Алима МОМЫНХАН. Бақи сапарындағы соңғы арман

21.11.2018, 00:43

13

БАҚИ САПАРЫНДАҒЫ СОҢҒЫ АРМАНнемесе Қанипаның Жерұйығы Ымырт. Қараңғы. Көк кіндігінен жын-перілер сау етіп түсе бастағандай. Ғазал шақ. Сұрқай қараша үй. Үстел жағалаған-үшеу. Қанипа бүгін тағы мазасыз.Шаршаңқы.Жүдеу.Сана тозған, күні озған.Құдай ажалын күттіргендей. — Жоқ. Əзірге өлуге болмайды! — деп ойлады ол. Жан дүниесі, тұла бойы арпалыс. — Ұлымды ащы судың құрсауынан құтқармайынша ажал жоқ! Келме Əзірейіл! — деді қайталап. Шалдың кеткеніне тура жиырма жыл. Беттегі тарамыстанған əжім, күстелген қолдар тірлік табы, жоқшылық тауқыметін көп тартқандығын аңғартады. Жастай жесір қалып, бұғанасы қатпаған екі перзентті өсіріп жеткізу, қанатын қатайтып, ел қатарына қосу кімге де болса оңай соқпасы хақ. «Бейнеттің зейнетін көрер шаққа» жеттім-ау дегенде жанын жегідей жеп, жүрек тұсынан бəз біреу кеп аяусыз қанжарын сұққылағандай болды. Ананың аяулы алақаны тым жұмсақтау болды ма, əлде əкелік қаттылық көрмегендіктен бе, Нұрхаттың адамшылықтан кеткеніне біраз уақ болып еді. Ішкіліктің құрбанына айналғанына үш жылдың жүзі болды. Жары Айсұлудың да күнде көргені таяқ, жарынан естір бір ауыз жылы сөздің жоқтығынан болар, тағдырына лағынет айтып, мейірім дегенді ұмыта бастады. Балаларды аяусыз ұрды, енеге қызмет қылудан қалды. Қыңыр мінезді шығарды. Қанипа ең əуелі, мейірімге зəру немерелерін аяйтын. Үйден саналы тəрбие көрмеген перзенттің келешегі не болмақ?Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілесіңнің кері келіп жүрмесе жарар еді. Ауыл шетіндегі сүреңсіз үйде болып жатқан сұрқай көріністер еді бұл.Қала.Ығы-жығы халық. Қалың нөпір. Ғыз-ғыз қайнаған тіршілік. Асыққан адамдар.Көлік толастамайтын,үзілмейтін үлкен даңғыл жол. Əркім өзінің жолында, бəрінің санасында ит тірліктен бір ауық сейілсем екен, бір уақ бой жазып демалсам екен деген ой бар сықылды. Көп қабатты пәтер. Балконда Дархан тыныстап жатыр. Ас үйде шүйіркелескен екеу.Ерекше жылылық байқалады. Қызына аналық ақылын айтып отырған,үлкеннің ізетін, кішінің құрметін орнына қоя білетін, ашық жүзді, жылы шырайлы, Дарханның жары-Үміт. Бұл ерлі-зайыпты екеуі де, аз-маз көрген, білген,өмірден түйгені бар оқыған адамдар болатын. Бір сөзбен айтқанда-жылылыққа, ынтымақ, бірлікке толы отбасы. Атын естігеннен-ақ үрке қарайтын, бəз біреулер құбыжық көріп жүрген ешқашан тіршілігі үзілмейтін, бір пəс саябырсуды білмейтін, еңбекті серік еткені де, арам ақша табуды мұрат тұтқаны да, көлеңкелі өмірден жалтарғаны, да бəрі -бəрі табылар қала тынысы еді-бұл. Дарханның соңғы күндері сабыры сарқылып, анаға деген сағынышы ауылға аттандырып еді. Осы жолы да анамды алып қайтамын — деген ойда барған-ды.Ана қадірін түсінер, бағалар бауырдың сиқын көріп ертіп кетпекке əрекет етіп, жалына жалбарынды.Ана — жүрек оған көнсін бе? Қанипа бұл жолы да, қалаға бармасқа, кету жайында ауызға алмасқа тас-түйін бекініп еді. Санасының бір ұшында, əлде ол өмірді де көріп кетсем бе екен,-деген ой қылаң беріп еді. Босағада қатулы кейіпте, налынған шалының сұлбасы елестей кетті.-Уа,əруақ! Жоқ! Жоқ! Жаным кіресілі- шығасылы, бір аяғым төрде, бір аяғым көрде тұрған мені жылы орнымнан қозғама. Өлігім осы жерден шықсын. Əлгі қалаңа барғанда өлігім орыс-орманның ішінде қалмасына кім бейіл? Мені,қой мына тəмпіш қараны ілестіре кет, өзіңмен! Оқысын, тоқысын, көрсін. Əке жолына түспесін. — Иə, бұл пұшықтар-руханиятымыздың сақшылары. Тамыры тереңнен бастау алатын төл тарихымыздың құнын еселеп арттыратын кемел келешек өкілі емес пе? -деді бір-бірін қуа жөнелген балаларға қарап. Адамды кəрілік жеңген сайын, жаны тыныштықты қалайтыны бар емес пе? Күнделікті ит — шығыс тірліктен,ұрыс — керістен, ерегестен, пақыр перзенттен, бетбақ келіннен шаршамады ма?Ендеше, оны мұнда ұстап тұрған не күш, Не құдірет? Əуелі, əруақ алдындағы парызы, ақ босаға аттап кірген, ана деген ардақты,əже деген салмақты атқа ие болғаны, бəрі- бəрі көз алдында. Өйткені ол оның- ТУҒАН ҮЙІ.Қазақта "қара шаңырақ«деп аталар қастерлі ұғым бар.Ал, Қанипа сол ұғымды өн бойына сіңірген, салтқа берік қазақ əйелінің бір символы ғана.Қанипаның жанына жалау болған сол немересі бүгінде, үлкен қызметте. Бір кісідей атағы, мансабы, билігі де бар қолында. Ауылды ащы судан аластатып, көк күмбезі көкпен таласқан Алла үйін салдырды. Ең бастысы, атаның баласы емес, адамның баласы болды.Қанипа бұл күндерді көрмей кетті. Бірақ, оның еш өкініші болмас, сірə!Өзі өлгенмен,өнегелі тəрбиесі өлмеді. Шөп басқан зиратқа барып, Қанипаға құран бағыштағанда кемпірдің əруағы аунап түскендей еді. Қанипаның сол ұлы мұратын орындаған — ҚАЛА. Бұл атаудың астарында, таланты тасқа кетілген, тарихы өшпестей етіп қашап жазған, заманнан заман туғанда да ұрпағы əсте ұмытпайтын, ұмытылмайтын мəңгілік есімдер жатыр.Бұл аттың астарында, сарқылмайтын күші, қажымайтын қайраты, өр рухы, қазақ деп соққан жалынды жүрегі бар, жасампаз елдің кемел келешектері тұр. Біз — тұрмыз!Фото: zloch.ru
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39