Алматы әкімдігі әйелдің үстіне ағаш бұтағы құлап қаза табуын қайғылы жағдай деп атады

Әкімдікте ағаштың апатты жағдайда болмағанын, ал бұтақтың құлайтынын алдын ала болжау мүмкін емес екенін мәлімдеді.
Алайда куәгерлердің айтуынша, кеше қоршау алынып тасталған бойда оқиға орны – Шарипов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысына – жұмысшылар келіп, ағаштардың қураған бұтақтарын шұғыл кесуге кіріскен. Куәгерлер мұны билік оқиғаның ізін жасыруға тырысуда деп болжады.
Былтыр бұл жерде бір емен, биыл екі терек кесілген еді. Олар ескі әрі қураған болған.
Дегенмен ағаштың ауыр бұтағы өздігінен сынып, әйелді басып өлтіруі әлі де жұмбақ болып отыр.
Айта кетейік, 13 тамызда Алматыда әйелдің үстіне ағаштың ауыр бұтағы құлап, қаза тапты.
Қайғылы жағдай Шарипов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болған. Туыстарының айтуынша, әйел әріптесімен бірге кеңсеге қайтып келе жатқан. Жол бойында ағаштардың бірінің бұтағы сынып түскен сәтте әріптесі шегініп үлгерген, ал екінші әйел оқиға орнында көз жұмған. Әйелдің жасы 27-де еді. Белгілі болғандай, оның артында күйеуі мен кішкентай баласы қалған.