Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:54

Алматы облысында қызыл кітапқа енген жануарға аңшылық жасау фактісі тіркелді

1
Фото: из открытых источников

Алматы облысында тағы браконьерлік фактісі тіркелді.

Оқиға туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Қарашаның 24-інен 25-іне қараған түні «ПО Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары Алматы облысы Іле ауданындағы Ақши ауылы маңында жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам атқа мініп келе жатқан. Олар оның қолынан Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануардың өлексесін тапты.

«Заңсыз аңшылық жасаған күдікті және алынған заттай айғақтар осы факті бойынша Іле аудандық полиция бөліміне жеткізілді», - делінген комитет хабарламасында.

Ведомство біздің елімізде сирек кездесетін және қорғалатын жануарларды заңсыз өндіру немесе тасымалдау үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Айтпақшы, қазан айында Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында жүргізілген рейд кезінде браконьерлер ұсталғаны белгілі болды. Тексеру барысында кабинадан екі жануар өлексесі мен тегіс ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді.