Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:15, 04 Тамыз 2025

Алматыда балалар үйінің екі тәрбиеленушісі тағы да жоғалып кетті

Үйі
Фото: ашық дереккөз

Алматыда №1 балалар үйінің екі тәрбиеленушісі – 2009 жылы туған Кристина Белгородская мен 2010 жылы туған Маргарита Черепанова  жоғалып кеткен.

Еріктілердің айтуынша, оқиға 18 шілдеде Бағанашыл ықшам ауданында орналасқан балалар үйінде болған. Таңертең екі қыз мекемеден өз еркімен шығып кетіп, содан бері байланысқа шықпаған.

Үйі
Фото: балалар үйінен

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі таңда Бостандық аудандық полиция басқармасы оларды іздеп жатыр. Қыздардың жоғалу дерегі бойынша жедел іздеу шаралары басталған.

Айта кетерлігі, бұл оқиға аталған қыздардың мекемеден алғаш рет кетуі емес. Бұған дейін де олар бірнеше мәрте балалар үйінен өз бетінше кетіп қалған, бірақ әр жолы тәртіп сақшыларының көмегімен табылып, мекемеге қайта оралған.

"Бұған дейін де тәрбиленушілер бірнеше рет мекемеден өз еркімен шығып кеткен. Әр жолы олардың орналасқан жері анықталып, полиция қызметкерлерінің көмегімен мекемеге қайтарылған. Қазіргі уақытта олардың қайда екенін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Полиция мен еріктілер тұрғындарды егер қыздар туралы қандай да бір ақпарат білсе, бірден құқық қорғау органдарына хабарласуын сұрайды. Жоғалған балалардың туыстары немесе таныстары туралы мәлімет әзірге жарияланған жоқ.

Тегтер: