Бүгін, 17:10
Алматы әкімдігі 8 наурызда феминистік ұйымдарға митинг өткізуге рұқсат бермеді
Феминистік марш ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, әкімдік 2026 жылдың 7 және 8 наурызында митинг пен шеру өткізуге рұқсат бермеген.
«Барлық төрт шешімде «аталған тақырып бойынша бейбіт жиын кезінде қоғам тәртібін бұзу қаупі бар» деп көрсетілген. Шешімде нақты құқықтық немесе фактологиялық негіздеме жоқ», - делінген ұйымдастыру комитетінің хабарламасында.
Комитет өкілдері қиындықтарға қарамастан дайындықты жалғастыра беретіндерін және әкімдіктің шешіміне шағым түсіретіндерін айтты.