Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:41

Алматыда маусым басталған күні-ақ электросамокаттарды эвакуатор жинап алып кетті

самокат
Фото: sxodim.com

Алматыда электросамокаттар маусымын басталды. Қала көшелеріне жаңа шыққан самокаттар бір күн өтпей жатып-ақ оны эвакуаторлар алып кете бастады.

Бұл жаңалыққа қала тұрғындары әртүрлі реакция білдірді: бір бөлігі кептелісте тиімді балама көлік ретінде қуана қабылдаса, енді бірі тротуардағы ретсіздік қайта күшейетінін айтты.

Алайда самокаттардың едәуір бөлігі бір күн де жұмыс істеп үлгермеді. Қала тұрғындарының айтуынша, жол қиылыстарына қойылған құрылғыларды эвакуаторлар жедел түрде жинап әкете бастаған.

Алматы әкімдігі бұл жағдайға қатысы барын жоққа шығарды. Соған қарамастан, қалаға тиесілі «Алматы паркинг» компаниясы Jet, Bolt және Yandex Go сервистеріне тиесілі самокаттарды жинауды жалғастырған.

Компания өкілдері бұл әрекетті Алматы қалалық полиция департаментінің тапсырмасымен түсіндірген.

Алайда полиция департаменті ресми түсініктеме бермеген.

Еске салайық, 2026 жылы Алматыда электросамокаттар маусымын 1 наурызда бастау жоспарланған еді. Алайда қала билігі ауа райы мен қауіпсіздік тәуекелдерін алға тартып, бұған келіспей қойған.

 2026 жылғы 1 шілдеден бастап электросамокаттар ресми түрде көлік құралы ретінде танылады. Сондай-ақ оларды сақтандыру міндеттеліп, компанияларға дұрыс қойылмаған самокаттарды уақытында жинамағаны үшін жауапкершілік жүктелмек.