Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:42

Алматы маңындағы жиһаз цехында ірі өрт шықты

Е
Фото: скриншот

ТЖД Қарасай ауданының Иргелі ауылындағы жиһаз цехында өрт шыққанын хабарлады.

Бейнежазба авторларының мәліметінше, өрт 7 ақпанға қараған түні, шамамен түн ортасына жақын басталған. Әлеуметтік желілерде базарға апаратын жолдарда ірі кептелістер пайда болғаны көрсетілген видеолар да тарады.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Іргелі ауылындағы бір қабатты жиһаз цехында өрт шыққанын мәлімдеді.

 «Өртті толық сөндіру үшін барлық шаралар қабылдануда. Су үздіксіз жеткізілуде», — деп хабарлады ведомство.

Көп ұзамай өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралу қаупі жойылды.

ТЖМ мәліметінше, 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Тегтер: