Алла мен адам арасын саудалап жүргендердің мақсаты не?

09.08.2018, 18:33

275

Бүгінгі таңда әлемде діни экстремизм мен терроризм мәселелері өзекті саналып отыр. Шырмауықтай шырмалған дүниеден шығу да оңай емес. Ел қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жат ағымдарға есікті бекітіп ұстау қажет. Оның кең таралмауының тиімді бір жолы – ақпараттық-насихаттық жұмыстарды кеңінен жүргізу. Әсіресе жастар арасында. Өйткені жастар – еліміздің ертеңгі қанаты. Олардың алаңсыз білім алып, азамат болғаны әрбір ата-ананың арманы.Дін – нәзік сала. Ашығын айту керек, Алла мен адам арасын саудалап жүргендердің қитұрқы саясатына қарсы тұру үшін қоғамға мықты иммунитет қажет. Ал ол иммунитет – біздің тарихымыз, салт-санамыз, мемлекеттік деңгейдегі шаралар және әділ құқықтық құралдар. Осы мәселе төңірегінде билік діни экстремизм және терроризмге қарсы елдегі билік органдарын тегіс жұмылдырып келеді. Мәселен, 1999 жылы «Терроризмге қарсы іс-қимыл» туралы заң, 2005 жылы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл» туралы заң, 2013 жылы Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-17 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды.Алайда әлем болып терроризм мен экстремизмге қарсы күрескен сайын оның жаңа әдістері пайда болуда. Мәселен, бұрын террорлық жарылыстарды арнайы топтар ұйым­дастырса, бүгінде жүк мәшинелері мен көліктерді пайдалану негізгі құралға айналып отыр. Бұл ретте еліміз қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында іс-шара жоспарларын ұйымдастыруда.Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, ел хал­қының дін саласындағы мем­лекеттік саясатты қолдау деңгейі 2018 жылы 89 пайыз болса, 2020 жылы 91 пайызды құрайтын болады. Шынында, осындай нәтижелерге қол жеткізе алсақ, елімізде деструктивті және де діни радикалды қозғалыстардың аясы тарылатыны анық.Бүгінде Астана қаласында ресми түрде тіркелген 14 конфессиядан тұратын 49 діни бірлестік жұмыс істейді. Рухани білім берумен айналысатын Астана медресесі бар. Қазақстан Республикасы «Діни қыз­мет және діни бірлестіктер туралы» заңына сәйкес, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Астана қаласы қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есиннің айтуына қарағанда, 2017-20 жылдарға арналған «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру тобы 500-ден астам шара өткізген. Дін тақырыбына арналған кітапшалар «ASTANA-BILIMLAND» электронды кітапханасына енгізілген. Жалпы, басқармаға қарасты Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Сенім телефонына» жыл басынан бері 1520 адам хабарласқан екен. Жыл басынан бері діни бағытта әкімшілік құқық бұзушылықтың 63 дерегі тіркелген көрінеді.   Жалпы алғанда, діни экстремистермен күресудің қиындығы неде? Қоғамдық даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде 23 мыңнан аса адам жат ағымның жетегінде кеткен. Оның ішінде 800 адам заңсыз әрекетке барғаны үшін сотталған. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Аманжол Оразбаевтың айтуынша, қазіргі таңда жалған діни ағым өкілдерімен жұмыс жүргізудің тиімді механизмі қолға алыныпты. Мәселен, деструктивті діни бірлестіктердің мүшелерін анықтау, есепке алу және оңалту мақсатында қоғамдық даму министрлігі, ҮЕҰ және Астана қаласының әкімдігі бірлесіп жұмыстар атқаруда.Өткен жылы дәстүрлі исламға дес­труктивті діни ағымның 940 мүшесі қайтарылған. Бірақ, өкінішке қарай, оны растайтын құжат жоқ.Жалпы, жат дінге өтіп кетудің түрлі жолдары бар. Жастар мен тәжірибесі жоқ азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік желі арқылы таратылатын жалған насихаттарға еріп кетеді. Бұл жерде міндетті түрде басын ашып алатын мәселе бар, ол – діни ахуал ұғымы. Діни ахуалдың тұрақтылығы еліміздегі мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынас, конфессиялар арасындағы өзара әрекеттестік, азаматтар­дың ар-ождан бостандығының деңгейі, дін саласын реттейтін қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы, азаматтар­дың дін саласындағы саясатқа қатынасы мен дін саласындағы ахуалды бағалауы тәрізді көпқатпарлы өлшемдердің нәти­жесінен құралады.Бұл жағынан алғанда еліміз­дің дін саласында шешімін таппай отырған мәселе жоқ. Мемлекеттік-конфессиялық тұрғыдан дәйекті қатынас орнатылып, азаматтардың діни бостандығы толығынан қамтамасыз етілген.Өкінішке қарай, дінді бір­жақты түсінетін ради­кал­дық ағымдардың идеяларын ұстану­шылар тарапынан еліміз­де соңғы 5-6 жылда бір­қатар жантүршігерлік оқи­ғаның орын алғаны мәлім. Десек те, осындай оқиғалардың өзі еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығына сызат тү­сіре алмайды. Керісінше, мұндай лаңкестік оқиғалар қоғамда берік орныққан конфессияаралық келісім мен ауызбіршіліктің баға жетпес құндылық екеніне көзімізді жеткізе түседі. Сондықтан еліміздегі діни ахуал тұрақты екендігін және діни себептерді бүркеніп, радикалдардың қатысуымен орын алған бірді-екілі оқыс жағ­дайлар оған түбегейлі әсер етпеді деп толық сеніммен айта аламыз.Десек те, бұл еліміздің дін саласында ешқандай мәселе жоқ дегенді білдірмесе керек. Біздің қоғамымызда радикалдық діни ағымдардың деструктивті идеяларының таралуынан көрініс тауып отырған және көпшілікті алаңдатып отырған мә­селе­лердің бар екені сөзсіз. Радикалдық діни ағым­дардың ұстанушылары өз идея­ларын біздің ұлттық мәдениетімізден, рухани дәс­түрлеріміз бен құн­ды­лықтарымыздан жоғары қоя­ды және діни талаптармен өмір сүретін мемлекетті қоғам­дық құрылыстың «ең дұрыс жүйесі» деп есептейді. Ал мұндай шетін идеялардың біздің мемлекетімізге және сан ғасырлық тарихымыз бен мәдениетімізге қайшы келетіні айтпаса да түсінікті.Жалпы, зайырлы мемлекет болып табылатын біздің елімізде қандай да бір ресми немесе міндетті дін жоқ. Керісінше, зайырлы мемлекетте діннің дамуына және азаматтардың діни сенім бостандығына кең мүмкіндіктер беріледі. Бұған алысқа бармай-ақ, біздің еліміздің тәжірибесін алсақ та жеткілікті. Осы орайда, біздің елімізде әлеуметтік қатынастар, соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, отбасы және неке институттары діни нормалармен емес, зайырлы заңнамалармен реттеледі. Дін бұл салаларға араласа алмайды және араласпауы тиіс.Жалпы, сәлафилерге ғана емес, барлық радикалдарға тән бір ерекшелік – олар өздерінің жалпы сауаттарының және зияткерлік деңгейлерінің төмендігінен рухани құндылық­тарды емес, керісінше, адам мен қоғамның тұрмыс-тіршілігін, жүріс-тұрысын, киім киісі мен басқа да сыртқы көріністерін реттейтін хадистерді дәл сол күйінде сөзбе-сөз түсінеді және сол талаптарды толықтай орындауға тырысады. Осындай келеңсіз мәселелер еліміздің дамуының зайырлы қағидатын ілгерілетуге және зайырлы өмір сүру құн­­ды­лықтарын кеңінен насихаттауға бағытталған жұ­мыстарды кү­шей­те түсуді қажет етеді. Сондықтан еліміздің діндар азаматтары, ең біріншіден, өз елінің патриоттары болуы тиіс. Олар жақсы білім алып, адал еңбек етуді, өздерін үнемі жетілдіріп отыруды, заң талаптарын сақтауды басшылыққа алулары керек.Бағдат ҚалыбайАстана
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
    06:56
  • Оқшауланған Ресей: Путин тұтқындала ма?
    06:37
  • 13-премьер: құт па, жұт па?
    06:45
  • Қандай елде өмір сүреміз?
    17.03.2023, 05:35
  • Сайлау: Мойның жуан болса мақтан, жіңішке болса - сақтан!
    17.03.2023, 05:28