Бүгін, 09:00
Алматы маңында пойыз бен автобус соғысты
Алматы-Боралдай-Шамалған станциясы бағытындағы теміржол өткелінде жолаушылар автобусы көмір тасып келе жатқан пойызбен соғысқан.
Алматы облысы полициясының мәліметінше, автобус жүргізушісі жол бермеген. Қазір ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жол апаты салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.