Бүгін, 15:41
Алматыда қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты сот шешімі шықты
19 наурыз күні тергеу соты оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдап, екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы журналист Вадим Борейко адвокат Диас Ахметовке сілтеме жасап хабарлады.
Қорғаушының айтуынша, Бокаевтың туыстары кепілдікке тұрып, жеңілдеу бұлтартпау шарасын қолдануды сұраған. Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмаған.
Қазіргі таңда Санжар Бокаев Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаментінің тергеу изоляторына қамалды.
Іс бойынша өзге мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.
Еске салайық, 18 наурыз күні Санжар Бокаев Алматыда ұсталған еді.