Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:14, 23 Қаңтар 2024

Алматы қаласында зілзаладан қанша адам зардап шеккені белгілі болды

алматы жер сілкінісі
Фото: из открытых источников

2024 жыл 23 қаңтардың сағат 17:00-дағы жағдай бойынша Алматы қаласының ауруханаларына 67 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 55-сі ересек, 12-ы бала. 

Сегіз адам ауруханаға жатқызылды (үш ересек және 5 бала), қалған науқастар барлық қажетті тексеруден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Үш ересек науқас Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында жатыр. Науқастардың бірі отадан кейін жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Екі науқас травматология және ортопедия бөлімшесінде жатыр, жағдайы орташа ауыр.
Балалар жедел медициналық жәрдем орталығында төрт бала: 6 және 7 айлық, 7 және 16 жастағы балалар медициналық көмек алып жатыр.

"Олардың барлық жарақаты үйде құлау салдарынан болған. Сәбилерге келетін болсақ, бір сәби анасының құшағынан, екіншісі бесіктен құлаған. Барлық баланың жағдайы орташа тұрақты деп бағаланады. Олар нейрохирургия және травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Хирургиялық ота жасалмады, емі консервативті болды", - деп хабарлады Алматы әкімдігі баспасөз қызметі.

ЖРВИ диагнозы қойылған 17 жастағы бір бала Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр.