Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:15

Алматыда белсенді қазақ мектебін талап еткені үшін 15 күнге қамалды

1
Фото: ашық дереккөз

Алматы әкімшілік соты белсенді Дархан Ардақұлын 15 тәулікке қамады.

 Ол Бостандық ауданында ашылғалы жатқан №215 мектептің қазақ мектебі болуын талап еткен. Сот Ардақұлын «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деп айыптады.

Мені 15 күнге соттап жіберді, 488 бап, 7 тармақ бойынша “мектепке барамыз” деген сөзімді митингке шақырдың деп айыптады. №215 мектеп қазақ болуын талап етемін. Ешнәрсеге өкінбеймін”, - деп жазды белсенді Facebook парақшасында.

Жаңа мектепті қазақ тілінде ашуды қалаған ата-аналар мұнда қазақ мектебі жетіспейтінін алға тартса, басқа бір бөлігі аралас мектеп болғанын құптайды. Білім басқармасы шешім ата-аналардың сұранысына қарай қабылданатынын мәлімдеді.

Қаладағы ресми дерек бойынша, Алматыдағы 215 мемлекеттік мектептің 77-сі қазақ тілінде, 57-сі орыс тілінде, 78-і аралас, 3-і ұйғыр тілінде оқытады.

Тегтер: