Алмабек ИБРАЙЫМОВ. Менің Алматым

25.10.2018, 14:46

67

Менің Алматым(Студент жігіттің күнделігінен)Сен сенімен бала кезден таныспын. Бұрын сені балалықпен елемеген де сияқтымын. Сен маған алып тауларыныңмен маңғаздана қарадың. Алайда сенен де өткен тәкаппарлық танытқан мен үшін Көктөбедегі мұнара еді. Ол менің университетімның кітапханасының жанынан анық көрінеді. Студенттердің сүйікті ордасының біріне айналған дәл кітапхананың жанында маған кеудеңді көкке щүйіре қарап тұрғандай едің. Алайда мен сенен де өткен өрлікті Тәңіртаудан үйренгенмін. Өзіңдікі дұрыс болса, ешкімге бас тиеуді, маған тауларым үйреткен еді.Саған теңеу келерліктей сенен сұлу ешкім жоқ. Кейде бар сұлулықты саған берген бе деп қаламын. Сенің сұлулығың кәсіпқой боксшының нокаутындай естен тағдырға алады. Түп-түзу көшелер, субұрқақтар, саябақтар. Әсіресе, ҚазҰУ-дың бойындағы студенттер «Весновка» атап кеткен Хамит Ерғалиев жағалауы қатты ұнайтын. Жағалаудан ағып жатқан судан сенің сырыңды білгендей күй кешетінмін. Жағалаудағы әткеншекте тербелгенде аспанға қолым жетер деп те ойлайтынмын. Тіпті Esentai Moll-дың өзін бір ғана алақаныма сыйғызып алатындай күйге енуші едім.Алматыны алақанға да сыйғызуға да болады. Тек ол үшін Көктөбеге бару керек. Көктөбе қос алақаныңа бүкіл Алматыны сыйғызып алуға болатындай. Ал сенің қалай ұйқыға жатып, көз ілетініңді де Көктөбеден көруге болады. Көктөбеден батқан күннің сәулесі сені ерекше нұрландырып көрсетеді. Бұл да өте керемет сезім.Әлі есімде ең алғашқы күзгі жауынның сіркіреп тұрып жауғанында ҚазҰУ-дың алдындағы адамдардың барлығы дерлік бірдей қап-қара қолшатыр ұстап жүрген еді. Олар кім? Таныс па? Оны ешкімде білмейді. Тек оларды байланыстырып тұрған тек қана жаңбыр мен қолшатырлары еді.Алматым… Менің он тоғызыншы қысымды да сенімен қарсы алдым. Аулыда қалған ата-анамнан жырақта қарсы алған туған күнім еді. Туған күнімді Әл-Фараби даңғылының бойында қарсы алған едім.Кейде өмірді дәл осы сенің тамырың деп білетінӘл-Фараби даңғылына теңеймін. Себебі даңғылдың бойында қаншама жүрген көліктің барлығы сенде өмір сүріп жатқан жұмыр басты пенденің ғұмырына ұқсатамын. Әр түрлі бұрылыстар мен қиылыстар, аялдамалар, көпірлер мен гүлзарлардың адам өміріне келер «сыйлығына» ұқсатамын.Алматым кейде сен «ақылдысың»! Себебі, сен маған келгелі бір ай болған шақта нағыз достық пен жалған достықтың бетін аштың. Қаңтардағы қақаған суығыңды да ала келдің. Бұл жағдайда, мектептегі ағайдың бір айтқан сөзі есіме түседі. 11-сыныпта алдымызда ҰБТ деген сынақ тұрғанда, «сендердің миларыңа өзіміздің миымызды езіп, щприспен кұйсақ та, жүйелі дайындалған оқушыдан оза алмайсыңдар! Сендерді бұл сынақтан алып шығатын тек қана дайындақ!»-деген еді. Ал мен қала өміріндегі сынаққа «дайындықсыз» келген едім.Алматым… Сен маған әр нәрсені тең дәрежеде ойлауға үйреттің. Қоғамдық көлікте көбіне терезе жаққа отырып даладағы көшелерге, адамдарға қарап ойлауды үйреттің. Бұл мен келгелі көп нәрсені үйретті. Егер құлаққап болса да тіпті жақсы. Музыкамен бірге қала туралы талай нәрсені, қала ғана емес, өзің, туған жер, музыка, сабақ бәрін ойлап тастауға болады.Кейде саған, аянышпен де қараймын. Себебі редакцияға 32 автобуспен барғанда, Тәуелсіздік монументінің алдынан өткенде жолдың арғы бетінен  бергі бетіне өткенде талай нәрсені, дәл сол жерді тарихи сәттерді мойымай көтеріп келе жатқаның алып қайран қалам. Кейде монументтің алдынан өтіп бара жатқан шақта сол 1986 жылға кез болғандай да күй кешемін. Тіпті уақыт машинасымен сол жылға барғандай болып кететін кездер де болады. Кейде көпті көрген қарияларға да ұқсайсың. Талай тарихи оқиғалардың куәсіндей едің. Сен қаншама жас буынды қабылдап бауырыңа басатын не деген дархан көңілді қала едің?!Сенің кемшіліктеріңе қарамай жақсы көремін. Соншалықты сүйетінімді менің жастығыма, жеңістеріме, аңғалдығыма, ақымақтығыма куә болған жерлерге барғанда сезінемін. Себебі сен менің Алматымсың!Фото: foto.kazakh.ru
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11