Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:15, 08 Наурыз 2025

Алматы әуежайында кепілге алынған адамды құтқарған азамат «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Мұса Әбдірайым мен Ерболат Досаев
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев 8 наурызда Мұса Әбдірайымға "Ерлігі үшін" медалін табыстады.

 Бұл марапат оған 7 наурызда Алматы халықаралық әуежайында өз өмірін қатерге тігіп, әйелді кепілге алған қылмыскерді ұстағаны үшін берілді.

Әкімнің айтуынша, Мұса Әблірайым "қатерлі жағдайда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін" марапатталды. Сондай-ақ, оған ақшалай сыйақы да ұсынылды.

Айта кетейік, 7 наурыз күні сағат 11:45 шамасында Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалында күтпеген оқиға болды. Белгісіз ер адам құжаттарын тексермек болған 21 жастағы Ботагөз Мұхтарованы шашынан ұстап, оған пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен.

Қылмыскерді ұстауда жолаушы Мұса Әбдірайым атсалысты. Ол жағдайды бақылап тұрып, жылдам әрекет етіп, Алматы тұрғынынан пышақты тартып алған.

Құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап, оның 67 жастағы Алматы тұрғыны екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, оның 2024 жылдың қарашасында қоғамдық көлікте әйелге шабуыл жасап, жанжал шығарғаны анықталды. Сол оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желіде кең тарады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатыстықылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.