Алмасадам Сәтқалиев жаңа қызметке тағайындалды

Алмасадам Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі жаңа агенттіктің төрағасы болып тағайындалды.
18 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі құрылды.
Алмасадам Сәтқалиев 1970 жылы 31 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Механика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолында бірнеше маңызды қызметтер атқарған. 2007 жылы "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы-президенті болды. 2021 жылдың наурыз айынан бастап "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2023 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды.