Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:20

Алматыда көрнекті тұлға Нұртас Оңдасыновтың құрметіне дәрісхана ашылды

Нұртас Оңдасынов
Фото: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалықуниверситетінде көрнекті мемлекет және қоғамқайраткері, ағартушы, ғалым НұртасДәндібайұлы Оңдасыновты еске алуға арналған«Оңдасынов оқулары» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шара аясында университет қабырғасында НұртасОңдасыновтың құрметіне арналған дәрісханасалтанатты түрде ашылды. Жаңа дәрісхананың қызыл лентасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері QyzPU түлегі Асылы Осман, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, нұртастанушы Гүлсім Оразалықызы және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мүшесі, химия ғылымдарының докторы, профессор Абдуали Баешович қиды.

Конференцияға Басқарама Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай, профессорлық-оқытушылық құрам, студенттер, сондай-ақ танымал ғалымдар мен Оңдасынов әулетінің өкілдері қатысты. Іс-шара Нұртас Оңдасыновқа арналған естелік тақтаға гүл қою рәсімімен басталды.

QyzPU ректоры Гүлмира Қанай өз сөзінде: «Бүгінгі «Оңдасынов оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы – дәстүрге айналатын тағылымды бастамалардың бірі. Конференция жыл сайын университетімізде тұрақты түрде өткізіліп, ғылым мен білімнің дамуына үлкен үлес қоспақ. Конференция аясында білім беру мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы маңызды мәселелер талқыланады.Бүгінгі шара – қазақ қыздарының білім алу жолындағы күрескер тұлғаға көрсетілген құрмет пен тағзымның айқын көрінісі», – деді.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жарқынбике дәрісхананың ашылуы туралы былай деп атап өтті: «Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаушылардың бірі болған мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың құрметіне дәрісхана ашылды. Сол дәрісханаға ғалымның өмірбаяны, шығармашылығы және тіл мен әдебиет саласына сіңірген еңбегі жөнінде көптеген мәлімет берілді. Бұл – болашақ мамандарымыз үшін үлкен үлгі, мол рухани байлық».

Конференция барысында қатысушылар әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, әсіресе білім беру саласындағы өзекті тақырыптарды талқылады. Сонымен қатар қазақ мемлекетінің дамуына зор үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың өмір жолы мен еңбегі кеңінен қарастырылды.

«Қаншама еңбектің нәтижесінде сол кездегіҚазақ мемлекеттік қыздар педагогикалықинститутының ашылуына рұқсат алған – Нұртас Оңдасынов. Оны дәлелдейтін құжаттарбізде бар. Өзінің тебірене тұрып айтқан бір сөзібар: «Балам, сен білесің бе? Мен бірінші рет солинституттан қыздардың білім алып, қолдарынадиплом алып, шалғайдағы ауылдарғааттанғанын көргенде, менің тебіренгенімдібілесің бе?», – деп көзіне жас алатын. Қазір міне, осы білім ордасынан бірталай білімді қыздар, көрнекті тұлғалар шықты. Мұның бәрі Нұртас Оңдасыновтың арқасы десем, артық айтқанымемес», – деді нұртастанушы Гүлсім Оразалықызы.

Бұл шара – ғылыми пікір алмасумен қатар, жасұрпаққа тағылым беретін маңызды алаң болды. Мұндай басқосулар ғылым мен білім саласындағыынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық рухтыкөтеруге және мәдени-тарихи мұраны сақтауғаүлкен үлес қосады.

Тегтер: