Әлихан Смайлов үкімет басшысы болып тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты премьер-министр қызметіне ұсынды, — деп хабарлайды «Жас Алаш».
Депутаттар Әлихан Смайыловтың кандидатурасын бірауыздан қолдап бүгін үкімет басшысы Әлихан Смайлов болып тағайындалды.
Еске салайық, бұдан бұрын 5 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. Әлихан Смайылов премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалған еді.
Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2015 жылдан бері Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған болатын. Оған дейін 2009-2014 жылдар аралығында Қазақстан Статистика агенттігінің төрағасы болды. Осы күнге дейін екі рет қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ал 2019 жылы Үкімет отставкаға кеткенге дейін қаржы министрі болды. 2019 жылы 25 ақпаннан бастап премьер-министрдің бірінші орынбасары — қаржы министрі қызметіне мақұлданды.