Алматы облысында көші-қон заңнамасын бұзған 50 шетелдік елден шығарылды
ІІМ мәліметінше, бұзушылықтардың 1037 фактісі анықталған.
– Бұзушылықтардың көпшілігін, яғни 1001 жағдайды ТМД елдерінің азаматтары, тағы 36-сын алыс шетелдердің азаматтары жасады. Негізгі мәселелер рұқсат етілген мерзім аяқталғаннан кейін (449 жағдай) елден уақытылы кетпеу және 10 күннен артық (480 жағдай) кетуден жалтару болды. Сондай-ақ заңсыз еңбек қызметіне байланысты 85 бұзушылық тіркелді, – деді Алматы облысы көші-қон қызметі басқармасының бастығы Рүстем Жарықбасов.
Бұдан басқа, тексеру нәтижесінде шетелдіктерді қабылдаған жеке және заңды тұлғаларды қоса алғанда 237 адам заңнаманы сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
5 күн ішінде 481 адам есепке алынды, ал 23 бұзушы қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Төрт бұзушылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ережеге сәйкес, қабылдаушы тарап үш жұмыс күні ішінде көші-қон органдарын шетелдік азаматтың келгені туралы хабардар етуге міндетті. Әйтпесе, жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылады, ал заңды бұзған шетелдіктер елден шығарылуы мүмкін.