Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 21:15

Алматыда 1-курс студенті ҚазҰУ ректоратының 14-қабатынан секіріп кетті

Қазұу
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының Полиция департаменті оқиғаны растады.

30 шілде күні әлеуметтік желіде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орын алған қайғылы оқиға жайлы ақпарат тарады. Алматы қалалық полициясы бұл жағдайды растады, студент қыз ректорлық ғимараттың 14-қабатынан секіріп кеткен.

– Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға тұрмыстық себептер түрткі болған. Азаматтардан жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бір ай бұрын Назарбаев университетінің жатақханасында студент қыз көз жұмған еді

Тегтер: