Алматыда электросамокатшыларға қарсы петиция жарияланды

Алматыда электросамокат мінушілердің, соның ішінде кәмелетке толмағандардың да жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатыны анықталды.
Ресми мәліметке сүйенсек, 2025 жылдың басынан бері мегаполисте электросамокат пайдаланушылары тарапынан 11 922 құқық бұзушылық тіркелген. Тек кейінгі тәуліктің өзінде 1 076 факт анықталыпты. Олардың басым бөлігі – жол қозғалысы ережесін сақтамау.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері балалардың самокат айдауына қатысты 5 жағдайды әшкерелеген. Ата-аналарына қауіпсіздікті қамтамасыз етпегені үшін айыппұл салынған. Бұл – тек ресми тіркелген деректер. Шын мәнінде заң бұзушылық саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін.
Рейд кезінде тәртіп сақшылары самокаттардың тротуарға бей-берекет тасталу фактілерін де анықтады. Бұл жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін қауіп тудырады. Нәтижесінде 69 электросамокат арнайы айып тұрағына қойылған.
Осыған байланысты epetition.kz сайтында «Қауіпті самокаттарды жалға беруді тоқтатыңдар» атты петиция пайда жарияланды.