Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:42, 26 Шілде 2024

Алматыда 7 студенттер жатақханасы пайдалануға беріледі

v
Фото: gov.kz

Алматыда жеке инвестициялар есебінен 4 010 төсек-орынға арналған 7 жатақхананың құрылысы жүріп жатыр. 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлауынша, жаңа оқу жылында 130 төсек-орынға арналған студенттік жатақхана ашылады, онда педагогикалық мамандығы бар ұлттық жоғары оқу орындарының студенттері тұратын болады. Заманауи барлық жағдайы жасалған жатақхана бұрынғы ғимаратты қайта құру арқылы жасалды.

Құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстары аяқталды. Барлық қажетті жиһаздар мен жабдықтар сатып алынды. Нысан ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі.

Студенттерді жатақханаға орналастыру тамыз айының ортасында жоспарлануда.

Тегтер: