Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:16, 11 Шілде 2024

Алматыда бейбіт жиындар өткізудің орны мен тәртібі өзгеруі мүмкін

а
Фото: tirek.info

Алматыда бейбіт жиындарды өткізу орындарының тізімі мен оларды пайдалану тәртібі өзгеруі мүмкін. 

Бұған дейін қаладағы белсенді азаматтар бейбіт митингті Уәлиханов атындағы саябақта өткізіп келген. Әкімдік неліктен Уәлиханов атындағы саябақта бейбіт митингілерге тыйым салғысы келетінін түсіндірді.

«Тікелей маңайда бөтен адамдар мен адамдар топтарының, оның ішінде бейбіт жиналыстар, шерулер, пикеттер және басқа да акцияларды ұйымдастыратындардың болуы салдарынан қызметіне әсер етуі мүмкін аумақтардың, объектілердің барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейбіт митинг өткізетін орынды Шоқан Уәлиханов атындағы саябақтан (1000 адамдық) Амангелді Иманов атындағы саябаққа (500 адамдық) көшіру қажет», - делінген Алматы қаласы мәслихатының түсіндірме хатында.

Әкімдіктің мәліметінше, cаябақта кездесулер кезінде Абай және Достық даңғылдары кептеліске айналады. Бұл да жақын маңдағы тұрғындарға қолайсыздық туғызады.

Сонымен қатар, Шевченко көшесінің бойында болатын шеру маршрутының орнына Гагарин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін, Жамбыл көшесінің бойындағы жаңа бағытты бекіту ұсынылған. Аталған көшенің «кептелісі аз, көлік қозғалысына айтарлықтай шектеулер жоқ» екені айтылған.

Тегтер: