Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:15

Алматы-Бішкек трассасында қаза болғандар арасында қазақстандық спортшылар бар

Жол апаты
Фото: ЖИ / Жас Алаш

Бұл туралы Арсен Шакуов Facebook-парақшасында жазды. Шакуовтың айтуынша, топ Бішкек қаласынан оралған, ол жақта есту қабілеті төмен футбол ардагерлері арасында турнир өткен.

Қаза болғандар тізімі:

- Дмитрий Мочальский — сурдлимпиадалық чемпион, Еуропа чемпионатының шахматтан жеңімпазы; 
- Асыл Ибраимов — есту қабілеті төмен спортшыларға арналған футбол жаттықтырушысы;
- Сәкен Смағұлов, Сергей Волковинский, Серік Молдашев — футбол ардагерлері, есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы ұлттық құраманың мүшелері.

«Барлығында балалары, немерелері қалды… Мен оларды кішкентайынан білемін, барлығы менің әкемнің ең жақын достары еді… Жандарыңыз тыныштықта болсын, имандарыңыз жолдас болсын!», - деп жазды Шакуов.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, полиция қылмыстық іс қозғады.

Тегтер: