Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:27, 28 Желтоқсан 2025

Алматы тауларынан үш адамның мәйіті табылды

Е
Фото: ашық дереккөз

Алматы тауларында жоғалып кеткен үш азаматтың мәйіті табылды.  Қаза тапқандардың бірінің туысы ағасының екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға кеткенін, содан бері байланысқа шықпағанын айтқан. 

Із-түзсіз кеткен азаматтардың ұялы телефондары 12 сағаттан астам уақыт өшірулі болған.

Іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар пик «Локомотив» маңынан дрон көмегімен алғашқы мәйітті анықтады. Шамамен теңіз деңгейінен 3700 метр биіктікте табылған мәйіт Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі авиациясының көмегімен төмен түсіріліп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Кейін сол топқа тиесілі тағы екі адамның мәйіті табылды.

Құтқару операциясы «Мыңжылқы» бөгеті ауданында құрылған жедел штаб арқылы жүргізілді. Іздеу жұмыстарына Алматы қалалық ТЖД бөлімшелері, қалалық құтқару қызметі, МЧС-тің РОСО жасағы, полиция, альпинизм федерациясы және еріктілер жұмылдырылды. Әуеден барлау жүргізу үшін «Қазавиаспас» тікұшағы тартылған.

Алайда операция аса күрделі жағдайда өтті. Таулы аймақта аяз, оттегінің жетіспеуі, қар көшкіні қаупі және күрделі рельеф құтқару жұмыстарына айтарлықтай кедергі келтірген. Ауа райының қолайсыздығына байланысты іздеу топтары баяу жылжыған, ал кей тұстарда тікұшақтардың көмегі шектеулі болған.

Мәйіттер табылғаннан кейін оларды әуе көлігімен емес, жаяу түрде төмен түсіруге тура келген. Құтқарушылар марқұмдарды Медео құтқару бекетіне дейін жеткізген. Кейін сүйек полицияға тапсырылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі таңда қаза тапқандардың жақындарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиғаның нақты себептері тергеу барысында анықталмақ.

Тегтер: