Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:37

Алматы облысында бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты

Полиция
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы Райымбек ауданындағы Сарыбастау ауылында бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты.

Қайтыс болғандар арасында 1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылы туған әйел және бір жарым жастағы сәби бар.

Куәгердің айтуынша, отбасы қыстауда тұрған. Туыстары екі күн бойы олармен байланыса алмаған. Үйге барып тексеру барысында барлығы қаза тапқанын көрген  соң, полицияға хабар берген.

Олардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 2026 жылғы 2 ақпанда Райымбек ауылдық округі әкімдігінен Сарыбастау ауылындағы шаруа қожалығы аумағында орналасқан жеке тұрғын үйде төрт адамның мәйіті табылғаны жөнінде ақпарат түскен.

«Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Өлім себептерін белгілеу үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиға орнына Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері барған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тегтер: