Кеше, 09:54
Алматы маңындағы жол апатынан екі үндістандық студент қаза тапты, үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр
Алматы-Бішкек автожолында Toyota Alphard көлігі апатқа ұшырап, адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, 33 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, салдарынан автокөлік аударылып кеткен.
Көліктің салонында Үндістан Республикасының төрт студенті мен бір турист болған. Зардап шеккендер туралы ақпаратты Үндістанның Астанадағы елшілігі де растады.
Апат салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы үш Үндістан азаматы ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу органдары жол апатының нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.