Әлішер РАХАТ. Қара мысықтың қожайыны

06.11.2019, 13:13

8

Қара мысық иесі сипаған сайын, сүйсіне көзін сығырайтады.Пыр-пыр… Теледидарға көзін ғана қадап қойып, диванда отырған қожайыныныңалдында бүрсиген қалпы. Пыр-пыр… Үй егесінің тамырлары адырайып кеткен аппақкүрек қолдары басынан жанап өткенде, сәл еңкейіп, арқасына қарай ойысқандаеңсесін көтеріп, келесі сипалауды күтеді. Жетінші қабаттағы пәтерде екеуіжетімсіреп… Құлаққа қарай жанталасатын дыбыс жоқ: теледидар болар-болмасміңгірлейді, жоғарғы жағы сәл ашық пластик терезеден қаланың дауысы сығылысыпкіріп, талып естіледі. Үй жануарының еркелегені ғана анық. Пыр-пыр… Екіғашықтың аймаласып жатқандағы діріл үніне ұқсас.

Қара мысықтың ермек үшін «ойнай» тұратын тышқандары жоқ.Жұмыссыз. Өмірдің бейқам бір толқынындағы жануардың жүрісі де, тұрысы да, баяу.Маңғаздана аяғын айқастыра басып екі бөлмелі пәтердің ішін аралап жүреді де,қояды. Есінеп, қалғып-мүлгіп… Қарны терісінен шыққан үлкен қара теледидардыңүстеліне бір шығып, арт жағындағы қуыс-қуысын қарағансып, екі кісілік төсектіңастын тіміскілегенсіп, ванна жақтан әлдене іздегенсіп, шағын шкаф пен шифоньержақтан сезіктенгендей, жатады да, сәлден соң айналып кеп, ас бөлмедегітоңазытқышқа мияулайды. Қожайын үйде болғанда осылай алдына жата кетіп, жалғыздығынтыныштыққа айырбастайды.

Телефоны шырылдағанда қара мысық мән бермегенсіп, көзінашпастан, отыра берген, алайда иесінің төбесінен құйрығына дейін сипалаған қолықайтып оралмады да, тұтқаны көтерді, әрі демі жиілеп… Қожайын емес, бағыныштыкісіше көндіге басын изегенсіп, әлденеге келісіп отыр. Тұтқаны қойғаннан кейін,телефонмен сөйлескенге дейінгі сабырмен емес, әлдеқайда асыққан алақанымен қарамысықты шала-пұла жалап өтті де, шифоньерден киімдерін ауыстырып, айнаныңалдына кеп, шашын тарап, қара жемпір, қара туфлиін киді де, есіктен аттапшықты. Әдеттегіше, қожайын сол есіктен шыққан сайын шырт-шырт еткен дыбысестілді.

Мысық егесін шығарып салған соң, екі-үш мәрте терезегесекіріп, жақтауына әрең ілінеді де, қалаға қарап отырды. Төменде кішкентай-кішкентайтүрлі түсті әлденелер ары-бері сап түзеп кетіп жатыр. Ондайға үйренгенжануардың көзі мына әлемнен сырт айналып, ойға батқан адамша әйнектің арғышетіне ұзақ телміріп тұрды.


***

Қара мысықтың иесі подъезден шыға бере мүжілген бетонбаспалдаққа қара туфлиі тиді де, аулада отырған екі кемпірге бас изей амандасып,тұрақтағы көлігіне бет алғанда, құлағын кемпірлердің сөздері қуып жетті.

— Осы ғой, ә?

— Иә, осының әйелі.

— Әйелінің жүзі жылы, әп-әдемі еді ғой. 

Қожайынның қураған сарғыш жапырақтарды сындырған жүрісіөзгермеді, тіптен ішінде де, алай-дүлей сезім болмады, өйткені дауысты-дауыссызәріптерден құралған сөздерді сол күйі, қалай естіді, солай санасының қарақалтасына тығып жіберді. Миының ойлап, саралап, сараптайтын сахнасының артыменбілдіртпей апарып, күмп еткізді. Оның қайыры мынада: жол бойы ойланып, басықатып, жүрегі ауырмайды. Қожайын жетінші қабаттағы пәтеріне кіргенде ғанаойланады, ал подъездтен аттағанда, ой-өрісін автоматты режимге қойып,«қайталау» деген кнопканы баса салар еді де, денесін «жұмысты бітіруге»жұмсайды. Қаумалаған, шулаған көліктер, кептеліс, радиодағы әуен оған түк теәсер етпейтін.

Тоқсан бірінші жылы зауыттан шығып, тағдыр айдапҚазақстанға келген көлігін дыр еткізіп оталдырды да, абайлап артқа жүріп,айналардан көз мөлшермен есептеп, ауладан үлкен көшеге жол тартты. Көлігініңжылы ескі болғанымен, іші-сырты жып-жылтыр тұғын. Радиодан сүйіктісініңмахаббатын қайыршы секілді қол жая сұраған әлдекімнің әні әуелеп жатыр. Көшеортасында иелерін арқалап, небір себептермен қаланың жан-жағына асыққантүрлі-түсті машиналар. Жол жиегінде қол созған пассажирлерге асығып, кесекөлденең шыға келетіндер де, оларға ашуланып, сигналын ұзағынан басып, көліктерезесінің арғы шетінен ауыздарын жыбырлата өткендер де, бағдаршамғатоқтағанда, төбесіндегі жасыл жарықтың жануына сонша үңілгендер де, биікмашинада отырып, келеңсіздіктерді елемейтіндер де, музыканы бар дауысына қойып,тежегішті тақалғанда басатындар да, күйгелектігін шылыммен күйдіретіндер де,бәрі-бәрі әлдеқайда әр түрлі мақсаттың артынан ерген. Көшені жағалай орналасқантротуардан жаяу жүргіншілер төмен-жоғары ағылуда. Аналарының жатырынан қашыпшығып, табытына бағыт алған пенделер қала көшесінде сабылысып...

Ол жиырмаға тола қоймаған бойжеткенге жалға бергенпәтеріне жеткенше үш көріністі санасының қара қалтасына тығып қойды. Алғашқысыбағдаршамның бірінде тоқтап тұрғанда, жол жиегіндегі террасада отырған еркекпен әйелдің тамақты қомағайлана ауыздарына тықпалағаны. Келесісі – жаяужүргіншілерге арналған жолақ жолдан құшақтаса өтіп бара жатқан қыз бен жігіт,әсіресе жігіттің көзіндегі жылмысқы жымиыс… Соңғысы – трассаның оң жағындабаяу келе жатқан Қожайынның жолын кесіп, қол созған пассажирді бұдан қызғанғанкөлік жүргізушісі. Жанынан өтіп бара жатып көз тастаған еді, әлгі таксисттің ерегесугедайын көзқарасы...


***

Кезінде әйелі екеуі тұрған пәтердің қоңырауын басқанда,есіктің арғы шетінен еденді табанымен сырып бері қарай жүрген дыбыс шықты.Сырп-сырп… Кілттейтін жерден шырт-шырт… Тәніне жабысып қалған қызылхалаттың ішінде түк жоқ сияқты, себебі үрленіп алған кеудесінде кішкентай екінүкте қылтиып тұр. Иығынан сәл асатын сары шашы дымқыл, ұйысып қалған. Сап-сарымойнының желке тұсындағы майда-майда балапан шаштары кеуіп үлгерген.

Қожайын одан алдымен сәлемдесуді күткен, бірақ екеуініңкөзі түйіскенде барып ойынан адасып қалды, өйткені бойжеткеннің жанары «алдымдаадам тұр» деп тоқтаған жоқ. Қожайын осы қыздан үшінші рет байқады: алғаш пәтеркілтін бергенде, кейін екінші айдың төлемақысын алғанда да… Мына қыздыңжанары кісіге тоқтамайды. Иен даладан көз қадайтын нәрсе таппай тұрған кісішежанары сүзіп өтеді. Ештеңеге бөгелмейді де. Әйтпесе, Қожайын осы пәтердіңалдына келгенде өзінің үстемдігін сезінер еді, әрі осы қыздың алдында тұрғанбарлық квартиранттар оның алдында именетін. Ал мына бойжеткен тұздай көккөзімен көрмегендей сыңай танытады. Тіптен Қожайын өзінің осы әлемде барекеніне күмәнданып қалардай… Құдды бір қыздың ойынан құрастырып алған пендесісекілді. Мұхит түстес көзіне батырады да тастайды. Қырыққа тақаған Қожайындыда, оның артында тұрған дәліздің қабырғасын да, лазер секілді тесіп өтіп, озонқабатын ойып, хаостан бірақ шығатындай… Іркілмейтін көзқарас. Ол өзін Қожайынқылып ұстағандықтан, айна-көз оны осы үйдің егесі ретінде өзіне шағылыстыракөрсетуі керек еді, алайда көк көздің ішінде бәрі тұйықталып, кескін керіқайтпай, жұтылып...

«Бері жүр» дегендей, есікті ашық қалдырып, бойжеткен өзіәжетхана мен ванна жаққа аяғымен еденді сырып бет алғанда ғана ол шашырапкеткен ойларын жинады да, «жұмыс бабымен келген Қожайын» режиміне ауысты.

Әжетхана мен ваннаның тар бөлмесінде екеуі қысылысакіргенде, қожайынның табаны суланып, жерге қараса, түйілген дымқыл сары шарфжатыр екен. Бойжеткен бірден еңкейіп сары шарфпен еденді асығыс сүрткен болдыда, ваннаға сығып алды. Кезінде жұбайы кір жаятын жылы су келетін ирелеңдеген күмістүстес құбыр жұлынып түсіпті. Жанарына күмән толтырып алып, Қожайын «трубасынды» деп шақырған пәтерді жалға алушыға бір, сынған құбырға бір қарағанда-ақ,сары қыз бірден түсіне қойды.

— Төлеймін, — деп қысқа қайырды қыз. Дауысы да жиырмағатолмаған арудікіне ұқсамайды, салмақты… Басынан қар арылмайтын таудың ысқырықжеліндей үн… Суық. Нақты. Өзіне сенімді. Ешқандай әйелге тән ұяңдық, қысылу,қымтырылу жоқ, тек жалға беруші мен жалға алушының арасындағы келісімшартсекілді қарайтындай. Қожайынның күдігінен айналып өтіп...

— Сантехник шақырта салмадыңыз ба? — деді Қожайын жылтырқұбырды қолына алып. Алайда көк көз қыз пысылдап демалған күйі тұра берді.Жылтыр темір труба ыстық су құбырына жалғанған жерінен майысып, кеңіп кеткенекен. Ұстап салып көріп еді, қоқылдап тұр. Тар кеңістікті мелшие пысылдапдемалған қыздың үні сүйемелдеп… Унитаздың ішінен шыққан кіші дәреттің иісіҚожайынның мұрнын қышытып… Бір ойы «құбырды ауыстыру» деген мақсаттан сытылыпшығып, дәреттің ащы иісін құшырлана иіскегісі кеп, бар назарын шашып жібермекбоп… Осы бір иістің өзгешелігі бардай сезілді ме, әлде санасының аш Қожайынды«ерекше иіс» деп алдағаны ма?..

— Қазір келемін,  -деп,өзінің ойларынан өзі шошып, Қожайын миындағы геолокацияға В нүктесі қылып жақынмаңдағы базарды алды да, есіктен шығып кетті.

***

Базардан жаңа құбыр мен көлігінің багажынан плоскогубц,кілттерін алып, пәтерге кіргенде, жатын бөлмедегі терезенің алдына қойып алғанүстелінің үстінде бойжеткен… Арқасы жоқ орындықтан бөкселерінің ортасынажиырылған қызыл халаты көзіне бірден ұрды… Қолына қағаз бен қалам ұстап, ойғашомған көк көз бойжеткен бұған бұрылмай, оның қашан келетінін, қашан кететінін нақтыбілетіндей, елемей отыра берді.

Оның демалысы сондай қатты ма, әлде, Қожайынның екіқұлағы сол жақта болды ма, әйтеуір, құлақ түбінен пысылдаған үн кетпеді. Құддыбір үйіндегі қара мысығы тәрізді… Терезенің алдында бүрісіп алып…Пысылдап...

Трубаны кілтпен бұрап, жалғап жатқанда, клеткалары сөлбөліп, тері бұрқ етіп, тәнін дымқылдандырып жіберді. Тар бөлменің ауасы даайналатын жер таппай оның мұрнын айналшықтап жүргендей… Кіріп-шығып… Дәреттіңиісі мен тердің иісі араласып, құлқынның қылын шерткенсиді. Естеліктерменеліктіргісі кеп, әйелімен осы пәтердегі ескі көріністерді көзалдына әкепқойсын… Бірақ, Қожайын ол ойлардың бәрін мидың қара қалтасына тықпаштапжатып, трубаны жалғады да, құрал сайманын жинап, дәретханадан шығып, солмелшиген күйінен танбаған қызға қарата:

-        Жеті мың! Келесіайдікімен қоса есептеймін,-деп, әйеліне қатысты естеліктері бар пәтерден қашыпбара жатты.


***

Есігін ашқан кезде мияулап қара мысық күтіп отыр екен.Табалдырықтан аттап баса сала, жұмыспен кеткен кісінің кейіпін үйінде қарамысығы бар, ажырасқан еркекке ауыстырды. Әрі әлемнің кіндігінде тұрғандай өзінеркін сезініп… Осы нүктеден қаланың әр бағытына тартып кете береді, бастапқысыда, соңында оралатыны да – осы пәтер. Бар жауапкершілікті есіктің сыртынатастап кеткендей… Мамыражай күйден тас-түйін болған миындағы қара қалтабіртіндеп ашылып… Бейне бір құмырсқаның илеуіндей, бірақ бірте-бірте құжынайбастайтын тәрізді. Ақ параққа тамып кеткен сиядай жан-жағына жайылып… Подъезденшыға бергендегі екі кемпірдің ретсіз әріптері мозайка секілді құрастырылыпкірген құлақтан қайтадан сыртқа шығып, ауаға ілінетіндей. «Осының әйелі кетіпқалыпты»,-деп пе еді, әлде, «балалы бола алмаған соң кетіпті» деген бе еді?..Қара қалтаның қуысында бұрынғы әңгімелердің әріптері қалып қойып, қазір бірге шығыпжатыр ма, түсініксіздеу, алайда ол бәрін ақтаратын… Мияулаған мысығыныңбұрыштағы ыдысына асын салып жатып, ауладағы кемпірлердің сөздерін санасындашайнап… Сүйемелдеп, баяу ойнап тұратын фон музыка секілді қосып қойып…«Барлық әйел ана болғысы келеді ғой»… «Мүмкін, мәселе күйеуінде емесшығар»...

Меңірейген қалпы газ-плитаға шәйін қойып, тоңазытқыштаншұжық пен ірімшікті алып, жылт-жылт ете жалаңдаған пышағымен турап, буфеттеннанды үстелге орналастырып… Өзінің аш қарнын өзі тойдырмақ болып… Пәтердегіәйелдің де, еркектің де рөлін жалғыз актер ойнап жүр...

-        «Егер оның ары тазаболса, үйге таласар еді ғой», — дейді ойша, онысы – кемпірлерге берген жауабы,оның үстіне ол сезімдерін сыртқа экспорттамайды, осылай өз-өзін қамтамассызететіні болмаса.

Ысқыра қайнап, төгілуге шақ қалған шәугімге қарап, әжетханағакіргісі келді. Унитазға көздеп, шорылдатып жатқанда мұрнына сары жылы судыңиісі жеткенде барып, жалға берген пәтердегі иістің бұдан өзге екенін түсінді.Әрі, бұл тақырыпты әзірге жабық қалпында қалдыру үшін, әжетханадан тезірекшығып, қолын жуып, тамақтанатынын асығыс ойлай бастады. Тамақ ішкен соң,теледидарды қосып алып, диванда мысығының қасында жатса...


***

Күндіз көкте жалғыз күн болғандықтан ойлары да жинақылаусияқтанатын, кеш бата ыржың-ыржың ететін алыстағы жыпырлаған жұлдыздар сықылдыҚожайынның да ойлары бір мезетте сан-саққа алып ұшар еді. Көптің көзінекөрінгісі келмейтін ойлары оянып… Террасада тамақтанып отырған еркек пенәйелдің, жолақ жолдан құшақтаса өткен қыз бен жігіттің, әлгі таксисттің ортақнәрсесін іздеп бір ой жолға аттанды, онымен қатар әйелінің босанып-босанбағанынжорамалдап екіншісі кетті, құйрығына басын тығып алып, жанында пырылдап жатқанмысығына тиген алақандарынан тағы бір ой тұтанып… Миына тапсырма беріп қойып,ойларын жайып жіберіп, өзі диванда шалқасынан жатыр. Жалға берген пәтердегіәлгі иісті аңсаған бір ойы тіміскіленіп жүріп, еденде жатқан сары шарф пенсынған трубаға жеткенде, жан-жаққа сағым қуып кеткен санасы бір тоқтамға келіп,бәрі тыныштала қалды. Сынған құбыр мен сары шарфты ешкімді, ештеңені місетұтпайтын көк көзімен байланыстырып алып келіп, нақты бір тоқтамға тақалды да,Қожайын орнынан атып тұрды. Маужыраған қара мысық екі құлағын тікірейтіп, дивандаәп-әдемі бірге жатып, аяқ-асты апыл-ғұпыл киінген егесінен көз алмай қараптұрды. Иесі сыртқа беттегенде, артынан тұра ұмтылып, жүгірген еді, есік шырт-шыртетті. Қара мысық қараңғы бөлмеде терезенің жақтауына екінші рет секіргендеілініп, майда-майда сарғыш жарықтар қаптаған қалаға қарап отырды.


***

Жалға берілген пәтердің арендаторын асылып тұрғанқалпында көруге деген дайындығын Қожайын есіктің алдында тұрып бір қайталапалды да, екінші кілтпен шырт еткізіп, ашты. Бөлменің жарығы сөндіруліболғанымен, көшенің сарғыш жарығы терезеден талып төгіліп, үй іші алакөлеңке.Аяғының ұшымен дәретхана мен ванна жаққа жүріп, мойнын соза қарап еді, ішіненжарығы жанып тұрса да, есігі жабық екенін байқады. Есік пен жақтауының кірікпейқалған жерінен сәулесі қысылып жарқырайды. Мысықтабандап кеп, шиқылдаған есігінтығылып ашты, әйткенмен дайындалып келгені бекер болып шықты, көк көз қыз текжарықты өшіруді ұмытқан секілді. Бірақ есіктің ашылуымен бірге тар бөлмеден ішіпысқан унитаздағы ащы иіс қара мысықтың егесінің мұрнына жанталаса кірежөнелді. Әлде, Қожайын қаттырақ иіскеді ме, жоқ әлгі иіс дәретхананы алып кеттіме, беймәлім, бірақ құшырын қандырып жіберді. Өкпе мен танаудың арасын түгелтолтырып тастағандай… Аяқ киімін шешпеген қалпы, білдіртпей жатын бөлмегеенді. Көрпенің астынды пысылдап жатыр. Үйіндегі пырылдап ұйықтайтын қарамысығына ұқсап кетті ме, әйтеуір сүйкімді бір сәт… Шалқадан түсіп… Бірақ бойжеткенсондай жинақы, бейне бір оянып кетсе, не істеу керегін анық білетін кісіше…Аузы да, көзі де тарс жұмулы, тігінен тік қатып қалған. Екі қолын асқазаныныңүстіне айқастыра асып қойып...

Иіс… Әлсін-әлсін… Алыстан талып жетеді… Қожайынғақызық болғаны – ашық қалдырған дәретханадан келіп жатыр ма, жоқ көрпеніңастынан ба?.. Ванна жаққа еңкейіп бір-екі мәрте мұрнымен сорып көріп еді, оншабілінбейтін секілді, баяу еппен бұрылып, көрпеге бетін тақап, иіс іздегенісол-ақ екен, көрпенің ішінен әлдене жыбыр етті. Қожайынның көзі жеткені –иістің қайнар бұлағы матаның астында екен, әрі дәретханадағыдай ащы емес сияқтыма?.. Бөлек, десе де, ұйқас… Көрпеге қайтадан басын жақындатқанда, көзқиығымен қыздың бет-әлпетін аңдып… Мұрнына иісті магнитше тартқанда, тағы дакөрпе астынан әлдене жыбыр етті де, қыздың оң жанары сығырайып ашылып,Қожайынға сығалай бір қарады да, лезде тарс еткізіп жұма қойды. Ештеңегебөгелмейтін көз гауһар тастай жылт етіп… Төмен жақта тіміскіленіп жүргенқырыққа таяған еркекке көз-сәулесі тірелді, бейне бір миллисекундтарда шарфтаніздеген ажалын пәтер егесінің құшағынан көргендей… Пысылдаған қыздың үні ендіұйқыдағы арудікі емес, бөтен еркектен жасқанған қорғансыз қыз баланыңқорқынышына айналып… Сүйкімділік жантүршігерлік үрейге боялып… Қожайынныңмаңдайынан суық тер бұрқ ете қалды. Лап беріп… Егер қазір бойжеткен атыптұрып, шыңғыратын болса, жаңа салынған құбырға сары шарфпен асылған қыздыполиция тауып алып, суицид деп қылмыстық істі жаба салуға болады дегенлек-легімен ағылған ойларын тежей алмай...

Бұл оқиғаны тірідей миындағы қара қалтасына салды дағы,қыздың ояу екенін аңғармағансып, табанының ұшымен оқиға орнынан қашып шығып,дәлізбен аяқ-қолы дірілдей баспалдаққа бет алғанда, шырт-шырт деген есік кілттегендыбысты естіді.


***

Табалдырықтан аттағанда қара мысық кіре берісте екі құлағынтікірейтіп мұны күтіп отырғанын көрді де, тамырлары адырайған дір-дір еткен қолыменменшігіндегі жануарды бүйірінен ұстап көтерді де, темір қара есіктен шығарыпжіберді. Мысықпен бірге Қожайын деген мәртебесі де сыртта қалғандай… Есіктішырт кілттегенде жол бойы төгілуге шақ қалған қара қалтасындағы ойлары босапшығып, үйдің ішіне жайылып кетті. Жан-жақтан шуылдасып… Алғаш рет сыртқашыққан қара мысықтың мияулағаны қара темірдің арғы шетінен еміс-еміс...

Ауладағы екі кемпір оның жеке өмірін ажалдары жеткеншеталғажау етіп, террасада отырған аш еркек пен әйел адам етін жеуге білектерінсыбана дайындалып, жолақ жолдағы жігіт құшағындағы қыздың сенімін шыңғыртазорлап, жолаушыны қызғанған таксист көзі қанталап, пышақ ала жүгіріп… Тіріқалу үшін бәріне даяр адамдардың арасында анадайда бөпесін құшақтап, өміргеғашық көздерімен жәутеңдеп экс-әйелі тығылып тұр. Бөтен еркегі барын білгенкүнгідей көздері аянышты… «Мені жіберші, өтінемін, маған сенен ештеңе керекемес. Екі үйге де таласпаймын, ештеңенің қажеті жоқ. Тек ренжімей, меніжіберші» деген мына әлемнен бақыт іздеген жанарына мөлдіреп қана жас толып…Майда-майда тастары анық көрінетін бұлақ іспетті. Дәл сол сәтте әйелінің өмірсүруге деген құлшынысының құны бұның бүкіл ғұмырынан қымбатқа түскені, әрімәндерінің құлдырауына әкеп соққаны санасын торлап...

Көзі қарауыта бергенде, өмір үшін күресте бірін-бірітаптап жатқан қара қалтасынан шашылып түскен адамдардың ішінен мысық секілдітіміскіленіп, сары шарфпен асылып өлген жиырмаға толмаған қыздың етін иіскелепжүрген өзін көрді дағы...

Мияулаған мысықтың үнін бәсеңсіткен темір есікке сүйеніптұрып, құйрығын жерге ұрды. Тарс еткен дыбыс бұл пәтерде соңғы рет қашаншыққаны, белгісіз еді. Құшырлана иіскегіш мұрнынан су аға бастады. Тізесін құшақтағантамырлары адырайған қолдарына жұртты жатырқағыш бір тамшы жас ағып түсті.Екі… Үш… Көмейінен құсық секілді бейтаныс жабайы бір үн төгіліп, қыстыққан өздыбысынан өзі шошып, кісі өлтіруге дайын ойларын көршілері біліп қоярдай, аузынлезде алақанымен жаба қойып, тұншыға қыңсылай жөнелді. Дірілдеген алақаны сәлашыла қалса, өксік қашып шығып, жоғары жағы жартылай ашық тұрған пластиктерезеден өтіп, қаланың шуылына ілесе кетеді.


Суретті салған:Алина Ниязова


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34