17:05, 18 Қазан 2024
Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды
Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов қызметінен босатылды.
Бас прокуратура мәліметінше, олар қылмыстық процесті қадағалау ісінде елеулі кемшіліктер жіберген.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды. Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды, делінген хабарламада.