Алматыда бір түнде ауа райының қолайсыздығынан бірнеше жол апаты болды
Ауа райының нашарлауына байланысты Алматыда патрульдердің саны артты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Алматыдағы Сайн көшесінде ірі жол апаты болды. Полицейлердің мәліметінше, қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 262 патрульдік көлікте 611 полиция қызметкері тәулік бойы кезекшілік етуде.
«Сағат 20:00-ден 06:00-ге дейін Жедел басқару орталығына жол-көлік оқиғасы туралы 52 қоңырау түсті, оның 18-і зардап шеккендер», - деді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Оның айтуынша, қыста көлік жүргізуде белгілі бір қиындықтар туындайды.
Сондықтан полицей жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты шектен асырмауға, тежегіш педалін қатты баспауға және ең бастысы басқа да жол қозғалысына қатысушыларды орындалатын маневр туралы алдын ала ескертуге шақырды.
Сонымен қатар, полицейлер көліктердің дөңгелектерін уақытылы ауыстыру қажеттігін еске салды.