Алматы қаласында «Талдау мектебі. Алматы» жобасына өтінім қабылдау ашылды!
Сен Орталық Азиядағы ең ірі мегаполистің дамуына әсер ете алатын сарапшы болуға дайынсың ба? Қаланың дамуына арналған практикалық шешімдер әзірлеу, стратегиялық ойлау және аналитикалық дағдыларды дамытуға бағытталған бірегей білім беру жобасына қатысуға шақырамыз.
🔍 «Талдау мектебі. Алматы» жобасының мақсаты:
Қалалық ортаның сапасын арттырудан бастап, болашақ экономикасын дамыту, мәдени стратегия мен халықаралық бренд қалыптастыруға дейінгі бағыттарда тұрақты дамуға арналған шешімдер әзірлей алатын кәсіби аналитиктер қауымдастығын қалыптастыру.
Жоба Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы тарапынан ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен жүзеге асырылады және мемлекеттік басқаруда аналитикалық мәдениетті және data-driven тәсілдерді дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
📊 2026 жылдың тақырыбы:
«Data-Driven City: мегаполистің тұрақты дамуы»
📅 Оқу мерзімі:
2026 жылғы 16 мамыр – 20 маусым (6 апта)
📍 Форматы:
Офлайн
🎤 Спикерлер:
Мемлекеттік қайраткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері және Қазақстанның жетекші сарапшылары
🎯 Мақсатты аудитория:
Жоғары білімі бар, кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар және аналитика, стратегиялық ойлау, data-driven тәсілдер саласында дамуға қызығушылық танытатын 40 жасқа дейінгі жас мамандар
❗ Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
* Жоғары білім
* Кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі
* Көрсетілген бағыттардың бірінде құзыреттілік (урбанистика, экология, туризм, цифрлық экономика, креативті индустриялар және т.б.)
* Бағдарлама барысында барлық сабақтарға офлайн қатысу міндетті
📚 Қатысушыларды не күтеді?
• Деректерді жинау және талдаудың қолданбалы әдістерін меңгеру
• Қаланың дамуына қатысты нақты кейстермен жұмыс
• Практикалық ұсыныстары бар аналитикалық материалдар әзірлеу
• Үздік жобаларды қала әкіміне ұсыну мүмкіндігі
👥 Қатысушылар саны:
Барлығы 60 қатысушы іріктеледі
📝 Іріктеу кезеңдері:
• Өтінім қабылдау: 2026 жылғы 26 сәуірге дейін
• Келесі кезеңдер туралы қосымша хабарланады
📌 Қатысу үшін не қажет?
www.jastaralmaty.kz
сайтында өтінім толтыру
Келесі құжаттарды тіркеу:
• Түйіндеме
• Мотивациялық хат
• Ұсыным хат
«Талдау мектебі. Алматы» жобасы — бұл қаланың болашағын қалыптастыратын кәсіби қауымдастықтың бір бөлігіне айналу және Алматының дамуына нақты үлес қосу мүмкіндігі.
📞 Қосымша ақпарат алу үшін: +7 707 514 9193