Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:10

Алматыда мемлекеттік мектепте сабақ тіліне қатысты жанжал шықты

1
Фото: скриншот

20 қазанда Алматыдағы №224 мектеп оқушыларының ата-аналары ғимараттың сыртына жиналып, сабақ қазақ тілінде болуын талап етті. Мектептегі оқыту тіліне қатысты жанжал әлі өршіп тұр. 

Алдын ала дерек бойынша, ата-аналар мектеп директоры Райза Ахметоваға өз талаптарын жеткізіп жатқанда, өзін Алтынай деп таныстырған әйел оларға қарсы шыққан. Әйелдің пікірінше, №224 мектеп аралас тілді мектеп болуы керек. Осы пікірден кейін арада үлкен жанжал басталған, ата-аналар әйелді «арандатушы» деп атады.


«Қазақстандағы ең үлкен мектепті қазақша ашуға не кедергі? Осы мектепті үлкен етіп салудағы мақсат келешек ұрпаққа қазақ тілін дәріптеу еді ғой. Жыл басында жоспар бойынша қазақ тілінде білім беретіні айтылған еді», - дейді ата-аналар.

Мектеп директоры Райза Ахметова әлі түпкілікті шешім қабылданбағанын мәлімдеген. Алматы қалалық Білім басқармасы да бұл мәселеге қатысты нақты шешім қабылдамаған. Олардың баспасөз қызметі ата-аналардан өтініштерді қабылдау 28 қазанда басталатынын ескертті. Демек, мәселе әлі шешілмеген күйінде қалып отыр.