16:41, 19 Қаңтар 2026
Алматыда 30 млн теңгеге жуық мүлік жымқырды деген күдікпен екі адам ұсталды
Алматы қаласында аса ірі көлемдегі ұрлық фактісі бойынша екі күдікті қамауға алынды.
Полиция мәліметінше, қылмыс күндізгі уақытта жасалған. Күдіктілер әйел адамды байлап, күш қолданамын деп қорқытып, одан зергерлік бұйымдар, бағалы заттар мен қомақты ақша қаражатын алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған мүліктің басым бөлігі жәбірленушіге қайтарылған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз