Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 16:00

Алматыда құжаты толық емес 36 тұрғын үй кешені жарияланды

1
Фото: из открытых источников

Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы пәтер алмауға кеңес берілетін тұрғын-үй кешендерінің жаңартылған тізімін жариялады. Басқарма мәліметінше, тізімге 36 тұрғын үй кешені енген.

“Тізім құрылысқа рұқсат беру құжаттарының толық пакеті жоқ, сондай-ақ жобадан ауытқулармен және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешендерімен (ТК) толықтырылды. Айта кету керек, тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді. Басқарманың ақпаратына сәйкес, осындай ТК бойынша ұсыныстар интернет-ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады” делінген хабарламада.

1
Фото: из открытых источников

Басқармадағылар азаматтрады жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp +7 705 896 60 00 анықтамалық арнасы бойынша ТК құжаттарының толық пакетінің бар екеніне көз жеткізіп алуға кеңес береді.

Тегтер: