Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
21:16, 22 Желтоқсан 2023

Алматыда автобус қағып зардап шеккен адамдардың жағдайы белгілі болды

автобус
Фото: из открытых источников

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы  7- аурухана маңындағы апат салдарынан зардап шеккен жолаушылардың жағдайы туралы айтты.

"Апат салдарынан 7 адам зардап шеккен. Жедел медициналық қызмет келгенше үшеуі қайтыс болды. Үш ересек адамға жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы, біреуіне сол жақ жамбас сүйегінің сынығы диагнозы қойылып N7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Төртінші зардап шеккен 15 жастағы бала сол табан сүйектерінің сынуы диагнозымен N2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендерге психологиялық көмекті қосп, барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр" - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қалқаманда 47-автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды: 3 адам қаза тапты.

Алматы қалалық полиция департаменті бүгін, 2023 жылдың 22 желтоқсанында сағат 18:15-те 47-бағыттағы (жеке тасымалдаушы – «ДуманТрансКом» ЖШС) автобуста жолаушы жанжал шығарып,салдарынан әйел жүргізушіні басынан ұрып, есінен тандырып тастағанын хабарлады.

Басқарудан шығып кеткен автобус аялдама маңында адамдармен қаққан, сонымен қатар төрт көлік апаты орын алды.

Осы оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы төрт адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Автобус жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тегтер: