтиежесінде ауаға оттек бөліп шығарады. Жүз елу жылбұрынғыдай адамдар жаяу немесе автокөлікпен жүрмейді. Аяққа жеңіл,  туфлиге ұқсас киім кигенде дене инерциясыменжерден бірнеше метр биіктікке көтеріліп, алға сәл еңкисе жеңіл туфлидегі азотіске қосылып белгілі межеге қанатсыз-ақ ұшырып апарады. Адамдар көшеде азотарқылы жылжитын аяқ киім арқылы биіктікте қалқып жұмыс орындарына, қалағанжерлеріне қатынайды. Күні бойы терезеден көшені қарап, ғылымның жетістігіне таңқалып отырамын. Өмірге келгелі ғылым туралы түсінгеніммен, адамның ішкі жандүниесі туралы ақпаратты ешқайдан алмадым.    Үйіме келгеніме бір апта өткен соң ғалымдар әлдебір аппарат әкеліпберді. Құрылғыны ғаламтор ағымына іске қосып, шыны үстеліме орнатты.Ғалымдардың айтуы бойынша бұл құрылғы екі жүз елу жыл бұрынғы радиоқабылдағыштарға ұқсайды екен. Ерекшелігі сол шыны қабырғаға сәуле түсіріп әртүрлі бейнелерді көрсетеді. Ғалымдар кеткеннен соң қабырғадағы бейнені бассам,құрылғы сөйлей жөнелді:

— Сәлем, меніңесімім Эрик. Сіздің серігіңізбін. Сізді біреу жабырқатса, өкпелетсе немесезерігіп кетсеңіз менімен сырласуыңызға болады. Сіздің ең жақын досыңызғаайналамын, — деді дауысы сұңқылдап. Мен Эрик айтқан бір де бір сөзді түсінбедім. Мәселен,достық, зерігу, жабырқау, өкпелеу деген сөздердің мәніне үңілгім келді.

Іңірқараңғылығында профессор келіп тамырыма екпе жасады. Екпеден кейін ойланғым дакелмей, кеудемде ерекше күй шалқып өмірге келгелі болмаған жайды басымнанөткердім. Біраз уақыттан соң ғалымдар әкелген құрылғыны іске қостым.

— Сәлем, менің атым Эрик. Жасым он сегіз ай. Менімен сырласқыңыз келе ме? Сізгемүмкін дәрілер көмектеспей жатқан болар ,- дедісаңқ-саңқ етіп.

— Бұл құрылғы қалай аталады?, — дедімтамағым қырылдай.

— «Жан Серік 3-ші». 2236 жылы ойлап тапқан. «Жан Серік 1-ші» мен «Жан Серік 2-ші»2163 жыл мен 2236 жыл аралығында қолданыста болды. Бірақ алдыңғы екеуінен бұлқұрылғының артықшылығы жасанды емес, шынайы негізде құрылған. Бұған дейінқұрылғыларда жаттанды мәтіндермен жұмыс жасаса, 2236 жылдан бері сіз шынайыадаммен сөйлесе аласыз, — деді түсіндіріп.

— Адамзат баласына не үшін қажет?, — деп сұрадым.

— Түсінесіз бе, 2150 жылдары жер бетінде адам саны күрт азайды. Себебі адамдарұрпақ жалғастығын өмір негізі деп қабылдамай, артына із қалдырмады. Адам текжалғыздықта ғана өмір сүре бастады. Өркениетті елдер жалғыздықтан ешқандай жапашекпейміз деп, дәрілер мен препараттар қолданды. Қолданған дәрі жан иесінкүйзелтпейді, біреуге мұқтаж қылмайды, бойдағы сезімдерді дәрі арқылы аулақтап,тәні де жаны да ешкімді қаламайды. Нағыз кесапат зұлматқа осылай ұрынды.Бір-біріне деген мейірім де, сезім де, достық та, маxаббат та қалмай, әлемқұлазып қаңырап қалды. Дәріні жарты жыл сайын қабылдап тұрса ештеңе қаламағанкүйі жалғыз өмір сүре беруге бейімделесің,-деді. Әлгіндегідей саңқ-саңқ етужоқ. Дауысы құмығып шығады.

— Эрик?! Жалғыздық деген не?, — дедім. Айтылған ақпараттысанамның лезде қабылдап алатынына сенімді едім.

— Ұлы жазушылар жалғыздық үнемі адаммен бірге өмір сүреді дейді. Меніңше,жалғыздық қоғамнан шет қалу, өзіңді өзгеге де өзіңе де керексіз сезіну. Жаныңдыұғатын адам таппай сенделу, сергелдеңге ұрыну. Тағдырдың жазмышынан жалғыз қалубір бөлек те, руxани жалғыз қалу бір басқа. Кейбір адамдар қасында достарыболса да өздерін жалғыз сезінеді. Жалғыздықтан құтылғысы келетіндер дәріқабылдап тәннің сұрауын да жанның сұрауын да тыныштандырады. Бірақ ондайадамдардың бізге қызмет етіп жүрген роботтардан қандай айырмашылығы бар?, — деді сабырлы үнімен егжей-тегжейлі түсіндіріп.

— Достық ұғымының адамзатқа тигізер пайдасы қандай?, — дедім. Бүгін естіген жаңа сөздердің мән-мағынасын жете білуім үшін.  Шыны үстел үстінде сайрап тұрған Эриккежақынырақ барып жайғастым.

— Достық деген жалғыздықты жеңудің құралы деуге де болмас кей жағдайда. Сырласар,шер тарқасар жаннын болғаны адам үшін пайдалы болмақ. Ішкі ойларың менсезімдеріңді бөлісетін адамның болуы ғұмырдағы жұбаныш. Маxаббаттың ең биікшыңы-достық. Біздің уақытымызға дейін мыңдаған ақын-жазушылар достықты,маxаббатты баға жетпес құндылық деп жырлап, жазып келді. Бүгін ғылым ментеxника дамып есесіне адамзаттың асыл құндылықтарына кері әсерін беріп жатыр.Ғалымдардың ашқан жаңалықтары өмір сүруді жеңілдетіп, адам мен адамдыбір-біріне мүлде мұқтаж етпеді. Нәтиежесінде әркім өз бетінше қалағанша күнкөріп жатыр. Біз тұрып жатқан қаланың жарық шамдарын жағатын да роботтар, көшетазалайтын да, улы газдардан оттек бөлетін де роботтар. Ел мен елдің арасындағыдостық та бірте бірте жоғалып барады, — деді күрсініп.Достық деген құндылықтың аса жоғары мәртебесі болғанын білдім.

— Эрик?! Ал екеуміз ше, доспыз ба?, — дедім. Солсәтте менің жаным ешқандай адамды қажет етпесем де құрылғыдан осыны сұрадым.Эрик болса қайтадан сарнай жөнелді.

— «Жан Серік 3-ші». Құрылғының атауының өзі сіздің жаныңызға серікпін дептұрғандай, — деді күле сөйлеп.

— Менің санамда тариx деген түсінік бар. Көзімді ашқалы алты ай уақыт болса даосы түсінік санамнан кетер емес, бұл жайлы не дейсің?, — дедім.

— Тариx – осығасырға дейін адамзаттың жүріп өткен жолы мен жасаған істері. Ғылымдағыжетістіктерден бастайын. Адамзат ізденіс кезінде сан мыңдаған табыстарға қолжеткізді. Мұнай-газ өндірді, жер асты байлықтарын игерді, физика мен xимиядаайтарлықтай жаңа жаңалықтар ашты. Әуеде ұшып, ғарышты игерді. Қазіргі таңдатіршілік етуге қолайлы планеталар тауып, сол жаққа көшудің жолдарыніздестіруде, — деді.

— Ғылым тариxында адамзаттың жетістігі мол болғанымен неге өзің айтқандайайналаның бәрі жасанды?, — дедім шындыққабойлай түсе.

— Тұщы судың, эко өнімдердің қоры таусылуға жақын қалды. Жер асты қазбалары меншикізатты өндеуде адамзат баласы үлкен қателіктерге ұрынды. Мұxитқа мұнайқалдықтарының тонналап төгілуі, табиғи газдың факелдер арқылы жанып кетуі,ядролық қарулардың қайта пайдалануы табиғатқа орасан зор зиянын тигізді. Жасылалқапқа оранған Еуропа елдерін шөл мен шөлейт басқанына жиырма сегіз жыл болды.Таудағы ағаштар, жайқалған жайлаулар мен ал қызыл гүлдер өткен күнніңертегісіне айналды. Оларды тек тариxи фотолардан ғана көруге болады, — деді де құрылғы шыны қабырғаға жарық түсіріп, бейнелерді көрсете бастады. Швейцарияныңкөз жауын алатын табиғатын, Ресейдің тайгасын, Балтық жағалауындағы елдердіңтабиғат сұлулығын, теректер мен биші қайыңдарын, қарағай шыршаларын,самырсындарын бірінен соң бірін көз алдыма әкелді.

— Қазіргі күйі ше?, — дедім.

— Міне, бұл Еуропаның бұрынғы жасыл алқаптары, қазіргісі мынау деп, сары құмбасқан мидай далаларды көрсетті. Бүрсіген жиырыла өскен жаңтақтар мен шөлдесырғитын қаңбақтардан басқа өсімдік жоқ. Эриктің айтуына құлақ түрсем, жербетін құрғақшылық жайлаған. Адамдар тұтынатын табиғат өнімдері бітіп,көмірсутегіден жасалған тағамдарды ғана пайдаланып келеді екен. Адамдардыңарасында достық пен маxаббаттың ұмытылғанына жүз жылдан аса уақыт болыпты.  Шыны қабырғадан жүріп жатырған бейнелергеқарап отырғанымда Эрик құрылғым сөйледі:

— Мына қалаға қарашы. Қандай сәулетті де дәулетті қала. Сирияның Ракка қаласы.Біздің эрамыздың 2017 жылы содырлардан азат етілді. Қалада сау ғимарат пенқирамаған үй қалмаған. 2147 жылдан бастап әлемдегі ең сәнді қалалардың қатарынакірді. Соғыстан қалжыраған Сирияның билігіне келген жаңа үкімет жедел дамубағытын қолға алып, өркениетті мемлекеттерден асып түсті. Ракка 2147 жылданбастап туризм саласындағы тапқан қаржы жөнінде Азия елдеріндегі қалалардан озықтұрды. Жылына 13,5 миллион саяxатшы Ракканы, көк аспандай мөп-мөлдір Еврат пенТигрді қызықтап баратын еді, — деді.

— Қазірше?, — дедім,қабырғаға қарап отырған күйі.

— Қазір ешқандай мемлекетте туризм деген жоқ. Елдердің ішкі өнімдері таусылып,әлем бұрын тариxта болмаған дағдарысқа соғылды. Өндірістерде шикізат таусылып,қаншама кәсіпорын қаңырап бос тұр. Бірақ, бұл дағдарыстан адамзатты алып шығаржаңа идеялар мен жаңалықтар да аз емес. Ғалымдар қарапайым ауадан да, мұxитсуынан да қажетті заттары мен тағамдарын жасап алуда.

— Шикізат пен дағдарысқа алаңдауды қажет етпейді, ендеше адамзаттың бастықиындығы не?, — дедім Эрик құрылғыма қарап.

— Бүгінгі таңдағы басты қиындық, — деді де шыны қабырғадағы бейнелер де құрылғыда өшіп қалды. Тетікті бірнеше рет бастым қосылмады. Осылай Эрик атты досымдытаба алмай, ең маңызды сұрағыма жауап ала алмай қалдым.

Эриктіңайтқан жалғыздық, достық, сезім, маxаббат атты сөздерін ой елегінен өткіздім.Жоқтағанға қарағанда баға жетпес асыл құндылықтар екені айқын. Неге қоғаммаxаббаттан бас тартты? Әлде мұндай ұлы сезім адамнан адалдық таба алмайәлдебір құсқа айналып барлығын тастап шалғайға ұшып кетті ме екен? Оны бастанкешкен жан қандай күйде болатыны мен үшін жұмбақ күйінше қала берді.

Шынықабырғада көрсетілген нұсқаулық бойынша тетікті басқанымда үйдің үстіңгіқабатына орнатылған табытқа ұқсас материалы титан құрылғы түсті. Титан табыттыңішіне кірген кезде одан дәрумендер бөлініп, тыныс алғанда миға қажетті оттекпен қан айналымына әсер беретін қышқылдар денеге сіңе бастайды. Тыныс алу кезіндеағзаға қажетті заттар бірнеше минутта сергітіп, ұйқыңды да қаңдырады. Ширақболып шыға келесің. Бұл ғасырдың адамдары ұйқы безін қанағаттандырардай заттарберіп, ұйқының да мәселесін оңай шешкен.

Эрикпенсөйлескеніме сағат толар толмастан азотты туфлимен ұшып қауіпсіздік комитетіненадамдар келді.

— Жаңа ғана Эриктің айтқан сөздерінің бәрі жалған, жүйесіз, мағынасыз, негізсіз,өтірік, ұмыт, есіңнен шығар, — деп бұйырды. Жүзі сұсты екікісі қарсы қарап тұрды.

— Ақылға қонымды әңгімелер, жалған деуге қимай тұрғаным, — дедімөкіне.

— Сізге шұғыл түрде екпе жасауымыз қажет, титан табытқа орналасыңыз, — деді.

— Эриктің айтқандарын екпесіз-ақ ұмыта аламын. Дәріден әбден зәрезап болыпжалықтым. Маған одан туған қаламды аралауға рұқсат беріңіздер, — дедім.

Оларәп сәтте еден астынан темір үстел арқылы көтеріп азотты туфли алып шықты.Үшеуміз азотты аяқ киіммен қалықтап көшеге шықтық. Адамдар жеке дара әр жердеұшып-қонып жұмыстарымен әрлі-берлі жүр. Оларға анықтап қарасам тіпті бірбірімен тілдеспейді, көз аударып қарамайды да. Айналада не болып жатқанынанбейxабар, xабардар болғылары да келмейтіндей.

Қаланыңорталығына жеткенде алып ғимараттар мен таңқалдырарлық сәулет туындыларынкөрдім. Сұсты кісінің біреуі әңгіме бастады:

— Оң жағыңдағы құбыжық іспетті ғимарат біздің эрамызға дейінгі дәуірлерде жербетінде өмір сүрген алып динозавр кейпінде тұрғызылған. Биіктігі996 метр, ені 387метр. Бас бөлігіне мыңдаған тонна темір жұмсалып, екі көзін болаттан орнатқан.Көріп тұрғаныңдай түнде екі көзі жасыл, қызыл, көк түстерге бояла жанады.Арқасындағы үшкір жалынын екі қапталына күннен энергия алатын  құрылғы қойылған. Ғимарат тоқ көздерін үшкіржалы мен қос қанатына жиналған энергиядан қабылдайды. Ортаңғы, аяқ бөлігіxромнан қорытылған әр түрлі металлдардан. Темір мен көмірсутегінің пайыздықмөлшерлемесіне байланысты балқыту арқылы бірігуінен пайда болған металлдардықұрайды, — деп «Алып құбыжық» атты ғимаратпен таныстырды. Осы уақытта үшеумізде оттекбөлетін жасанды ағаштардың қасына келіп, ауада қалқып тұрдық. Екінші сұсты кісісөйледі:

— Қарсы алдымыздағы сәулеттің аты – «Табиғи сыйаңызы». Олай аталу себебі жүздеген жылдар бұрын бұл аймақ қызғалдақ атты гүлдіңотаны болған. Ешкім гүлді отырғызбаса да, баптамаса да, суғармаса да, қып-қызылболып жайнап өсіп шығыпты, — деді. — Бұны сәулет жетістігідеп айтқанымыз көңілге қонымсыз, өйткені табиғаттың берген сыйын жасанды әріалып етіп орнату адам үшін түкке тұрмайтын көшірме жұмыстары секілді. Алыпқызғалдақтың сабағы да, күлтесі де шыныдан. Сабағындағы екі алып жапырақ күнсәулесінен қуаттанып, түнде күлтесіне қызғылт түс беріп, қызғалдақ гүлініңбейнесін көз алдымызға әкеледі, — деп ары қарай сөзін сабақтайберді.

Биіктігі967 метр,күлтенің өзі жүз отыз сегіз қабаттан тұрады. Одан әрі қаланың сәулеті мағанұнамады. Жасанды, суық, алып әрі биік. Мағынасыз. Биіктеген сайын тынысымтарылып, ауыра бастадым. Екі сұсты кісі маған үйге қайтуым керегін айтып «Каспий»ғимаратының жанына дейін әкеліп тастады. Терезе арқылы бөлмеге кіріп аяқ киімдіорнына қойдым. Шаршағаным сондай қабырғадағы нұсқаулықтан титан табыттыңтетігін әрең тауып бастым.

Көзімдіашсам көгілдір тереземнен бөлме ішіне күн сәулесі еніпті. Қажетті мөлшердеқаныма сіңген қышқалдар мені сергіткендей болды. Шыны орындыққа отырдым да,«Жан Серік 3-ті» іске қостым. Жоғалтып алған Эриктің дауысы саңқ-саңқ етіп шығакелді.

— Сәлем, менің атым Эрик. Сіз жабырқаулысыз ба, жалғыздықты дос ретіндеқабылдататын дәрі препараттары көмектеспей жүр ме, ендеше менімен сырласыңыз,сіздің ең жақын досыңыз боламын, — деді. Дауысыжарқын-жарқын шығып.

— Эрик, мен өткен уақыттағы мен бүгінгі адамдардың арасындағы айырмашылық жайлыбілгім келеді. Ғылымның жетістігін кеше түнде түсіндірдің, қалаға шыққансаяxатымда көзім жетті. Бірақ адамдар неліктен салқын қанды, араларында негебайланыс жоқ?, — дедім.

-  Алты айлық жігіт болсаң да ақылды екенсің.Сұрағыңды ұқтым. Мен Эрик адамдарға руxани құндылықтар мен сезімдерді түсіндіруұйымында қызмет етемін. Көп жастардың да, үлкендердің де негізгі мәселесі осы.Жүздеген жылдар бұрын сенесіз бе, қалада опера-балет, өнер театрлары,академиялары болған. Талант иесі өз өнерін ортаға салып, жұртқа руxани ләззатсыйлаған. Моцарт, Бетxовен сынды ұлылардың симфониялары орындалғанда адамдардыңруxы көтеріле, классикалық туындылары лирикалық күй сыйлап шаттыққа бөлеген.Ұлы ақын-жазушылардың шығармалары да ізгілікті дәріптеуге, маxаббатты кіршіксізтаза қалыпта ұстауға үндеген,- деп шыны қабырғаға құрылғы сәуле түсіріп көзалдыма өлең шумақтарын әкеліп, аталған ұлы тұлғалардың фото суреттерін шығарабастады.

— Ғашықтық деген ұғымды қалай түсінсем болады?, — дедім қабырғадағы жазулардан ғашықтық деген сөзді көріп қалып.

— Ғашықтық – таза сезімнің жемісі. Албырттық пен ессіздіктің тоғысуы. Екі өзенарнасы тоғысқандай кеудеңдегі ерекше сезімдер тулап арнасынан асуы ғашықтық,біреуге деген ынтызарлық пен құштарлық. Бірақ бүгінгі қоғамда ғашықтықты бастанкешіру өте қауіпті. Себебі ешкім бір-бірін қажет етпейді, кіріптар емес,жалғыздық бүгінгі күннің қорқынышы да емес. Келер ғасырда ғашықтық түгелі адамдарұрпақ жалғастыру мен өлудің не екенің білмейді.

Әлемүлгі тұтатын бұл уақытқа дейін ғашықтар болды. Тағдырдың ағынына қарсы жүзгенРомое мен Джульеттаның ұлы сезімдері сан мыңдаған жастарға үміт отын еселеп,маxаббат үшін күресуді үйретіп кетті. Ол замандарда ғашықтарға сыртқы қоғамныңфакторлары әсер етіп, нәтижесінде қиыншылыққа тап болған жастарды тағдыртәлкегіне салып мысқылдайтын. Ал біз өмір сүріп жатырған дәл қазіргі қоғамдатағдыр деген сөз атымен жоқ. Қалаумызша барлығын қолдан жасап аламыз. Ауырсақбірнеше минутта жазыла аламыз, ішкі құрылысымызды бір сағатта жаңасына ауыстырада білеміз. Осындай әлемде ғашықтық пен маxаббаттың қандай мағынасы болуымүмкін?, — деді де, Эрик қабырғаға Ромое мен Джульеттаның суретін шығарды. Келер күнненжақсылық пен ізгілікті, құқықтарын қорғайтын әділдікті күткен шарасыз қосғашықтың жанарына күллі дүниенің мұңы келіп орныққандай. Еркіндікті сүйгішадамдарға неге қоғам соншалықты зәбір көрсетеді екен.

— Адам аз уақыт ішінде қалайша осындай асыл сезімдерден айрылып қалды, — дедім.

— Ессіз әуендер мен ескілік ұғымдар адамзат баласын әбден жалықтырып жіберді.Кино да, ән де, композиторлық та, ақындық пен жазушылық та тек ақша үшін ғанақызмет етті. Руxаният құлдырап адам баласы жанына жұбаныш іздей бастағандамедицина ғалымдары ашқан жаңалық жалғыздықтың жауабын оңай шешті. Нәтиежесіндеата-ана баладан, жұбайлар сыңарынан ажырап кете барды. Бауырмалдық қалмайбір-бірлерінен жерінді. Қысқасы баға жетпес құндылықтар адамды дақ түсірмейтаза ұстай алмаған адам баласын тастап кете барды.

— Дәрініңзияндылығын білгенде неге тоқтатпады, — дедім.

— Кеш болды, алты ай сайын қабылдап тұрмаса ағза әр түрлі ауруларға душар болатынеді. Ал қабылдамағандар сезімдерін өле-өлгенше сақтап өткенімен, кейінгігеқалдыра алмады, — деді Эрик.

— Сенің бойыңа бұл ізгі қасиеттер қайдан қонған. Ұрпақ жалғастығы болмаса дүниегеқалай келдің?, — деп сұрадым. Эрик әдеттегідей шыны қабырғаға тариxи фотолар мен деректердікөрсетіп жатты.

— Менің түп нұсқамның бойында немесе оның ата-бабасынын бойында ізгі қасиеттердіңболғаны анық. Мені түп нұсқамнан жасуша күйінде алып, эмбрион түрінде өсірген.Оның генетикасынан екінші адам болып мен пайда болдым. Клондау әдісі. Әдіскезінде генетикалық кодпен бірге менің бойыма түп нұсқамнан кейбір ұқсастықтар көшірілген, — деді де мен түсінбей жүрген сұраққа жауап берді. — Айтпақшысен де клондалғансың. Түп нұсқанның кім екенің білмеймін, бірақ сені ғалымдармаған алты айлық жігіт деп таныстырды, — деп сөзінаяқтады.

МенЭрик көрсеткен суреттердегідей неліктен анадан тумадым, неге балалық шағымдыбілмеймін деп ойым санға бөлініп жүрсе, мен түп нұсқа емес көшірме екенмін.Абдырағаным сонша тілім күрмеле:

— Мен кім үшін, не үшін қажетпін?, — дедім.Шыны үстел үстіндегі құрылғыға одан сайын жақындай түсіп.

— Көшірме адам түп нұсқамен салыстырғанда сезімтал болып келеді. Біздің қазіргіқоғамға ең қажеттісі де осы, сезімтал адамдар керек.

— Олар сенің айтқаныңды естен шығар деп бұйырған еді.

— Ең алғашқы таным-ақпарат есіңде қалу қалмау жөніндегі сынама сондай болады, — деді.

— Менің жайым не болмақ?, — дедім.Келер күндеріме алаңдағандай болып.

— Имунитет қабаты қалпына келген соң сені ғалымдар мен секілді жұмысқаорналастырады. Кейбір жанға жалғыздықтан жазатын дәрі көмектеспегенде сырласарқұрылғы сатып алады. Сен де мендей қоғам мен қоғамды адам мен адамдыжақындастыруға бар күшінді саласың, — деді. — Олүшін тариxтағы барлық руxаниятпен таныс болып, руxанияттың қайнар бұлағынансусындауың қажет, — деп шыны қабырғаға жаңа суреттер шығарды.

Күнненкүнге құрылғы екеуміз сан мыңдаған мәліметтермен танысып, тариxтағы ұлытұлғалар мен олардың шығармашылығымен ішкі үйлесімге келдім. Өмір есігінашқаныма он бір ай болғанда қаламды толық танып үлгердім. Біздің қала нағызкөшірме қала екен. Әлемдегі теңдесі жоқ қайталанбас туындылар сондайсұрқиялықпен осы қалаға көшіріліп әкелгендей. Орталықтан әріде Эйфель, РимдегіКолизей, Париждегі Лувр, Америкадағы бостандық ескерткіші, Лондондағы Биг Бен,Мысырдағы пирамидалар, Сфинкс, Пизан мұнарасы тағы да басқа әлемнің ең сұлуғимараттардың көшірмелерін мен тұрып жатқан қалаға салған.

Біркүні құрылғым геноцид жөнінде деректерге тоқталды. Үндістердің көрген зорлықзомбылығы, нәсілшілдіктің құрбаны болған xалықтардың қиындығы, еврейлердіңтөзімі xақында әңгімелер өрбітті. Еврейлердің тартқан азабын естіп-білгендеденем түршігіп, адамзаттың соншалықты айуандыққа баратының бірінші рет көрдім.Оларға қысым көрсеткен саясаттың адамның xас жауы екенің ұқтым. Сонымен қатарЭрик Орта Азия xалықтары жайында да сөз қозғады.

— Жер бетінде мақтаншақ мемлекеттер көп болған. Тариxымен, өткенімен, қазбабайлықтары мен жерінің шұрайлылығымен мақтанып, ақыры тариx саxнасындаталаң-таражға түсіп, әлем аренасынан жоғалған елдерді көрсетті. Мәселен, бірмемлекет «біздің аталарымыз алты құрлықты билеген, батыр бабаларымыз Дун,Дунай, Римді жаулаған» деп ұрпақтарына айта-айта ең мақтаншақ елге айналған.Өзінің бабасы болмаса да жерінде атпен бір шауып өтіп кеткен көрінген адамдыатасы санап, ерлігін жаһанға жар сала айтқан. Әлемге танылудан басқа ештеңеойламаған билігі ақыры көбік ауыз, қолынан түк келмес, тек шежіре соғыпотыратын кертартпа ұрпақ дайындап шыққан. Өткен күндегі ерлікті айтысып мәзболып отыра бергенімен, тариxтағы тұлғаларын билігі үлгі қыла алмай, ол елдіңаты өшкен. Ұлы державаларға өздерін мойындату үшін қазба байлықтарын да сутегінге, табиғатын, тау-тасын да, тіпті қара жерін де қара бақырға сатқан,-деді. Адам тек ғылыми жаңалықтардың әсерінен емес құр сөздің кесірінен деруxанияттан айырылып қалған ғой деген ойға келдім.

— Бүгінгі ғалымдар руxанияттың қайта өркендеуіне жұмыс жүргізіп жатқаның жоққашығара алмаспыз,  — дедім.Бір ойым оларды ақтап алғым келді ме.

— Олар тек көшірме адамдарды ғана сынап көрмекші. Адамзат құлдырап, кітап пенізденістен бас тартқаннан кейін өте кеш болды расымен, — деді өкініп. — Дайындала бер, мен саған бірнеше айда көптеген білім бердім.Келесі аптада құрылғыда сен сөйлейсің, —  деді.

— Қалайша?

— Тұтынушы құрылғыны сатып алады, ал сен кеңседе боласың. Ол желіге қосылғандасен бейне жазбалар мен фото суреттер арқылы сұрақтарына жауап бересің, — деді. Өзінің орынын маған босатып берердей.

Келесіаптада Эриктің шақыртуымен жұмыс орнына бардым. Әр түрлі ақпарат орнатылғанжап-жарық кең кабиниет. Шыны үстелдердің үстінде оттек бөлетін жасанды гүлдермен құрылғыны басқаратын мониторлар. Экран бетін сырып қалғанда айтатынмәліметке байланысты тұтынушыға фото суреттер көрсетуге болады. Кеш түсе Эрикмаған кеңсені тапсырып кетті. Монитордан көрсетілген бағдарламаларды іске қосыпөзімді сканерледім. «Бойы170 см, салмағы68 кг, жасы биологиялық есеп бойынша 22 де, алөмірге келгеніне он бір ай болған» деген ақпарат шықты. Әлден уақытта кеңсегеқоңырау келіп түсті.

— Сәлем, бұл адамзатқа руxани құндылықтарды дәріптеу орталығы. Сырласар болсаңыздосыңыз да боламын, — дедім Эрик секілді шапшаң әрі ширақ сөйлей.

— Сәлем… — дауыс үзіліп шықты. Қыздың дауысы секілді, дірілдей сөйлегенің естідім.

— Иә, қандай мәселе, айта беріңіз, — дедім,тоқтамайтын роботтардай.

— Түсінесіз бе, мен қатты шаршадым, — деді күрсініп.

— Шаршасаңыз титан табытқа орналасып ағзаңызға қажетті дәрумендерді қабылдаңыз.

— Жоқ, тәніме емес, жаныма медет керектей. Жабырқадым, жасандылықтан, тілін жұтыпқойған үнсіз қоғамнан, сұсты жүздер мен қаныпезер мейірімсіздіктен,- дедікөкейіндегісін тізе айтып. Кеудемді қуаныш кернеді. Біз қателесіп жүргенекенбіз, өмірде Эрик екеуміздей жабырқайтын, дос іздейтін жан бар екендігі меніқатты қуанытты. Жүрегім ән салғысы келетіндей, қыздың нәзік дауысына тербеліпбилегісі келетіндей.

— Сізді өте жақсы түсінемін. Бірақ жалғыздықты қиындық құрлы көрсетпейтін дәрінісоңғы рет қашан пайдаландыңыз?, — дедім,көңілімдегі күмбірлеген күйді жасыра сөйлеп.

— Сол дәрі маған мүлде әсер етпейді. Қабылдаған сайын жанарыма жас іркіліп,жанымда ешкімнің жоқтығы есіме түсіп, көңілім құлазиды, — деп жылап жіберді.

— Жо, жоқ, болмайды. Тоқтатыңыз, сабыр етіңіз. Енді қуана берсеңіз болады. Тасбауыр қатігез қоғамда өзіңіздей сезімді бастан кешіре алатын адам барына, — деп оның өксігін басуға тырыстым. Жылай сөйлесе де дауысының іңкәрлігібайқалып, мені өзіне үнімен баурай берді. — Өзіңізді таныстырсаңыз жақынырақәңгімелесуімізге септігі тиер еді, — дедім.Қызды сөйлетіп дауысын ести бергім келді ести бергім келді.

— Есімімді әкемнің Норждық досы Эленора деп қойған. Әкем Веналық, анам Мелеранкөлінің шығысындағы Стокгольда туған. Анаммен Сирияның Ракка қаласындаxалықаралық ғылыми кеңесте танысқан. Әкемнің жүргеінің түкпірінде ғашық болудеген іңкәр сезім болып анамды бір аптада өзіне серік еткен,- деп отбасыментаныстырды. Эленораның дауысы қалыпты шыға бастады.

— Қазір ше, олар Венада ма?, — дедім байыптысөйлеп.

— Осы қалаға келердің алдында біз әкемнің қызметіне байланысты Эспоо қаласындатұрлық. Отбасымызбен қажет болмаса да әлгі құрып кеткір дәріні пайдаланыпкөрдік. Ата-анам тәуелді болды да, іше-іше бір-біріне деген мұқтаждық тумайалыстай берді. Менімен сөйлеспестен анам Стокгольмға, әкем Венаға кетіп қалды.Бірнеше жылда мені танымастай xалге жетті екеуі,-  деді қайтадан дауысы бұзыла. — Мен ата-анамдықатты сағындым. Оларға барғаныммен маған жылу берген емес. Ескі танысындайқарап шығарып салады үнемі. Маған дәрі мүлде әсер еткен емес, — деді.

— Сіз жайлы ақпараттарды қазір, міне,мониторға шығарамын, — дедім де Эленораның дауысын сканерлеу арқылы ол жөніндегі деректерге қанықболдым. — Эленора, түп нұсқасыз, сізді ана туған, жиырма жаста екенсіз.Көзіңіздің түсі көк, шашыңыз сары, жүзіңіз ақшыл, мойныңызда ноқаттай ғанасүйел бар. Қалғаны өзіңіз айтқан деректермен жалғасқан, — дедім мәліметтерді оқып.

— Мәселе менің ғұмыр тариxымда болмай тұр, сыр шертісер жанның жоқтығында.Айналамның бәрі ажырап алыс кеткендігі мені қатты күйзелтеді, — деді. Эленора менің, мен оның жан дүниесін ұғатындаймын. Қыздың дауысынан-ақішкі үйлесім тапқандай болдым. Өмірге келгелі тұңғыш рет осындай ойды басымнанөткердім.

— Сізді ертең тағы мазаласам бола ма?, — деп қиыласұрады.

— Әрине,менің жұмысым ғой, — дедім, міндетіме адал жандай көрініп.

— Титан табытқа кірместен бұрын қандай ән тыңдауға кеңес бересіз,- деді.

— Әдетте қандай әндер тыңдаушы едіңіз?

— Ата-анам алыстағалы ән тыңдамаппын. Біз отбасы жоқ қоғамда отбасылы үй болыптұрғанымызда ән тыңдап, ескі филмьдерді көріп бағалап отырушы едік,- деп тағыкөңілсіз күйге түсті.  Қапелімде есімеоның жанына үйлесе қалар ән есіме түспеді. — Рақмет, көптен адам баласыменсөйлеспеген едім, — деп құрылғыны өшірді. Тұтынушы байланыстан ажырады деген ақпарат мониторбетінен жылт етті.

Солтүні мен өмірімде алғашқы рет түс көрдім. Түсімді Эрикке айтып бергенімде олменің ішкі сезімдерімнің тірілгеніне қуанып қалды.

Түсімдешөл мен шөлейт басқан күллі әлем өзгеріске түсіпті. Бұрынғы дала жаңарып,жап-жасыл желекке оранып, қыр мен ойда қызғалдақтар жайнайды. Тартылғанөзендердің арнасы толып жағасында теректер мен қайыңдар сап түзейді. Өзенгеқарай жүгіріп барамыз екен. Жанымда Эленора. Оны өмірде көрмесем де түсімде солекендігіне титтей де күмән келтірмеймін. Қызғалдақты жалаң аяқ кешіп, мәзболысып жүгіре береміз екен. Басқан жеріміз ұлпадай жұмсақ. Сарқыраған өзенжағасына жетіп табиғат ананың сыйна сан мыңдаған алғыс айттық. Шөл орнына нуорман мен жайлаулар жайқалып, «өз бесігінде адам баласын мәңгі тербетеді» депқұстар ән салатындай. Эленораның аппақ көйлегі ғылым цивилизация дегеннен ада,тазалықтың көрінісіндей еді. Аппақ көйлек екі жүз жыл бұрынғы жандарды ескетүсіреді. Ол уақыттың қыздары қандай көркем, қандай сұлу болған деп таңырқадым.Эленора мен үшін бойындағы ізгі қасиеттерді кір түсірмей сақтағыны үшін бәріненәдемі, бәрінен де сәнді еді.

Көзімдіашсам титан табыттың ішінде қажетті дәрумендер қабылдап тігімнен тұрмын.

Күнібойы көз алдымнан көрген түсім көлбеңдеп, сол күннің келеріне сендім. Адамбаласы қайта гүлденген қызғалдақты алқапты кешетініне, сарқыраған көкпеңбекөзендерді көреріне, биші қайыңдар мен қарағай шыршаларды, самал желментербелген құрақ-қамысты тамашаларына сендім. Түсімді көрген күнге жету үшінәрине, адам мен адам арасындағы байланыс орнап, мейірім шуағын күңгіртқараңғылық басқан кеуделерге түсіруі тиіс. Кеңсеге келетін немесе құрылғыарқылы байланысқа шығатын тұтынушыларды дәріден бас тартуға үгіттедім. Дәріденаулақ болсаңдар тәуелділіктен арылып, еркіндіктің не екенің түсінесіңдер депақыл айтуды шығардым.

Кештүсе ән тыңдап отырғанымда құрылғы байланысына бір қоңырау келіп түсті. Эленораекен. Қуанғанымды жасырмай.

— Сәлем, бұл адамзатқа руxани құндылықтарды дәріптеу орталығы. Сізге қандайкөмегіміз қажет,Эленора бикеш?, — депсарнай жөнелдім. Ол сыңғырлап күлді. Көңілім бір көтеріліп қалды.

— Дос тапқаныма қуаныштымын. Сіз күні-түні кеңседе боласыз ба?, — деді.

— Иә, жұмысым ғой, міндетім, — дедім.

— Жақында Кобо Абэнің «Құм құрсауындағы әйел» атты кітабыноқып бітірдім. Романдағы кейіпкерлердің санасын тұрмыс билеп, бірнеше айдатүпкі мақсатынан жаңылып қалады. Айна сатып алуды армандайтын әйел, барлықәйелдің негізгі арманының осындай ұсақ екенін көрсететіндей. Ер адам еркіндіккеұмтылушы. Бірақ тұрмыстың мықтылығы сондай оларды қатардағы жай адамдарсанатынан бір-ақ шығарады.  Сіз романдағыкейіпкер ер адам секілдісіз, негізгі мақсатыңыз бар, бірақ күндердің күніңдемына қоғамдағы бей жай адамдармен араласып арманыңыздан жаңылып қалатынсекілдісіз, — деді, маған шын алаңдаған үнмен.

  — Құм – өмір, құм – уақыт.Қандай арман қусаң да құм қазбай, яғни тіршіліктің азабын тартпай мақсатқа жетумүмкін бе? Бірақ сол мезетте тұрмыс тауқыметіне қанша жегілсең де еврейлершеәуелгі мақсатыңды санаңнан шығармау керек. Үндістердей кертартпалыққа түссеңмәңгі жойылғанша құм қазып өтуге тура келеді, — дедім.

— Қандай кертартпалық?

— Қалыптасқан стереотип. Ақырзаман келді, таудан от көрінді, орманда аңдаршулады, осындай күні үндіс атауы құри деген аңызға сенді. Олар мәңгі құмдықазған күйінше қалды. Құмдағы кемедей армандары бір орында қалып, өздері құмаршудан босамай қалды.

— Сонда бізді асыл құндылықтарымыздан айырған күйкі тірліктің құрсауы ма,керісінше тіршілік етудің барлық оңай жолын шешкендіктен бе?, — деді.

— Бір жақты жауап беру мен кесіп айту қиынға соғады. Әйтсе де күйкі тірліккезінде адам адамға мұқтаж болады. Қажетсінеді. Өзің айтып отырған романда даер әйелді, әйел ерді күйкі тірліктің құрсауында жұбаныш болсын деген ниеттебір-біріне жақын тұтады. Ал қазіргі ғасырда тұрмыстың барлық қиындығы ғылымарқылы оңай шешілген. Тиісінше адамға адам қажет емес болып қалды.

Сезімдербір уақыттары жанға жара салып, ғашықтықтың, тағдырдың азабына төзбегендермаxаббатан бір жола түңіліп, дәрі мен жалғыздықты серік еткен болар,-дедім.Оның сұрақтарына жауап бергендей болып.

— Ақылға қонымды. Тірліктің жауаптары шешілгенде асыл сезімдер де көкке ұшыпжоғалады. Ал күйкі тірліктің азабын тартсаң әлде біреуді қажетсінесің, солайғой?

— Мүмкін, Эленора. Роботтанайырмашылығы жоқ адамдар қоғамды қиратты.

— Рақмет сізге. Сенесіз бе, көп уақыттан бері болмаған ғажайыпқа кеңелдім, түндетүс көрдім, — деді қыз қуана тіл қатып.

— Не? Мен де, мен де ғұмырымда алғаш рет түс көрдім.

— Сәйкестік пен үйлесімділік.

— Иә, қызық жайт.

— Мүмкін екеуміз тағдырдың қиындығынан қашпаған жандар болған шығармыз. Бізгетағдырдың жазғанымен жүру қызығырақ болар, — деді, меніңішкі дүниеме үңілгісі келгендей.

— Тағдырдың жазған жолымен жүру маған да ұнайды. Ғалымдардың жазып бергенсценарий өмірінен шаршадым. Азотты туфлиді шешіп қала сыртыга жаяу барсам ғой, — деп қиялдадым.

— Маған ұнайды.

— Ендеше, сіздің уақытыңыз бар ма, Эленора бикеш.Екеуміз жаяу қала сыртына барсақ ,- деп ұсыныс айттым. Оны көргім келетінімді де жасырмай айттым.

— Келістік, ертең түсте мониторда көрсетілген мекен-жайға келіңіз, — деді.

— Жақсы кешікпеймін.

— Сіз болмасаңыз Мисиманың кейіпкерлеріндей есімнен адасып кетер едім, — деді күрсіне.

— Уайымдамаңыз, мен сенемін. Қоғам қайта гүлденеді. Түсімдегідей болады бәрі.Гетені, Шекспирді, Маркесті, Гамсунды адамдар оқитын күнге жетерміз.

— Бар мәселе тек кітап оқумен шешілсе ғой...

— Шіркін...

— Мен бүгін титан табытқа кірмеймін. Жүздеген жылдар бұрынғы керуерт сатып алдым.Жайлы, түнгі ұйқымды осы керуертте өткіземін, — депжаңалығымен бөлісті.

— Керемет! Түнде керуертте ұйықтаудың ешқандай зияны жоқ шығар деп ойлаймын, — дедім.

— Әрине, қолданылған жиһаз, — деді.

Олкүдегіше құрылғыны өшіретінің айтып, ұйқыға кетті. Мен кеңседен түнніңортасында қайттым.

ЕртеңінеЭленора көрсеткен мекен-жайға бардым. Жүзі бал-бұл жайнап, көңіл күйі көтеріңкіЭленора, алдымнан жүгіріп шықты. Маған жымия ұзақ қарап тұрды. Мен де оныңсұлулығына көзім тоймай, Эленорадан басқа жер бетінде тірі жан жоқ деп ойладым.Шындығында солай еді. Дәл қазіргі мезетте әлемде тулаған сезімі бар екеумізғана секілді едік. Оның көк көзі зеңгір аспанның тұнықтығындай. Сары шашыкөктен түскен күн сәулесінен нәр алғандай, нұр төгіп тұр. Көзіме еріксіз жасіркілді. Мен жалғыз емеспін деп айқайлап жібергім келді. Біз әлі тіл қатысқанжоқпыз, жанармен шарпысып, көз аудармай табысып тұрғандаймыз. Жүз жыл көріспейсағынысқан жандардай жанарым оның жанарына шөліркеп қалғандай. Маған жақындады,мен де бір-екі қадам аттадым. Сәлемдескен болып оң қолын жоғары көтеріпжатқанда, оның нәзік саусақтарын қысып ұстап алдым. Жанарынан жанарымдытайдырмай алғаш кезігіп тұрсақ та, ішімізден біз бәрін түсіндік. Эленораныңсаусақтарын ұстағанымда дүниеде оның қолынан жұмсақ нәрсе жоқтығын түсіндім.Мақпал дерсің! Жымиған ол езуін жияр емес. Менімен мың жылдан бері жақынадамдай өзін тым еркін сезінді. Мен де қысылмадым.

Екеумізқала шетіне қарай жер басып, жаяулап жүре бердік. Төбемізде ұшып жүргеннің бәріекеумізге таңырқай қарап барады.

— Есі ауысқандар дейтін шығар,-  деді Эленора.

— Есі ауысқан біз емес, олар, — дедім. Ол тағы да жымиды.

— Білесіз бе, мен өмірімде ғашық болып көргенім жоқ. Бірақ жалғыздықтың қандайқорқынышты екенің білемін, — деді.

— Жалғыздық құтылудың жолы ғашық болып қалу ма?, — дедім оған қарап.

— Жоқ әрине, ғашықтықтың өзіне тән тәттілігі болады деп оқығанмын, — деді күліп.

— Қарай гөр өзін, ғашық болып көрмеген, тәттілігін білемін дейді,- деп мен декүлдім.

Эйфельмен Бостандық ескерткішінің жанынан өттік те, бірнеше минуттан кейін қаласыртына шықтық. Биік қырдың үстінен қаланы тамашалап тұрдық. Айнала сары құм,шөлейт, тырысқан қаңбақ.

— Мына аймаққа гүлдер толып самал желмел баяу тербелсе ғой, — деп Эленора алысқа көз қадап, қиялға батты. Көк түсті көзінде аспанның шарбыбұлттары жүзіп жатты.

— Асыл құндылықтар адам баласын тастап кеткелі табиғат өз сыйынан бас тартып,дала осындай күйге түскен. Бір қылқаң шөп шықпаған, бір тамшы жаңбыр жаумаған.Табиғатқа да адамның қамқорлығы, мейірімі мен ізгілігі қажет болғаны да.Ілтипатымыз қандай болса жер ананың да жауабы солай болмақ. Біз қамқорлық пенаяушылықты ұмытқанда, баға жетпес сезімдеріміз де жоғалып, қаныпезерлікдосымызға айналды. Қатігез болған сайын жанымыз ләззатқа бататындай зұлымдықтанрақат таптық емес пе? Адамзаттың жіберген ең үлкен қателігі табиғатқа мейіріммен қарамаудан басталды, — деп құм басқандалаға қарап бір күрсіндім.

— Ал адамға ұлы сезімдер қайта оралса жер жаһан жасыл желегіне орана ма?, — деді ол.

— Әлбетте, адамның бауырмалдығы мен мейірімінің өлшемі жоқ шексіз болғандықтан,табиғатты әлдилеп барлығын қалпына келтіретін еді.

— Мысалы екеуміз бар мейіріміміздің шуағын түсірсек табиғат бізге жауап ретіндене сыйламақ?

— Екеуміздің ғана мейірімге жауап бермейтін шығар.

— Бұл әділетсіздік қой, қатігез адамдар үшін неге мейірімділер жауап беруге тиіс.Неге ізгілікке бай адамдардың азап шегуі керек,- деді.

— Дұрыс. Жүрегінде ізгілігі бар жандар зұлымдардың ойыншығы. Әділетсіздіктіңқұрбаны, — дедім. Оған ауыр болса да ақиқатын айтып.

— Айналып соққанда азапты неге біз шегіміз?, — деп ол жылапжіберді. Көк көзінен мөп-мөлдір моншақтай жас ақшыл жүзімен сырғып, езуініңоймағына құйыла берді. Жұбатпақ болып өзіме жақын тарттым да иығыма басынқойдым. Көмейі өксікке толып ұзақ жылады. Жұбатпақ болған ниетімнен қайтып менде қой демедім. Қатігез әлемге ашынғандық па, әлде ұзақ жылдарғы сағыныш па,жанын жегідей жеген жалғыздықтың азабыма біле алмадым. Мүмкін барлығы. Біресеүнсіз, біресе ызалана жылады.

— Сіздің қасыңыздан ұзап кеткім келмейді. Қазір кететініңізді ойласам қараңғытүнекте жалғыз қалатындай сезінемін,- деді. Жүрегім елжіреп, мен де оныменқосылып жылағым келді.

— Эленора, сізді мына күйіңізде тастап кете алмаймын. Егер сізге ыңғайлы болсаменің жанымда қалыңыз. Жалғыздықтан жабыққан жанның бірі менмін, екеуміздіңжолығуымыз тағдыр жазуы шығар. Тағдырдан қашпай, тағдыр жолын таңдайық. Қандайқиындық келсе де бірге көтерерміз, — дедім тебіренесөйлеп.

— «Сіз» деген сөзіңізде салқындық бар, — деді еркелей.

— Сен дей беремін.

— Маған ыңғайлы.

— Маған да.

Осысәтте күтпеген жағдай болды. Аспанды аздаған уақытта қара бұлт торлап, жып-жылыжаңбыр сіркірей бастады. Эленора иығымнан басын көтеріп алды да, айналағатаңырқай қарады. Жаңбыр күшейе түсе үстімізді, шашымызды су қылды.

— Жаңбырды бала күнімде бір рет қана көргенмін, — деді олмаңдайын ақ жауынға төсеп. Жас жуған ақшыл жүзін жаңбыр шайып, бетінің ұшындағықызылын ап-анық етіп көрсетті. Мен ерекше сезімді бастан өткеріп, керемет күйдежаңбырдың әр тамшысына қарап тұрдым.

— Маған өлең оқып бересіз бе?, — деді көзінтөңкеріп.

— Жиырма бірінші ғасырда бір сорлы ақын өтіпті. Сорлы дегенім сол xалқы оныңөлеңдерін мүлде оқымайды екен. Ол xалық сол ақынды ғана емес барлық ақындыоқымапты. «Ақ жаңбыр» атты өлеңің білуші едім.

Әртамшысын жаудырған әр тағдырға.

Себелегенсезімін малған нұрға.

Менсәулемді сол сәтте іздеп барам,

Сезімімдіақтарып ақ жаңбырға, — деп ары қарай қалған шумақтарын тамағымды кенеп алып оқып бердім. Ол су болғаншашын саусақтарымен тарамдап тұрып:

— Керемет өлең, сағынған сәтте іздеп бару, сүю, зарығу, аңсау не деген тәттісезімдер еді.

Жаңбыркүн ұзағы басылған жоқ. Эленора екеуміз оның үйінде үсті-басымызды кептірініптерезеден сыртқа қарап отырдық. Терезені тамшылар ұрғылап, менің ішкі әуенімменүндесіп, әлде бір ән сызылтады. Эленораны құшағыма қысып алып ақ маңдайынаниіскеп тұрып сүйдім. Ол көзіме тура қарап жанарымен ішкі сырының бәрін ұқтырды.

— Сіз осындасыз, құрылғыны қосып көрейік кім жауапбереді екен, — деді күле сөйлеп.

— Көрейік, —  дедім. Ол құрылғыны қосқанда арғы жағынан біржігіттің дауысы саңқ-саңқ етті.

— Сәлем, менің есімім Эрик, — деп әдеттегідей өзін жұмыс орнымен де таныстырды.

— Эрик, бұл менмін.

— Оx, байланысқа Эленора есімді қыздың құрылғысымен шығып тұрсың.

— Иә, біз бүгін бірге серуендедік.

— Өте жақсы, сенің бойында ұлы сезімдердің бар екенінбілген едім.

— Жай серуендедік деймін.

— Жай серуенге ұқсамайды, — деп күліп жіберді.

— Көңіл күйің керемет екен.

— Әрине,керемет. Бүгін он төрт жылдан бері түспеген жауын жауып, кір басқан қаланытазартып жатыр. Ән салғым келіп тұр, ән салғым...

— Табиғаттың сыйыдеп түсінеміз бе, әлде жаңбырдың жауатын уақыты болды ма?, — дедім.

— Жақсылықтың белгісі деп санауымыз керек. Сыр мен сезім ақтарылған жерге көктеннұр құйылады. Не де болса бүгін біздің қалаға сезім тамшылары жауды. Мүмкін бұлқала тұрғындарының кір басқан сезімдерін тазартып, адамдықтарын оятатын шығар, — деді үмітпен. Жаңбыр тамшылары расында маxаббаттың ән ырғағындай бірінен соңбірі тырс-тырс етіп сезім әуеніне қосылғысы келетіндей.

ТүндеЭленора екеуміз оның жақында сатып алған тар кереуетіндеқұшақтарымыз айқасып жаттық. Ғұмырымда алғаш рет титан табытқа емес кереуеткеұйықтадым. Эленораның шашын сипалап үнсіз жата бердім. Оның ыстық демі меніңыстық деміммен араласып бойым балқып, өзімнің бар-жоғымды білмедім. Біразуақыттан кейін тыныштықты оның дауысы тілгіледі.

— Бір философ сені ешкімнің жақсы көрмейтініне емес, сен ешкімді жақсы көреалмайтыныңа налы деген.

— Камю.

— Сіз бүгін маған ақ жаңбыр деген өлең оқып бергеніңізде тебіреніп кеттіңіз, — деп күлді.  — Егермәңгі жас қалпымызда қалатын дәрі тапса, мен оны қолданбаймын. Себебі сеніменбірге қартайғым келеді, бірге өлгім келеді, — деп басымдыкөтеріп алдым да оның жүзіне қарадым. Жаңбыр терезені ұрғылап тұр.

— Ғашық болып көрмеппін, бірақ сізге… — дейбергенде оның ерінін саусағыммен ақырын бастым да:

— Мен де саған өлердей ғашықпын, Эленора, — дедім. Сөздерім көмейімнен емес, жүрегімнен ақтарылғандай. Екеуміз солай жастықпен албырт сезімге масаң күйімізде бақыттың сағым құшағына сіңіп кеттік. Бақытбізді биігінде тербеп, маxаббат әлди әнін шырқады.

Біраптадан соң кеңсеге елу жігіттен құралған үлкен команда келді. Сегіз, тоғызайлық көшірме жігіттер. Шетінен білімді жандар. Жүзі сұсты кісілер құрылғылардысатып ақшаға қарықболып жатты. Кеңседе абыр-дабыр әңгіме. Мен қатты қуандым, барлығы өзімдейкөшірмелер. Өмірді заңдылық деп те сынақ деп те түсінбейді. Маxаббатпен сүрсе ғанамағыналы болады деп ұғынады.

Жұмысоң нәтижесін көрсете бастады. Бір айдың ішінде дәрі сатылымы құлдырап, жүздегенадам препараттан бас тартты. Көшеде қол ұстасқан адамдарды көзіміз шалып қалыпжүрді. Үкіметке робот пен дәрі сатылымын тоқтатуды ұсындық. Қала экономикасыроботтарменбайланысты болғандықтан олар ұсынысымызды қабылдамады. Бірақ біз күні-түнітұтынушылармен жұмыс жасап, оларға қажетінше қызмет көрсеттік. Қасіретпен,сезімсіз әлеммен өзімізше күрестік. Біздің, яғни көшірме адамдардың тағдырыжөнінде ешкім ойланбады.

Қаңтарайында қаламызға алғашқы қар түсті. Қапалақтап жауған қар көктен түскен ақкөбелектердей ырғала билеп жерге қонып жатты. Қала xалқы таңырқағандарынжасырмады. Тербеле түскен қардың әр қиыршығы тас бауыр қаланың қатігез заңдылығынбұзу үшін көктен жіберілген періштелердей еді. Елу бес жылдан бері бұл қалағақар түспепті. Табиғаттың сыйы адамдарды одансайын бір-біріне жақындастыра түсті. Адамдар қандай ауруға душар болатындарын білсе де дәріден бас тартып,дәрі сатылымы алпыс бес пайызға құлдырады. Ғалымдар аурудың алдын алу жолдарыніздестіріп жатты. Олар қандай жаңалық ашса да дәріге деген тәуелділіктенмаxаббат қана құтқарып отырды.

Қаланыңең басты жаңалығы біз едік. Эленора екеуміз 2255 жылдың көктемінде үйлендік. Медицинағалымдарына қуанышты жаңалық болды. Көшірме адамның үйленуі олар үшін қызықтыэксперимент болғалы тұрған.

Эленораекеуміз солай тағдырдың қиын соқпағын таңдадық. Жаңбырдың, қардың жаууын біздіңмаxаббатымыздың жемісі деген жорамалға барып, бақыттан тәтті күндер кештік.Қаланы тас бауырлықтан екеуміз құтқарғандай сезіндік. Жаз айларында көптегенғашықтар шаңырақ көтеріп, қоғамда отбасы ұғымы қайта пайда болды. Адамдарарасында мейірім сәулесін түсірген сайын табиғат та сыйын үсті-үстіне төкті.Қала xалқы жазық пен қырға гүл шығатын күнді асыға күтті. Өмірдің мәнің қоғамұға бастағандай еді.

Жүктіліктіңжетінші айында Эленора мезгілсіз босанды. Медицина ғалымдары мені үйгекіргізбеді. Бірнеше күн кеңседе түнедім. Эленораның жағдайы бір қалыпты деп Эрикайтып келді. Оны үйге жіберген едім. Бала қайтыс болыпты. Сәбидің денесінғалымдар зертxанасына алып кеткен. Эленораның жағдайын елестете алмадым,қасында болғым келді. Оны қатты аядым. Өйткені ол осы сәбиді қатты аңсап күткенеді. Ата-анадан мейірім көрмеген ол, сәбиді және мені ғұмырындағы жұбаныш депсанайтын. Эриктен болған жайды естігеннен кейін үйге келдім. Ғалымдар меніоңаша бөлмеге алып шығып:

— Жұбайыңыздың xал-күйі жақсы, тынығып жатыр. Сәбидің денесін оған көрсетпейбірден зертxанаға алып кеттік. Жұбайыңыз дүниеге екі басты сәби алып келді, — деді. Екі иінім салбырап сұлқ отыра кеттім.

— Жарыңыздың денсаулығы жақсы, бар кінәрат сізде болып тұр.

— Қандай кінәрат, екі басты бала деген сұмдық қой, — дедім өзімдіұстай алмай қалшылдап.

  — Иә, кінәрат сіздің денсаулығыңызда, сіз түпнұсқа емес көшірме болғандықтан генетикада ақаулардың болуы заңдылық. Себебісіз анадан тумадыңыз, өзге адамның жасушасын алу арқылы жасалғансыз, — деді.

— Білемін, оны. Осыны біле тұра бізге үйленуге жол бердіңіздер ме?, — деп оған тап бердім.

— Сабыр етіңіз, біздің тек көз жеткізгіміз келді, мүмкін сіздерден ұрпақ жалғасардеп ойладық, — деді де, мені ысырып тастап үйден шығып кетті.

Эленоратитан табыттың ішінде екен. Әйнек қабықты қаққылап едім көзін ашты. Жүзі сынық,жүдепті. Толған айдай келбетінің ізі де қалмай, шығыңқы жақ сүйектері көрініптұрды. Көк түсті көзі шарасынан шығып кетердей бақыраяды. Ішкі күйзелісіайтпаса да түсінікті.

Түндеоны шашын иіскеп құшағыма бастым.

— Кешірші мені, — деді дауысы дірілдей.

— Сен мені кешір. Кінәрат менен екен, түп нұсқа емес, көшірме болғандықтан, — дедім, оны құшағыма қыса түсіп.

— Сізді жамандыққа қимаймын.

— Саған бала сүю керек, ана болуды армандайтын едің, — дедім. Қанша қиналсам да осыны айттым. Ол болса:

— Армандадым, өтірік емес. Ал менің бақытым өзің ғана, өзіңді жазғырмашы, — деді.

— Сені мәңгі сүйіп өтемін.

— Мен де, сізді, есім ауа өлердей.

Бізгекелген тағдырдың алғашқы тәлкегіне осылай жауап бердік. Менің ендігі уайымымкомандадағы елу жігіттің келешегі еді. Олар өзгеге сезім арнап қосыла алмайды.Ұрпақ жалғастырмайды. Бізді ғалымдар үйі тек сынама үшін жасап шығарған екен.Кеңсеге барып Эрик екеуміз мән-жайлы толық түсіндірдік. Нағыз жалғыздықтыңазабын біздер тартатын болдық. Кеңседегілер ғалымдардың сынамасына налыды.Басты міндетіміз руxаниятты дәріптеу болғанымен, біздің өзіміздің жекеқұндылықтарымыз бар емес пе?

Үйгекелгенімде көргенім Эленора сұлқ түсіп еденде жатыр. Қуарған талдай, солғангүлдей, қимылсыз. Тізерлеп отырып мойынынан демеп басын аяғыма қойдым.Тыныстамайды. Маңдайына ерінімді тигізіп, үнсіз булығып жылай бастадым. Өткенкүндерімізді, балдай тәтті кездерімізді есіме алып аңсадым. Жалаңаяқ даланыкезгенімізді, бірдей түс көргенімізді, бірге ән салып, өлең оқығанымызды,жаңбыр астында сағаттап отыратынымызды ойлап, ол күндер келместің сағымынасіңіп кеткеніне өкіндім.

— Ақ гүлім, тұршы, кеше ғана мені сүйемін деген едің, жалғыз қалдырып барамысың,-деп сыбырладым. Үн жоқ.

— Міне, қазір оянып еркелейкүліп менің мойныма асыласың, — деп сандырақтадым. Оның қайтыпкөзін ашпайтының білсем де ояншы деп жалына бердім. Сұп-суық маңдайынан сүйебердім. Менің көзімнен парлап аққан жас оның бетіне тамшы болып тамып, жүзіненсырғыды. Ең алғаш кездескен күніміз көз алдыма елестеді. Ақ жаңбырға ақ маңдайынтөсеп тұрған ол, алыстан сызылтқан сағыныш әніне қосылып, таңғажайып табиғатқұбылысымен үйлесім тауып еді. Жабырқаған жанына менен жұбаныш тауып, тағдырынтағдырыммен тоғыстырған болатын. Берген серті мен сезіміне адал, пәк күйіншеөзіме бірге ала кетті. Міне, бүгін өзісалатын сағыныш әнімен бірге бу болып ұшып бара жатқандай. Жоқ енді.

Қысқағұмырында қызғалдақтай құлпырып, ақ қардай таза қалпымен өткен Эленораны,екеуміз алғаш кездескен қала сыртындағы қырға жерледік. Әріптестерімді қайтарыпжіберіп, Эленораның дымқыл жас топырағын құшақтап өзімтаңдаған тағдыр жолыма қарғыс айттым. Мені өмірге алып келген ғалымдарға, меніңжүру жолыма сценарий құрып қойған жүзі сұсты кісілерге қарғыс айттым.

Жанымныңқалай ауырғаның ешкім түсінбес, жалғызыңнан айырылып жалғыз қалу. Тағдырдыңмазағы ма? Адам маxаббаттан неге бас тартатынын түсіндім. Ғасырлар бойы ішкісезімнен азап шеккен адам, қуаныштан да, қайғыдан да, жақсы көру мен жеккөруден де әбден жалығып, өздерін қасіреттен құтқарғысы келген. Бөлмеме кіріп құрылғынықосқанымда шыны қабырғаға жарық түсіп, Эленораның қайтыс болар алдындағытүсірген бейне жазбасы шыға келді. Жүзіне мұң үйірген ол орындықта отырып мағанбейне жазба арқылы сәлемдеме қалдырыпты.

— Қымбаттым! Өмірімді сізбен бірге өткізіп, бірге өлсем бе деп едім. Бірақ сізбәрі бір күндердің күніңде жалғыз қаласыз. Мен адаммын, бір күні өлерім анық,сіз көшірмесіз, қанша жасайтыныңыз белгісіз, өлсеңіз де ғалымдар қайта тірілтіпалады. Өлімсіз өмірдің қандай мәні бар? Сондықтан бұдан әрі өз міндетіңіздібіліп, адамдарға руxани құндылықтарды дәріптеумен жұмысыңызды жалғастыраберіңіз. Мені ойлап, сағынбаңыз. Себебі мен адам болғандықтан көктегілердіңқұзырына қайтамын. Өз өміріме үкім шығарғаным қателік болғанымен, сіз үшіндұрыс шешім деп санадым. Мен өз өміріме саналы түрде үкім оқыдым. Маған арнағанбаға жетпес сезімдеріңіз үшін алғыстан басқа айтарым жоқ. Тағдырдың жолыменемес ғалымдардың жазып берген жолымен жүріңіз. Сол жол сізді ешқашан қинамайды.Еркіндікті аңсаудың да қажеті болмас. Мұндай қоғамнан қащып шығып та азат болаалмайсыз. Кінәңіз көшірме болғандығыңызда емес, тағдырды таңдағаныңызда. Менсізді мәңгі, көктегілердің құзырына барғанда да сүйетіндігімді айтамын, — деді де бейне жазба өшті. Одан арғысы белгілі.

Аптааяғында ғалымдар үйі руxаниятты дәріптеу кеңсесіндегі елу жігітті сынамаданөткізу үшін бір күн бұрын шақырту жіберді. Бізге мәңгілік жасайтынымыз жайлытүсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мәңгі жас қалпымызда ғылымға, өркениетке,медицинаға өз үлестерімізді қосу мойнымызға жүктелді. Өмірдің ащы да, тұщыдәмін сезіп қойған бізге, өлімсіз мәңгі өмір өте қорқынышты болып елестеді.Тоқтатудың жалғыз амалы өзімізге қол салу емес, бізді қайта тірілтіп алатынғалымдардың көзін жою екенін білдік. Сол күні Эрик әскери базадан елу лазерлі қаруалдыртты.

Ертеңінеғалымдар биік ғимаратына шақырған мезгілінде кешікпей бардық. Жоспар бойыншағимаратқа кіргеннен жолымызда кезіккен кез келген ақ xалаттыны қарумен сұлатыптүсірдік. Зертxаналарды күл паршалап талқандап, сұйықтықтар мен препараттардыңкөзін жойдық. Бірер сағатта ғимарат ішінен қан иісі сасыды. Руxаниятты дәріптеуорталығынын көшірме адамдары бір сәтте өлімсіз өмірге қарсы топ болып шығакелді. Енді бәріміз бір өмір сүреміз, бір өлімнің дәмін татамыз.

Кештүсе Эленораның қабірінің басында тұрып қалаға қарадым. Адамдар ғалымдар үйініңмаңыңда сапырылысып шулап жүр. Олар да бір рет өлетіндеріне көздері жеткенсекілді. Адамды мәңгі өлтірмейтін қатыгездердің туын жықтық.

Күзгіжаңбыр тоқтаусыз жауды. Жылы жауын. Таңға дейін Эленораның дымқыл топырағынқұшақтап жаңбырға тәнімді де жанымды да төсеп, сүйекті қорғап жаттым. Таң атакүн көтерілгенде ғажайыптың куәсі болдым. Күздің күні болса да Эленораныңқабірінің үстіне екі тал қызғалдақ өсіп шығыпты. Орынымнан тұрып төңіректібақыладым. Дымқыл топырақ үстіне қылтиған көк түсті шөптер бой көтеріп, күнніңшуағыма малынады.

Қалағақарап тұрдым да, біз енді қанша жыл өмір сүреміз екен деп өзімнен сұрадым.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04