Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:07

Алматыда «қорғаушылықпен» айналысқан қылмыстық әлем өкілдері ұсталды

1
Фото: из открытых источников

Алматыда ҰҚКД қызметкерлері  жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде прокуратураның келісуімен бейресми қызметкерлері қылмыстық ортаның өкілдері болып табылатын күзет компаниясының заңсыз әрекеттері жойылды.

Қылмыстық әлем өкілдері жанжалды жағдайлар мен арандатушылықтарды тудыру арқылы кейіннен «қауіпсіздікті» жүзеге асырған объектілерді басып алумен айналысқан.

Мәселен, өткен жылдың 23 қарашасында сотталушылар қылмыстық патронат және ықпал ету аясын кеңейту мақсатында караоке-барға кіріп, мекеменің иесі мен күзетшілерін соққыға жыққан.

"Қылмыстық топтың 10 мүшесі полицияға жеткізілді, оның алтауы қамауға алынды. 20-дан астам жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Атыс қаруы мен жүзді қару тәркіленді. Бірнеше бұзақылық және қиянат жасау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Тегтер: