Алматыда Мұқанов көшесін кеңейту мақсатында жер иеліктері мәжбүрлі түрде алынады
Алматыда Мұқанов көшесін кеңейту жұмыстарын жалғастыру үшін "Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы" қаулысы қабылдады.
Тиісті шешім 2024 жылдың 31 қазанында қабылданды. Жер телімдерін алу қаланың Алмалы ауданында, Мұқанов көшесінің Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігінде жүргізіледі. Қаулыға сәйкес, мәжбүрлеп иеліктен шығару 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс.
Тәркілеуге жататын жылжымайтын мүліктің иелері өтемақы төлеу және одан әрі әрекет ету мәселелері бойынша Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кабинет мекенжайы бойынша кеңсеге хабарласа алады.
«Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне меншік иелерін хабардар етіп, заңға сәйкес өтемақы төлеуді қамтамасыз ету тапсырылды. Аталған процес аяқталғаннан кейін жер телімдері Алматы қалалық мобильділік басқармасының балансына беріледі.