Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:15

Алматыда Forbes тізіміне енген кәсіпкер тұтқындалды

Игорь Ем
Игорь Ем. Фото: Андрей Лунин

Қазақстанда алғаш рет Forbes журналының «30 жасқа дейінгі 30 үздік» тізіміне кірген адам қамауға алынды.

Алматыда төлем жүйелері мен цифрлық транзакцияларды өңдеу саласында жұмыс істейтін OneVision компаниясының негізін қалаушы Игорь Ем тұтқынға алынған.

Тергеу нұсқасы бойынша, OneVision құрылымдары арқылы Қазақстанда «Бонами» атауымен жұмыс істеген тыйым салынған Pin Up онлайн-казиносының қаражаты өтуі мүмкін болған.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қазақстандықтар бұл платформаларда жалпы 600 млрд теңге көлемінде қаржы ұтылған.

Қазіргі уақытта кәсіпкер қамауда, ал тергеу – дереккөздердің айтуынша заңсыз онлайн-ойындарға қатысы бар басқа компанияларды да қамтуы ықтимал.

Тегтер: