Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:28

Әлия Назарбаеваға қатысты қоқыс фирмасы бағаларды қымбаттатқаны үшін айыпталды

Назарбаева
Фото: Жас Алаш коллаж

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаевамен байланыстырылатын «Astana Recycling Plant» ЖШС қызметіне бағаны қымбаттату фактісі үшін айыппұл салынды.

Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі арнайы аралас ауданаралық сотының шешімімен компанияға жалпы сомасы 54 млн теңге айыппұл салынды. Бүгінгі күнге дейін айыппұл толық көлемде төленген. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) баспасөз қызметі хабарлады.

БҚДА-ның Байқоңыр аудандық прокуратурасымен бірлескен тергеуінде қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) қабылдау, сұрыптау және қайта өңдеу қызметтері саласындағы зерттеу жүргізілген. Тергеу барысында «Astana Recycling Plant» ЖШС 2023 жылғы екінші жартыжылдықта қызмет көрсету нарығында монополиялық түрде жоғары бағалар орнатқаны анықталды.

Kompra деректеріне сәйкес, сол кезеңде «Astana Recycling Plant» компаниясының жалғыз құрылтайшысы – Green Future Management Ltd. компаниясы болған. Журналист Дмитрий Шишкиннің деректері бойынша, оның құрылтайшысы және басшысы – Мақсат Молдашов, ол Әлия Назарбаева мен оның туысқан сіңлісі Карина Алпысбаеваға байланысты құрылымдармен байланыстырылған.