Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:45

Алматыда қоқыс алаңынан терісі сыпырылған жануарлардың сүйектері табылды

1
Фото: ашық дереккөз

9 наурыз күні Алматы қаласының бір шағынауданында қоқыс алаңынан терісі сыпырылған жануарлардың сүйектері табылды.

 Олардың арасында 8 иттің денесі, түлкілердің бастары, қалдықтарға толы қаптар және аң терісінің қалдықтары болған.

Instagram желісіндегі бір жоба парақшасында жарияланған видеода терісы алынған жануарлардың қалдықтары қоқыс контейнерлерінің маңына шашылып жатқанын көруге болады.

Жергілікті тұрғынның айтуынша:

  • 8 иттің денесі,

  • түлкілердің бастары,

  • жануар қалдықтары салынған қаптар,

  • көп мөлшерде аң терісінің қалдықтары табылған.

Сонымен қатар кейбір жануарлардың тұмсығы кесілген болуы мүмкін екені айтылды.

Тұрғындардың болжамынша, жануарлардың қалдықтары көлікпен әкелінген, себебі оқиға орнында дөңгелек іздері қалған.

Жануарларды қорғаушылардың мәліметінше, бұл қалдықтар Алматы қаласының Алатау ауданындағы Самғау шағынауданы, Көкөрай көшесіндегі қоқыс алаңынан табылған.

Зооқорғаушылар тексеру талап етті

Зооқорғаушылар қазақстандықтарды оқиға бойынша толық тексеру жүргізуді талап етуге шақырды. Олар:

  • жануарлардың өлім себебін анықтау,

  • бейнебақылау камераларын тексеру,

  • ветеринарлық сараптама жүргізу,

  • қалдықтардың қайдан пайда болғанын анықтау

қажет екенін айтты.

Сондай-ақ азаматтарды мемлекеттік органдарға арналған e-Otinish порталы арқылы өтініш жолдауға шақырды.

Полиция іс қозғады

Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Полиция мұндай жағдайлар ерекше бақылауда екенін және барлық мән-жай заң аясында мұқият тексерілетінін мәлімдеді.

Тегтер: