Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:55, 08 Қараша 2024

Алматыда адам өліміне әкелген автобус апатына қатысты ашық сот отырысы басталды

1
Фото: ашық дереккөз

Алматының Алмалы аудандық сотында маусым айындағы автобус апаты кезіндегі адам өліміне қатысты оқиғаға қатысты ашық сот отырысы басталды. 

Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, 25 жолаушы әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Бүгін қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті. Сотта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған әрекеті үшін деп әйел айыпталып жатыр. 

Алдын ала сот отырысында судья адвокаттардың бірден прокурорға, одан кейін сотқа жіберілген қылмыстық іс материалдарымен танысуға уақыты болмағандықтан, оларға танысу үшін қосымша уақыт берілетінін мәлімдеді.

 Ашық сот отырысы 19 қарашаға сағат 10:30-ға тағайындалды.

Еске сала кетейік, KIA көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, 18-ші бағыттағы автобуспен соғысып, артынша автобус ғимаратқа  соғылған. Оқиға салдарынан 25 адам зардап шекті, бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккендердің арасында 14 пен 16 жас аралығындағы үш жасөспірім бар.

Тегтер: