Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр
Air Astana әуе компаниясы 4 қаңтар күні Астана қаласындағы қолайсыз ауа райына байланысты рейстердің кешігуі мен кестедегі өзгерістер жалғасып жатқанын хабарлады.
Әуе тасымалдаушысының бұған дейінгі ақпаратына сәйкес, 3 қаңтардан 4 қаңтарға қараған түні Алматыдан орындалатын, Airbus A320neo әуе кемелерімен ұшатын бірқатар рейстер ауа райына байланысты кешіккен. Нақтырақ айтқанда, қатты суықтан пайда болған тұман және көріну қашықтығының 150 метрден төмендеуі ұшып-қону қауіпсіздігіне әсер еткен.
"Компания рейстер кестесін қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда, соның ішінде FlyArystan әуе компаниясының резервтік ұшағын тарту жоспарланған", - делінген хабарламада.
Әуе компаниясы жолаушыларға әуежайға жолға шығар алдында рейс мәртебесін авиакомпанияның ресми сайтынан тексеруді ұсынады.
Қолайсыз ауа райы сақталған жағдайда кестеде қосымша өзгерістер болуы мүмкін.