Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:35

Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаровты өлтіріп кетті

 Ержан Бабақұмаров
Фото: ашық дереккөз

30 қазанға қараған түні Астанада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров көз жұмды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, таныстарымен бірге болған отырыс кезінде жанжал туып, соңы төбелеске ұласқан. Нәтижесінде Бабақұмаров қаза тапқан.

Ішкі істер органдарының хабарлауынша, оқиға 30 қазанға қараған түні болған. Түнгі отырыс барысында жиналғандар арасында сөз таласы туып, бір сәтте жанжал төбелеске айналған. Салдарынан 56 жастағы Ержан Бабақұмаров ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

«Астана қаласында 30 қазанға қараған түні 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды. Тергеу барысында марқұмның танысымен арада жанжал болғаны анықталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген Астана қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын растады.

Қалалық полиция департаменті сараптамалық тексерулер тағайындалғанын және іске қатысты басқа тұлғалардың бар-жоғы тексеріліп жатқанын хабарлады.

Ержан Бабақұмаров кім еді?

Ержан Жұматұлы Бабақұмаров — 2019-2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін:

  • Президенттің кеңесшісі;
  • Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары;
  • «Нұр Отан» партиясы төрағасының кеңесшісі;
  • ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінде жетекші лауазымдарда болған.