Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:47, 24 Қазан 2024

Алматыда есірткі құралдарын жарнамалаған 16 телеграм - арна бұғатталды

а
Фото: lifehacker
Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдары мен психотроптық заттар жарнамаланып, таратылатын 16 телеграм-арнаны бұғаттады.

Тексеру барысында қатысушыларға тыйым салынған заттарды сатып алу мүмкіндігімен қатар«закладчик» жұмысы ұсынылғаны анықталды. Нәтижесінде сот Медеу ауданы прокурорының тыйым салынған ресурстарды бұғаттау туралы талабын қанағаттандырды, олардың қызметі тоқтатылды, делінген хабарламада.

Кінәлі тұлғаларды белгіленген жауапкершілікке тарту мақсатында қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап (есірткіқұралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау), одан әрі тергеу үшін полицияға жолдады.