Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:30

Алматыда 13 жастағы қызды зорлап, ВИЧ жұқтырған адамға үкім шықты

қылмыс
Фото: ашық дереккөз

Алматыда 13 жастағы қызға қатысты зорлық ісі бойынша сот үкімі жарияланды.

Айыпталушы ВИЧ-инфекциясын жұқтырғаны белгілі бола тұра, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы құқық қорғаушы Ляззат Ракишева мәлімдеді.

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот ер адамды аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот үкімінде сотталған адамның өз диагнозын біле тұра, баланың өмірі мен денсаулығына әдейі қауіп төндіргені ерекше атап өтілді.

 «ҚР ҚК 118-бабы ("Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру") бойынша жеке қаулы шығарылды. Сонымен қатар сотталғанның адвокаттары мен ағасына қатысты дәлелдерді бұрмалау ықтималдығына байланысты прокуратура тексеріс жүргізуде», - деді Ракишева.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың 1 қыркүйегінде болған. Күдікті – отбасының жақын танысы, оны үйге қыздың әкесі өзі кіргізген.

Алайда ұсталғаннан кейін жағдай одан әрі күрделенген. Жәбірленуші қыз бірнеше ай бойы психологиялық қысымға ұшыраған.

Айыпталушының туыстары, қорғаушылары, тіпті қыздың өз әкесі де оған «өзі кінәлі» деген ойды сіңіріп, жауаптарын өзгертуге тырысқан. Қызды «оның кесірінен адам түрмеде өліп кетуі мүмкін» деп қорқытып, үнсіз қалуға мәжбүрлеген.

Соған қарамастан, тергеу ер адамның кінәсін толық дәлелдей алды.

Сотталған тарап үкімге 15 күн ішінде шағымдана алады. Алайда құқық қорғаушылар бұл шешім өзгеріссіз қалады деп үміттеніп отыр.

Тегтер: