Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:47, 22 Тамыз 2024

Алматы-Токио жаңа рейсі 2026 жылы іске қосылады

d
Фото: Air Astana

Air Astana және Japan Airlines кодшеринг туралы келісімге қол қойылғанын хабарлады.

Компания мәліметінше, келісім екі әуекомпанияға 2026 жылдың көктемінде іске қосылуы жоспарланған Алматы-Токио жаңа рейсіне өздерінің тиісті кодтарын қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл келісім Қазақстан мен Жапония арасындағы іскерлік және туристік саяхат үшін байланысты жақсартады, сонымен қатар екі ел арасындағы адамдар мен тауарлардың тасымалын ұлғайтады. Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы орнатылған.

Біздің Japan Airlines-пен ынтымақтастығымыз халықаралық желімізді кеңейтетін және тұтынушыларымыз үшін көбірек саяхат нүктелерін ұсынатын үлкен шара. Қазақстан мен Жапония арасында жолаушылар үшін тұрақты тікелей әуе қатынасын ұсыну мүмкіндігін асыға күтеміз.”,- деді Air Astana компаниялар тобының бас атқарушы директоры Питер Фостер.

Ұшу кестесі туралы ақпарат әуекомпаниялардың жоспарлау және билет сату жүйелерін біріктіргеннен кейін қосымша жарияланады.

Айта кетейік, Japan Airlines, Жапонияның алғашқы жекеменшік әуекомпаниясы, 1951 жылы құрылған және oneworld Альянсмүшесі. Әуекомпанияның паркі 227 ұшақтардаң тұрады (2024 жылдың наурыз айында).

Japan Airlines компаниялар тобы және серіктес әуекомпаниялармен бірге әуекомпания 66 елдегі және аймақтағы 384 әуежайға орындалатын кең ішкі және халықаралық желіні ұсынады. 

Тегтер: