Алматыда автобус апаты: зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр

Автобуспен болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 50 жастағы әйелдің сүйектері жарақаттанып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Әйелдің жағдайы әртүрлі жарақаттар мен шоктың қосындысынан асқынып кеткені айтылады.
Тағы бір 55 жастағы ер адам жабық бас-ми жарақатын алып, нейрохирургия бөліміне жатқызылды.
Жабық бас жарақаты мен миы шайқалған 36 жастағы автобус жүргізушісі де нейрохирургия бөліміне жатқызылды.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен бала N2 қалалық балалар ауруханасында қаралып, оған сол жақ тізе буынының жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозы қойылып, гипс салынды. Бала амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, науқастарға барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі.
Еске сала кетейік, Алматыдағы Райымбек даңғылында автобус адамдарды қағып кеткен болатын. Салдарынан жедел медициналық қызмет келгенше үш адам көз жұмды. Кем дегенде тағы төрт адам жарақат алды.
Полицияның мәліметінше, 22 желтоқсан күні сағат 18:15-те 47-бағыттағы автобуста жолаушы жанжал салдарынан есінен танып, көлікті басқара алмай қалған жүргізушіні, әйелді қағып кеткен. Басқарудан шығып кеткен автобус аялдама маңында адамдармен соқтығысты, сонымен қатар төрт көлік соқтығысты.